109
2.46. сурет. Қызметкерлерді іріктеп үдерісінің диаграммасы
Диаграммадағы үдеріс төменгі сол жақ бұрышында нөмірі бар квадрат
түрінде бейнеленеді. Әрекеттер оларды орындау реттілігін көрсететін
нұсқарлармен қосылады .
Нұсқарлар белгілі бір байланыс типін білдіреді. Әр байланыстың өз
шартты белгісі бар.
IDEF3 диаграммаларында мынадай байланыс түрлері белгіленеді:
•
бұдан бұрын болғанның байланысы— тұтас бағытталған нұсқармен
белгіленеді. Нұсқар оны көрсеткен əрекет оның алдынғы əрекет аяқталған
соң
ғана орындалады;
•
қатынастар байланысы — пунктирлі сызықты бағытталған нұсқармен
бейнеленеді. Нұсқар оны көрсеткен əрекет бұдан бұрынғы əрекеттен
бұрын басталуы немесе аяқталуы мүмкін;
•
объектілер ағымдарының байланысы — тұтас қос бағытталған
нұсқармен бейнеленеді. Алдынғы əрекет екінші жəне одан кейінгі
əрекеттерді пайдаланатын объектіні құратынын білдіреді.
Элементтердің шартты белгілері 2 . 3 5 . к е с т е д е к е л т і р і л г е н .
Әрекеттер ағымындағы тармақталу нүктелерін көрсету үшін қисынды
операторлар пайдаланылады. IDEF3 əдіснамасында қисынды
операторлардың
үш
типі
белгіленген:
«ЖӘНЕ»,
«НЕМЕСЕ»,
«Болдырмайтын НЕМЕСЕ». Бұл операторлардың шартты белгілері бар,
олар 2 . 3 6 . к е с т е д е к е л т і р і л г е н .
Қисынды
операторлар
диаграммада
қиылыстарды
құрады.
Қиылыстардың екі типі ажыратылады: қосылу жəне айырылысу.
«ЖӘНЕ» жəне «НЕМЕСЕ» қисынды операторлар сондай-ақ
синхрондыларға жəне асинхрондыларға бөлінеді.
2.37-кестеде қиылыстардың шартты белгілеері келітірлген.
112
IDEF3 диаграммаларды қиылыстар
Jn түрінде бейнеленеді, онда
n—
қиылыстың реттік нөмірі.
Әрекеттер реттілігі материалдық немесе ақпараттық
объектіні өзегртуді
орындайды, үдеріс объектінің жай-күйінің өзгеруімен сипатталады. IDEF3
əдіснамасы жай-күйлердің ауысуын көрсететін диаграммаларды құруға
мүмкіндік береді. Объектінің жай-күйін белгілеу үшін шеңбер
пайдаланылады. Бағытталған нұсқарлармен объектінің жай-күйінің
өзгеруін көрсетеді. Жай-күйінің əр өзгеруі белгілі бір əрекетпен
байланыстырылады.
Түпкі нəтижені алу үшін қажетті əрекеттер реттілігін көрсететін
IDEF3 диаграммалары
технологиялық үдеріс кезеңдерінің реттілігін
сипаттау диаграммалары деп аталады (Prосеss Flow Dеsсriрtiоn
Diagrams — PFDD).
Әрекеттер үдерісінде объектінің жай-күйінің өзгеруін көрсететін
IDEF3 диаграммалары
объектінің жай-күйінің және оның түрленуінің
диаграммасы деп аталады (Object State Transition Net-work- OSTN)
Талдаудың жүйелік әдіснамалары. Жүйелік тəселдеме ақпараттық
жүйенің талдауы мен синтезін оның түрлі аспектілерін ескере отырып,
орындауға мүмкіндік береді. Жалпы түрінде жүйелік тəсілдеме жүйелерді
өзара байланысты элементтер жинағы ретінде қарастыруды көздейді.
Жүйелер құрамында жекелеген қосалқы жүйелер белгіленеді. Өз кезегінде
жүйелер үлкен жоғары-жүйелерді құра алады.
Кез келген ақпараттық жүйе тұтынушылардың түпкі қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін құрылады. Ақпараттық жүйелер үлкен жоғары-жүйе
болып табылатын белгілі бір ұйымның бөлігі боып табылады.
Осындай жоғары жүйе ұйымдық, өндірістік, функционалдық,
ақпараттық жүйелерден тұрады.
Ұйымдық жүйе осы ұйымның белгілі бір
бағыныс иерархиясымен өзара
байланыстырылған бөлімшелерін қамтиды.
Ӛндірістік жүйеге бастапқы материалды түпкі өнімге айналдыру үшін
қажетті жабдық кіреді.
Функционалдық жүйелер осы ұйымдағы басқару жəне ақпартпен жəне
материалдармен алмасу тəсілдерін, сондай-ақ ұйым бөлімшелерінің
функцияларын белгілейді.
Ақпараттық жүйе ұйымдағы деректер мен құжаттарды белгілі типті
бағдарламалық қамсыздандыру көмегімен өңдеу тəсілдерін көздейді.