«Абайтану»



жүктеу 0,81 Mb.
Pdf просмотр
бет4/32
Дата15.11.2018
өлшемі0,81 Mb.
#20276
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

тұрғысынан алатын болсақ, жаһандық деп толық айтуға негіз боларлық, әлемдік 

мәдениетті бойына сіңірген. 

Академик М.Әуезов «Абайдың ақындығының айналасы» атты мақаласында 

осы жаһандық мәдениеттің қай бұтағы ақынның санасына тереңірек әсер етті, 

қайсысына Абай көбірек мойын бұрды, не оның дүниетанымының ұйытқысы, 

локомотиві  болып  қай  мәдениет  орын  алды  деген  сұрақтар  төңірегінде 

талдаулар  жасайды:  «Абай  Батыстың  өнер,  мәдениет  көрмесіне  қазақ 

сахарасынан,  Шығыстан  шығып,  сапар  шегіп  келіп,  әдейі  не  барын,  нендей 

сырлы  екендігін  танып  қайтайын  деген  кісі  сияқты.  Бірақ  шын  өнер,  шын 

мәдениетті көру мұң, көрген соң дәмін татып, нәрін алған соң жым-жылас, түк 

жұқтырмай  кету  мүмкін  емес.  Басында  кердең  басып,  тайталас  түспек  боп 

келген беті біраздан соң өзгере береді. Рас, Еуропамен таныса келе: «Шығысым 

батыс, батысым шығыс боп кетті» деген сөз Абайдың ішкі дүниесінің барлығы 

бірдей  қопарыла  өзгеріп  кетті  дегенді  білдірмейді.  Еуропаның  ғылым,  өнер, 

мәдениеті, мұңы барған сайын қызықтыра тартып, соңына шындап телмірткенін 

білдіреді.  Бірақ  Абай  іші  бұрынғыша  дін  қазығына  арқасын  нық  тіреп  алып 

келген  іш  екені  жоғарыда  айтылған.  Сол  қалпы  негізінде  өзгермейді.  Бірақ 

барған сайын икемделіп, сыпталып, сырт буындығынан арыла береді» [21.248-

б].  Ғұлама  ғалым  Абай  шығармашылығындағы  маңызды  құбылыстар 

тұрғысында өте дұрыс позицияны айқындай білген. Дүниетанымдық тұрғыдан 

Абай  орыс  және  батыс  мәдениетіне  сыртын  береді.  Оның  дүниетанымының 

ажырамас  темірқазығы  –  ислам  діні,  ислам  философиясы  болды.  Абайдың 

Шығысқа  қатысы,  ақындық  кітапханасы,  шығыс  классиктерімен  үндестігі, 

исламиятпен  байланысы,  мораль  философиясы,  Әл-Фараби,  Ж.Баласағұн, 

Ғ.Дауани,  Қ.А.Ясауи  пікірлерімен  сабақтастығы,  «Кабуснама»,  «Тотынама», 

«Мың  бір  түн»,  «Бабырнама»,  «Бұқара  тарихы»,  т.б.  еңбектерді  Абайдың 

қабылдауы,  шығыстық  өлең  теориясы  мен  үлгісінің  Абай  поэзиясына  әсері, 

сопылық поэзияның ықпалы, т.б. іргелі мәселелерді зерттеулеріне арқау еткен 

ғалымдар М.Мырзахметұлы, А.Машанов, А.Көбесов, И.Жеменей, Д.Кенжетай, 

М.Әліпхан,  С.Оразалиев,  Қ.Әлқожаев,  т.б.  еңбектерінде  жан-жақты 

талқыланады.  

Кеңестік  дәуірде  Абай  шығармашылығын,  әсіресе  оның  лирикасын 

зерттеген ғалымдар  ақынға шығыс әдебиеті мен мәдениетінің, ислам діні мен 

философиясының  концептуалды,  фундаменталды  ықпалын  көзден  таса 

қалдырып, батыстың ықпалына екпін түсіре айтулары орын алды. Сол кезеңде 

үстем  болып  тұрған  саяси-идеологиялық  көзқарастың  салқын  ықпалына 

бойұрушылықты 

ескермегенде, 

М.С.Сильченконың, 

А.Нұрқатовтың, 

З.Ахметовтың,  Ә.Дербісалиннің  еңбектерінде  лирика  теориясына  байланысты 

құнды талдаулар мен сараптаулар бар. Қалай дегенмен де Абайды шын мәнінде 

классиктік  деңгейге  көтеріп,  әлемдік  аренадағы  ақындар  галереясынан  ойып 

орын  алатын  биікке  шығарған,  әлемнің  озық  ақындарымен  иық  теңестіретін 

қалыпқа  жетуі  –  осы  үш  бұлақтың  тоғысуынан,  қорытпасынан  туындаған 

жетістік. Абай лирикасы – синтетикалық дүние. Онда қазақтық мұң, исламдық, 

сопылық  дүниетаным,  батыстық  лиризм  мен  психологизм,  сыншыл  реализм, 

8

 



 


т.б.  біте  қайнасады.  Абай  лирикасының  эволюциясы  ұзақ  үдерісті  басынан 

өткізіп отырған, үнемі даму, баю үстіндегі лирика болды. Жаһандық интермәтін 

Абай  шығармашылығына,  оның  лирикалық  лабораториясына,  идеялық-

эстетикалық,  жанрлық-композициялық,  стильдік-тілдік  ұстанымдарына 

айтарлықтай әсер етті. 1880-жылдардың аяғы мен 1890-шы жылдардағы, тіпті 

өмірінің  соңына  дейінгі  кезеңдердегі  шығармашылық  үрдісінің  толығуы, 

кемелденуі, жаңа белеске, жаңа мазмұнға, жаңа түрге, жаңа сатыға көтерілуі де 

жаһандық  интермәтіннің  жанрлық  коммуникация  кеңістігі  арқылы  іске  асты. 

М.Әуезов  Абай  лирикасына  жаһандық  интермәтіннің  ықпалы  тұрғысында 

былай дейді: «Рационалшы, жаңашыл Абай пішіні айқындалып, ашыла береді. 

Өз ішін бермеймін деп жүрсе де, ақын көп жанасу арқылы бірқатар жаңғырып, 

түлей  бастады.  Ой  білімінде  ақындық  өнеріне  тереңдеп  өсе  бастаған  сайын 

Еуропадан үлгі таңдап, нәр алады. 

Абай  Шығыс  жағасына  араласу  арқылы,  жоғарыда  тексерілген  махаббат 

жайындағы,  көңіл-күйі  жайындағы  жырларды  шығарса,  Батыс  жағасының  өз 

кемесіне  соққан  ағымдарын  қорытқанда  да  сол  жаңағыдай  бірнеше  тақырып 

үстінде еңбек етеді. Осы жайға көз жіберіп байқасақ, Абайда еуропалық төркіні 

бар  екі  алуан  өлеңді  көреміз.  Бірі  –  ғашықтық  жайының  өлеңі  (махаббат 

лирикасы), екіншісі – көңіл-күйінің өлеңі (настроение лирикасы) [21.249-250].  

Ғалым М.С.Сильченко Абайдың «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты 

өлеңінде  шығыстың  классиктері  Джами,  Науаи  поэзияларының  ізі  барлығын 

дәлелдеп жасады. Ол ақындардың поэзияға қойған талабы, поэзияның мақсат-

мұраты,  өрнегіне  байланысты  критерийлері  Абай  талғамымен,  талабымен, 

өлшемімен  байланысатындығын  айғақтайды.  Яғни  Абай  поэзия  туралы  тек 

орыс  ақындарының  шығармаларын  ғана  емес,  шығыс  классиктерінің  де 

туындыларын оқып, екі арнаны қорытып, тың дүние берген. 

М.Әуезов  айтатын  Абайдың  орыс  әдебиетінен  алған  екі  жаңалығы  – 

махаббат  және  көңіл-күй  лирикасы  болса,  лириканың  осы  түрлері  ақын 

шығармашылығындағы  ең  өнімді  түрлер  болды.  «Өзгеге,  көңілім,  тоярсың», 

«Менсінбеуші  ем  наданды»,  «Не  іздейсің,  көңілім  не  іздейсің»,  «Жүрегім, 

ойбай, соқпа енді!», «Қайғы шығар ілімнен», «Күлімсіреп аспан тұр», «Жүрегім 

менің  қырық  жамау»,  «Жүрегім,  нені  сезесің»,  «Жапырағы  қуарған  ескі 

үмітпен», «Көлеңке басын ұзартып», «Есіңде бар ма жас күнің», «Ауру жүрек 

ақырын соғады жай», «Жүректе қайрат болмаса», «Өлсем орным қара жер сыз 

болмай  ма?»,  «Қуатты  оттай  бұрқырап»,  «Жалын  мен  оттан  жаралып», 

«Домбыраға  қол  соқпа»,  т.б.  өлеңдерін  ақынның  көңіл-күй  дискурсінде 

жазылған  лирикасына  жатқызуға  болады.  Орыс  классиктерінің  ішіндегі 

Абайдың барынша үйір ақыны М.Ю.Лермонтов болса, жоғарыдағы өлеңдерде 

Лермонтовтық  сарын  сайрап  жатыр.  Әрине,  бұл  деген  сөз  Абайдың  ақын 

ретінде даралығы жоқ, тек шығармашылығының бәрі әсерден, ықпалдан тұрады 

деген ой тумауы керек. Саяси-тарихи факторлар арқылы Абай танысқан орыс 

поэзиясы  ақынның  лирикалық  әлеміне  дәстүршілдік  шеңберінде  ықпал  етті. 

Олардың лирикасын тұшына білген ақын ретінде Абай ешқандай қайталанбас, 

жаңа сападағы, жаңа мазмұн, жаңа түрдегі, қазақ контексіндегі симбиоз дүниені 

9

 

 




жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау