136
Шешімді
қабылдауды
қолдау
жүйелері.
Басқарушылық
шешімдерді қабылдау кезінде қажетті деректерді беру үшін
қолданылатын ақпараттық жүйелер негізгі элемент ретінде деректер
қоймасын пайдаланады. Осындай жүйелерOLAP (On-Line Analysis Pro-
сеssing) шартты белгіні алды.
Кəдімгі деректер қорынан айырмасы, деректер қоймасына түрлі
көздерден алынған ақпарат орналастырылады. Деректер қоймасында
орындалатын негізгі операция — жаңа деректерді қосу. Деректер
үлкен блоктармен үлкен интервалмен қосылады. Бұл ретте түрлі
көздерден түсетін деректер өңделуі жəне жалпы форматқа келтірілуі
тиіс.
Деректер қоймасы технологиясын пайдалану:
а) басқарушылық
шешімдерді
қабылдау
үшін
жүйенің
пайдаланушыларын қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз ету;
б) ұйым деректерінің
моделін құру;
в) түрлі ақпаратқа қол жеткізу үшін ықпалдастырылған деректер
көзін құру.
Деректер қоймасында жиналған ақпараттың мынадай ерекшеліктері
болуы тиіс:
•
Ішінде мəндік жүйенің сенімді сипаттамасы болуы тиіс;
•
ықпалдастырылған деректерді, яғни түрлі көздерден жиналған
жəне бір форматқа келтірілген
деректерді қамтуы тиіс;
•
деректер
өздері өзгермейді, қоймаға тек жаңа деректер қосылады.
Деректер хронологиялық тəртіппен сақталуы тиіс. Бұл үшін
ақпаратты уақыт бойынша немесе күнтізбелік күн бойынша реттеуге
мүмкіндік беретін арнайы атрибут пайдаланылады. Ақпаратты
хронологиялық тəртіпте орналастыру пайдаланушының сұрау салуына
жауп алу үдерісін жеделдетуге мүмкіндік береді.
Транзакцияның өңдеу жүйесінен айырмашылығы, шешімдерді
қабылдау жүйесіне сұрау салу нақты фактіні емес, белгілі бір нəтижені
алуды көздейді. Мысалы, OLTP- жүйеге сұрау салудың құрылымы
мынадай болуы мүмкін: «Күннің басына доллардың рубльге
шаққандағы бағамын шығару». OLAP-жүйеде сұрау салудың
құрылымы мынадай: «Өткен апта ішінде доллардың рубльге
шаққандағы бағамының орташа мағынасы қандай болған».
Деректер қоймасын ұйымдастыру үшін түрлі архитектуралар
пайдаланылады. Деректер қоймасын ұйымдастырудың базалық
тұжырымдамасы — гиперкуб, яғни деректерді сақтаудың көлемді
моделі пайдаланылады. Осындай архитектура сақтаудың үшөлшемді
сақтау технологиясын пайдаланууды көздейді.
137
3.1. сурет.
Гиперкубты құрылымы
Деректер кубтың белгілі бір ұяшығында сақталады жəне үш өлшеммен
сипатталады (3.1 сурет):
1)
объект — мəндік саланың белгілі бір мəні;
2)
атрибут — осы мəннің қасиеті;
3)
уақыт — ол ішінде объекттің атрибуты өзгеретін уақыт аралығы.
Үшөлшемді кеңістікте орналасқан деректермен мынадац операциялар
орындалады:
•
қима — гиперкубтан бір немесе бірнеше өлшемдер бойыншаа
бекітілген мағыналармен қосалқы жиынтықты белгілеу;
•
айналдыру — өзгерістерді екіөлшемді көрсету тəртібін өзгерту;
•
тұқырту — өлшеудің бір мағынасын иерархия деңгейінің неғұрлым
жоғары мағынасына ауыстыру. Мысалы, егер белгілі бір уақыт өлшеміне
сəкес келетін мағына алынса, онда тұқырту операциясы интервалдық
барлық уақыт белгілеріне сəйкес келетін мағыналарды алуға мүмкіндік
береді;
•
тәптіштеу — тұқыртуға қарсы операция. Мағына
интервалдың нақты
уақыт белгісі үшін алынады.
Деректерді сақтаудың көпөлшемді технологиясы күрделі сұрау
салуларды талдамалық өңдеумен байланысты міндеттеррді табысты
шешуге мүмкіндік береді, осылайша, оперативтік жадта гиперкубтың
барлық деректері орналастырады. Бірақ деректерді осындай орналастыру
деректердің үлкен көлемін пайдалану мүмкінсіздігіне əкеп соғуы мүмкін,
өйткені есептеуіш жүйеніңоперативтік желісінің ресурстары жеткіліксіз
болуы мүмкін.
Деректер көлеміне шектеуді алып тастау үшін деректерді
орналастырудың көпөлшемді реляциялық технологиясы пайдаланылады.
Деректерді жұлдыз қағидатын
пайдаланып, орналастырады. Деректер
қоймасы бұл жағдайда кестелер жинағы болып табылады.
138
Кестелер екі типті болады:
1)
фактологиялық.«Жұлдыз» схемасында осындай кесте біреу. Онда
атрибуттың мағынасы жазылған жəне бірнеше индекстік алаң
орналастырылған: бір индекстік алаң - өлшем коды, қалғандар –
анықтамалық кестелердегі жазбалардың кодтары;
2)
анқытамалық.
Деректер
қоймасының
үшөлшемді
ұйымдастырылуы жағдайында осындай кестелері тиісінше үшеу болады.
Бірінші кестеде өлшемдердің-атрибуттардың сипаттамалары сақталады,
екінші кесте объектілердің сипаттамасын, үшінші – уақыттық
сипаттамаларды қамтиды.
3.2
суретте IDEFX1 нотациясындағы деректер қоймасының
реляциялық схемасы көрсетілген. Фактологиялық кесте атрибуттың
мағынасынан
жəне
анықтамалық
кестемен
байланысу
үшін
пайдаланылатын үш сыртқы кілттен тұрады. Нақты жүйелерде
анықтамалық кестелер осы қойманың ерекшелігін сипаттайтын алаңдармен
толықтырылады.
Көпөлшемді деректер қоймаларын құрған кезде, сондай-ақ, «қар
бүршігі»
схемасы
қолданылады:
анықтамалықтар
олармен
байланыстырылған қосымша анықтамалық кестелер көмегімен одан əрі
тəптіштеуге тартылады.
OLAP-жүйелерді
өрістету
клиент-сервертехнологиясы
негізінде
орындалады. Көпөлшемді деректерді сақтау əдісімен ұсынылатын
тезəрекеттікті жəне реляциялық модельді пайдаланған кезде деректердің
шектелмеген көлемін сақтау мүмкіндігін үйлестіру үшін OLAP-жүйесінің
мынадай архитектурасы пайдаланылады:
а) деректер қоймасы деректерді орналастырудың реляциялық
технологиясын пайдаланып,
құрылады;
б) фирма бөлімшелерінің талдамалық міндеттерін шешу үшін
көпөлшемді деректер қорлары бар деректер киосктары құрылады.
3.2. сурет. Реляциялық деректер қоймасының құрылымы. «жұлдыз»
архитектурасы