Абай – адамзат ақыл-ойы, ақындығының ірі тұлғасы. Оның тағылымы
білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы екені түсінікті. Ұлы дананың қай
шығармасын алмайық, оның алтын қазығы – Адам. Ол нағыз Адам, Толық
Адам қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді.
Мысалы, «Атымды Адам қойған соң қайтып надан болайын», «Адамды сүй,
алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде одан басқа» - дейді. Тағы да «Әуелі
бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңінде:
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боларсың елден бөлек»- деп, ой тастайды.
Ары қарай ақын: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы
ақыл, жылы жүрек» деп, толық адамның қасиеттерін санамалап береді. «Толық
адам» ұғымын талдай келіп, оның мәні үш сипатты (ғылым, рақым, әділет)
болуға талаптану деп көрсеткен. Абай көтерген «Толық адам» қағидаты –
ұлттық педагогикада «Сегіз қырлы, бір сырлы» ұрпақ тәрбиесінің қағидатымен
үндестігін байқамау мүмкін емес.
Ұлы гуманист адамды сүю туралы айта отырып, «Адамзаттың бәрін сүй»
деп ақыл айта отырып, «Адамзатты сүю – хақтың жолы, ғаділеттің жолы» деген
анықтама береді. Қазіргі білім берудегі басты ұстаным болып отырған
гуманистік педагогиканың негізі «Адамды сүюден басқа қызық жоқ» деген
пікірімен ұштасады. Ақын адамды әкенің емес, адамның баласы болуға
үгіттейді. «Әкенің баласы – адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың» -
деп, ғибрат тастайды. Абай адамдықтың басты қасиеті – адамгершілік екенін
баса жырлайды. Адамшылықтың алды – «махаббат, ғаділет, сезім» дейді.
Адамшылықтың тәрбие арқылы келетініне көз жеткізеді. Жас ұрпақты
тәрбиелеу ісі ең алдымен адамды сүюге баулудан басталуы керек. Абай
мұрасы, тағылымының өміршеңдігін бүгінгі тәрбие үрдісінің алдында тұрған
мақсаттар мен міндеттер арқылы дәлелдеуге болады. Жеке тұлғаға бағдарлап
оқыту мәселесін жүзеге асыруда Абай шығармалары маңызды орын алады.
Абай адамның адамдық қасиеті еңбекте, ғылым-білім үйренуде,
адамгершілік мінез-құлықта деп түсіндірді. Елін еңбекке шақырып, өнерге
үндеді, ескіше көзқарасқа, қазақ ортасының жағдайлары тудырған мінез-
құлықтағы ұнамсыз көріністерге қарсы күресті.
Абай өзі мұрат тұтқан толық адамдыққа жеткізетін ең басты қасиетке
әділеттілікті жатқызады. Ақынның тікелей басшылығымен жазылған
«Қарамола Ережесінің» заңдық, әділеттілік бағасымен қоса, жас жеткіншекке
азаматтық-құқықтық тәрбие беру ісінде тәлімі зор шығарма болып табылады.
Абай
мұрасындағы
рухани-тағылымдық
тәрбие
идеяларын
жас
жеткіншектердің өз бойларына біршама сіңіргеніне қарамастан, оның әдеби-
шығармашылығына қажеттілікті арттыруда мұның өзі, біріншіден, Абай
шығармаларын тұтас алғанда толыққанды оқыту мен пайымдауды қоғамдық
тұрғыдан қажет етсе, екіншіден, бүгінгі күнгі Абайдың тәрбие мен оқыту
саласындағы көзқарастары мен пікірлерінің жас ұрпақты оқыту мәселесінде әлі
де жеткіліксіз екендігі сезіледі.
16
Абай шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі – өз жанынан шығарған төл
өлеңдері; екіншісі – ғақлия немесе қара сөз деп аталатын прозасы; үшіншісі –
өзге тілдерден, әсіресе, орысшадан аударған өлеңдері.
Абай ақындық жолға бет бұрғандағы алғашқы шығармаларын орыс
мәдениеті мен білімнің маңызын насихаттауға арнады. Оның 1885 жылғы
жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі бұл тақырыптағы тұңғыш
шығармасы болуымен қатар, ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісі де
болып табылады.
1887 жылы жазған «Қан сонарда бүркітші шығады аңға», Лермонтовтан
аударған «Бородино» өлеңдері шын мәніндегі поэзиялық туындылар. 1986
жылы жазған «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Қалың елім,
қазағым, қайран жұртым», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Мен жазбаймын
өлеңді ермек үшін» өлеңдері – сол дәуірдің шындығын дәл беретін туындылар.
Абай қазақ тіліне «Евгений Онегинді» аударып, өзі әнін шығарған.
«Татьянаның хаты» халық аузында үлкен сүйіспеншілікке бөленді.
Абай шығармаларының тағы бір қатарына тоқталар болсақ:
1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі бұл
тақырыптағы тұңғыш шығармасы болумен қатар, ақынның сөз өнері
жолындағы жаңа ізденісін де танытады. Абай мұнда, ең алдымен, жаңа үлгідегі
ақынға керек ғылым жайын сөз етеді. Ғылым-білімді кезінде зерттей
алмағанына өкініш білдіреді. Өз қателігін балаларын оқытумен түзеуге бет
алғанын айтады.
1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген
өлеңдерін жазды. Мұның алғашқысы ұстаз ақынның кейінгі ұрпаққа айтар
өсиеті түрінде жазылған. Абай «ғылым» деген сөзді қайталап айта отырып,
адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын
арманы – ғалым болуы керектігін түсіндіреді.
«Қалың елім, қазағым» деген өлеңінде өзі билеуші тап ортасынан шықса
да,тарихи дамудың беталысы мен қоғамдық шындықты түсінген ол еңбекші
шаруаға шындап бет бұрғанын байқатады. Оларды «елім», «жұртым»,
«халқым» деп, дос тұта сөйлейді.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?- деп, ол ел ішіндегі адамгершілік
жағынан да, мінез-құлық жағынан да татымсыз топты бөліп көрсетеді.
«Татулық пен тұрақтылық» өлеңінде халқының келешегін ойлап
егілген, сол үшін ұнамсыздықты аямай сынау арқылы түзетуді ойлаған
Абайдың жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған. Соның бірі –
достық мәселесі. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде ол тіршілікте
өзі көрген, халық тәжірибесі танытқан шындықты айта отырып, жастарды шын
адамгершілік жолына, қиянатсыз, адал достыққа үгіттейді. Оларды жалған
татулық, бояма мінезден сақтандырады.
Ақынның білім-ғылымға қатысты ақыл-ой тәрбиесі «Қалың елім, қазағым,
қайран жұртым», «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба», «Бірінші
қара сөзі» т.б., адамгершілік тәрбиесі «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы
17