93
2.33-сурет. Пакеттерді импорттау
•
system (жүйе) — барлық модельденетін жүйені білдіретін пакет.
Қасбеттер мен бітеуіштер күрделі пакетті көрсетуді оңайлату үшін
пайдаланылады. Жүйені модельдеу үдерісін бөлшектеп байланыстыру
үшін бітеуіштер жүйені жекелеген пакеттерге бөлуге мүмкіндік береді.
Пакеттерге import стереотипі (2.33-сур.) қолданымды. Стереотип
пакеттер арасындағы өзара іс-қимыл үдерісін модельдеу пайдаланылады.
Стереотип «тəуелділік» типті байланыс үшін көрсетіледі. Бұл ретте, егер
пакеттің ішінде public қолжетімділік атрибутымен сынып болса, онда бұл
сынып басқа пакетке экспортталатын болып есептеледі. Сыныпты пакетке
тек бір сыныптың екіншіге тəуелділігін көрсеткен кезде ғана экспорттауға
болады. Импорттау байланысының болуы, сыныптың импорты жұпты
құратын бір пакеттен екіншіге жүзеге асырылатынын білдіреді
2.33-суретінде SERVICE пакеті екі сыныпты импорттайды ADO::
GеtCоnnесtiоn, ADO::GеtRесоrds. INFOSYSTEM пакеті SERVICE пакетінің
сыныптарын импорттайды, бірақ ADO пакетінің сыныптары оған
қолжетімсіз, оларды пайдалану үшін импорттау қажет.
Пакеттер арасында «жалпылау» типті байланыстарды құруға болады.
Жалпылау кезінде пакет тек p u b l i c ж ə н е p r o t e c t e d қолжетімдік
атрибуттерімен таңбаланған сыныптар ала алады.
Жүйенің әрекеттерін UML құралдарымен модельдеу. Осындай
модельдеу
диаграммаларды
пайдалану
жолымен
орындалады:
прецеденттердің, белсенділіктің жəне өзара іс-қимылдың
Прецедент — бұл əрекеттер бастамашысының белгілі бір нəтижені алу
үшін жасаған реттік əрекеттері жиыны
Әрекеттер бастамашысы — актор, яғни жүйенің пайдаланушы-
ларымен іске асырылатын байланыстырылған рөлдер жиыны.
94
2.28-кесте
Шартты белгілер
Мысалы, жүйенің пайдаланушысы мынадай рөлдерді атқара алады:
деректер қорының əкімшісі жəне нақты нəтижені алу үшін жүйеде сүрау
салуларды құратын қатардағы пайдаланушы болу.
Прецеденттер
арасында белгілі бір стереотиптер көрсетіліп
«тəуелділік» типті байланыс орнатылады. UML екі стереотип
пайдаланылады:
1)
i n c l u d e
—
бір прецендентті екіншіге енгізу;
2)
e x t e n d
— прецедентті кеңейту.
Прецендеттер диаграммасындағы шартты белгілер
2.28-кестесінде
келтірілген.
Енгізу қатынастары бір прецендентті орындау екіншінің автоматты
түрде орындалуын тартады. Кеңейту қатынастары осы прецендентпен
жүйенің пайдаланушысына ұсынылатын белгілі бір əрекеттер нұсқалары
байланысты екенін көрсетеді
Прецеденттердің
диаграммалары
2.34-суретте
көрсетілген.
Прецеденттердің диаграммаларыақпараттық жүйлерге қойылатын
талаптарды көрнекі түрде келтіруге мүмкіндік береді.
Белсенділік диаграммалары жүйе əрекетінің динамикалық аспектісін
модельдейді. Осындай диаграмма жүйеніңқандай да бір қызметін
құжаттайды. Қызмет жүйенің белгілі бір функциясын іске асырады. Ол
жай-күйлер жинағынан тұрады.
2.34-сурет. Прецеденттер диаграммасының үлгісі
95
Жа-күйлер екі типті болады: əрекет жəне қызмет. Әрекет жай-күйі
атомарлық деп есептеледі.Олар шағын уақыт аралығында орындалады
жəне бөлшектеп байланыстыруға жатпайды. Мысалы, бағдарламалау
тілінің белгілі бір операторы көмегімен айнымалы шаманың мағыналарын
есептеу. Қызмет жай-күйі интегралды сипатқа ие жəне əрекеттер жай-
күйінің белгілі бір реттілігін жасырады. Белсенділік диаграммасы үшін
шартты белгілер 2.29-кестесінде келтірілген.
2.35-сур. Әрекеттер жай-күйі диаграммасының үлгісі көрсетілген.
Жүйедегі
бизнес-үдерістерді
модельдеген
кезде
белсенділік
диаграммасын жолдарға бөледі. Әр жол ол үшін ақпараттық жүйе
əзсірленетін ұйымның белгілі бір бөлімшесіне сəйкес болуы тиіс.
Белсенділік диаграммасы жүйенің белгілі бір объектілерінің болуын
көрсетуге жол береді. Нəтижесінде объектінің барлық өмір циклін байқап
шығуға болады: пайдал болу, пайдалану, жою. Объектінің өмір циклін
байқап шығуға мүмкіндік беретін белсенділік диаграммасы объектінің
траекториясы деп аталады. «Жеткізілім» объектісінің қозғалыс
траекторясының екі нұсқасын қарастырамыз.
2.29-кесте
Белсенділік диаграммасының шартты белгілері
96
Бірінші нұсқа түрлі субъектілер жеткізуді жүзеге асырған кездегі
объектінің қозғалыс траекториясын (2.36-сур.), екіншісі— бір фирманың
бөлімшесіндегі объектінің қозғалыс траекториясын көрсетеді (2.37-сур.).
Объектінің траекториясын көрсеткен кезде төрт бұрышты жақшада
əдетте объектінің жай-күйінің аткы көрсетіледі.
Ӛзара іс-қимыл диаграммалары объектілерді, олар арасындағы
қатынастарды жəне олар алмасатын хабарламаларды көрсету үшін
пайдаланылады. Өзара іс-қимыл диаграммаларыреттіліктер жəне
2.36. Жеткізілімді түрлі субъектілер жүзеге асырған кездегі
қозғалыс траекториясы
2.35-сурет рублдік
сомаларды қайта
есептеу алгоритмі
97
2.37. сурет. Бір фирманың бөлімшесіндегі объект қозғалысының траекториясы
кооперациялар
диаграммалары
түрінде
іске
асырылады.Реттілік
диаграммасы уақыт ішіндегі хабарламалардың қозғалысы мен пайда
болуы үдерісін, ал кооперация диаграммасы — хабарламаларды
тудыратын
жəне
қабылдайтын
объектілердің
құрылымдық
ұйымдастырылуын көрсетеді.
Хабарлама дегені объектілер арасында деректермен алмасу
қағидаларының қандай да бір жиынтығы ретінде түсініледі. Хабарлама
қандай да бір ақпаратты алған объект оған қандай да бір əрекеттер
ерттілігімен жауап береді деп болжайлы. Хабарлама ретінде нақты
бастапқы деректер жинағын қамтитын объектінің белгілі бір операциясын
шақырту қарастырылуы мүмкін.
Реттіліктер диаграммасын құру үшін Х осі бойымен өзара іс-қимылға
қатысатын объектілерді орналастыру қажет. Өзара іс-қимылдың
бастамашысы болып табылатын объект сол жақта, қалғандар оң жақта
орналасады. Содан кейін Y осі бойымен объектілер арасында айналатын
хабарламалар орналастырылады, соңғы хабарламалар төменде
орналасады. Реттілік диаграммасында объектінің уақыт ішінде болуын
көрсететін тік нүкте сызықты көрсетеді.
Объектілер өзара іс-қимыл кезінде пайда болуы мүмкін. бұл жағдайда
диаграммада
create
стереотипімен арнайы хабарлама пайдаланылады.
Егер объект өзара іс-қимыл кезінде жойылса, тиісті хабарлама
destroy
стереотипімен белгіленеді.
destroy
стереотипі үшін үлкен «X» əріпін
пайдалану ұсынылады. 2.38 суретте DAO технологиясы көмегімен
деректер жинағын алу үдерісін көрсететін реттіліктер диаграммасының
үлгісі келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |