254
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының дамуы
Ешмухамбетов Р.Н.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясы, Астана қ.
Е-mail:
rus_29.10@mail.ru
Жастар – қоғамдық өзгерістердің басты факторы. Бұл қоғамның саяси,
экономикалық және әлеуметтік салаларын айқындайтын күш, сондай-ақ заманауи
әлеуметтік рухани мәдениеттің даму факторы болып табылады.
Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жастардың білім деңгейіне, олардың
құндылықтарына, әлеуметтік белсенділігіне, тәртіп үлгісіне және де олардың қоғамдық
процестерге бейімделуіне тәуелді. Заманауи жағдайларда өмір сүріп жатқан жастар мінез-
құлық стереотиптерінің күйреген, әрдайым бірқалыпты өтпейтін әлеуметтік-
экономикалық және қоғамдық өзгерістердің кезеңінде есейді. Сондықтан, бүгінгі таңда
жастардың кім екендігі, олардың әлеуеті туралы сұрақтар аса өзекті.
Жастар - бұл жас сипаттамаларының кешені, әлеуметтік орны, және де әлеуметтік-
психологиялық қасиеттері негізіндегі әлеуметтік-демографиялықтоп. 2015жылдың 9
ақпанында қабылданған Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты
туралы» заңына сәйкес жастар - он төрт пен жиырма тоғыз жас аралығындағы азаматтар
болып табылады. Статистикалық құжаттарға сәйкес жастар келесідей үш топта
көрсетілген: 14-18 жас - кіші, 19-23 жас - орта, 24-28 (қоса алғанда) санаттары үлкен
жастар.
Әлеуметтік топ ретінде жастардың ерекшелігі-өтпелі кезеңінде, әлеуметтік
мобилдіктің жоғары деңгейінде, статустың өзгеруімен байланысты жаңа әлеуметтік
рөлдерді (студент, азамат, отбасылы) игеруінде, өмірде өз орнын белсенді іздеуде,
нормалар мен құндылықтаржүйесінің қалыптасуында деп түйінделген.
Қазіргі заман қоғамында жас адам тұлғасының қоғамда өз орнын белгілеу және
өзін-өзі тануы мәселесі - мемлекет үшін өзекті және басым міндеттердің бірі.
Қазіргі таңда жаңа бағдарларға, сәттілікке қол жеткізудің құндылықтық
ұстанымдарына, рационалды экономикалық қабілетке иежастардыңжаңа тобының
қалыптасу процесі жүріп жатқандығын айта аламыз.
Жастардың қоғам үшін маңыздылығы өте жоғары, бұл адами капиталдың ең
бастысы - қоғамның инновациялықжәне стратегиялық ресурсы. Жастар - өз дамуының әр
сатысында өзін ұдайы өндіретін қоғам тарихының субъектісі, мұны екінші орынға
жылжытуға
болмайды.
Әлеуметтік-экономикалық
өзгерістердің
басталуымен
қазақстандық жастар әр жас адамнан тұлғалық дүниетаным мен өмірінде соған жүгінуді
талап ететін жаңа міндеттерді шешуі тиіс.
Қазақстан Президенті Н.Э. Назарбаев бастамасымен қабылданған «Қазақстан -
2050» стратегиясында, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек
Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласы мен басқа да стратегиялық
құжаттарда
жастар
саясатының
негізгі
басымдықтары
айқын
көрсетіліп,
модернизацияланып жатқан Қазақстанның іргелі ресурсы -жастарға үлкен үміт пен
жауапкершілікартылып отыр.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Статистика
комитетінің ақпаратына сәйкес, 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 2016 жылдың
басында 4 099 653 адамды құрады.
2016 жылдың басындағы негізгіжастоптары санының қатынасы: 14-18 жас - 27,1%;
19-23 жас - 33,2%; 24-29 жас-39,7%.
Жастардың топ көрсеткіштерінің ішінде ең көп үлесті үлкен 24-29 жас
аралығындағылар алады.
255
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
2016 жылдың басындағы қала тұрғындарының арасындағы жастар үлесі ауыл
жастарынан көп, сәйкесінше 56,6% және 43,4% құрайды.
Жастардың қалада өмір сүруге деген талпынысы ауыл жастарынан артық
болуымен айқындалады. Бұл жағдай ең алдымен жастардың білім мен еңбек
мақсаттарына байланысты[1].
Қазақстанда Жастар саясаты Қазақстан Республикасының № 285-V заңы аясында
2015 жылдың 9 ақпанында қабылданған «Мемлекеттік жастар саясаты туралы», 2013
жылы 27 ақпанда Үкімет қабылдаған 2020 жылға дейінгі «Казақстан 2020: болашаққа
жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар туралы тұжырымдамасы және т.б.
жүзеге асады.
«Мемлекеттік жастар саясаты» туралы заңының мақсаты жастардың рухани,
мәдени, білім беру, кәсіби және табиғи дамудың толық жағдайын жасаумен қатар шешім
қабылдауға қатысуға, толық әлеуметтенуге және олардың қабілетін болашақта елдің
дамуына бағыттау болып табылады.
Жастар саясатын тиімді жүзеге асыру үшін Заң мемлекетті жастардың
қызығушылығына тұрақты қатысуына, жастармен бірге атқарылатын қоғамдық-саяси
институттардың қызметін реттеу және мазмұнын анықтау, жастар саясаты аясында ортақ
принциптерді басқару, басқа заңдармен және заңға қосымша актілермен басқарылуын
болжайды.
«Жастардың Республикалық және аймақтық форумы» 20-бапқа сәйкес,
республикалық форум мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және құрылу механизмі
сипатында анықталды. Жастардың республикалық форумы - жастар мен мемлекеттік
ұйымдар арасындағы жалпы ұлттық өзара қатынастың қалыптасуын қамтамасыз етуге,
мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысында мемлекеттік ұйым мен жастардың
өзара әрекетіне қатысты сұрақтарға жауап іздеумен айналысады.
Республикалық форум жастарға, жастардың ұйымына мемлекеттік жастар саясатын
жүзеге асыруда шешім қабылдауға мүмкіндік жасайды және мемлекеттік жастар саясатын
жүзеге асыруда пікірлесуді қамтамасыз етеді және оның жетілуіне сипаттаманы ұсынуға
жағдай жасайды.
Жастардың аймақтық форумы жастар мен жергілікті атқарушы органдар
арасындағы аймақтық өзара әрекеттің қалыптасуы мақсатында жүзеге асады.
«Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы консультативтік-кеңесші органдар» 21
бапқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты туралы
Кеңесі консультативті-кеңесші орган болып табылады, қызметтің тәртібін және
ұйымдастырылуын Қазақстан Республикасының Президенті анықтайды және әртүрлі
деңгейдегі әкімдіктер қызмет атқарады.
Консультативті-кеңесші органдар 14-29 жас аралығындағы жастардың құқықтары
мен еркіндіктерін қорғауға қатысты мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуын
талдауға және жастарға олардың құқықтары мен қызығушы-лықтарына қатысты
мәселелерді шешуге мүм-кіндік беруге бағытталған. Жергілікті деңгейде жастар
мәселесіне әкімдіктің барлық деңгейінде Кеңес құрылған еді. Кеңестің жұмысшы органы
Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының аймақтық жастар саясатының
мәселелерін басқару қызметімен анықталды.
Консультативті-кеңесші органдардың негізгі қызмет саласы жастар ұйымдарының
және жастар бірлестіктерінің ақпараттық-насихаттау және түсіндірме жұмыстарына
негізделген болатын. Мәселен: жас кәсіпкерлердің дамуы мен қолдау жасау, студенттік
құрылыс отрядтарының дамуы және «Жасыл Ел» қолдау бағдарламасы, «Дипломмен
ауылға», «Жұмыспен қамту 2020», ауылдық жастар ұйымдарына жастар саясаты
саласында әлеуметтік қызметті жүзеге асыру мақсатында қызмет сапасын көтеру және
дамытуға байланысты семинар жұмыстары жүргізіледі.
Жастар ұйымы мемлекеттік саясат төңірегінде институттық қызметті дайындайды.