С.Ғаббасовтың [8] тағы басқа әдебиет пен мәдениет қайраткерлерінің
мақалаларында көрініс тауып, бұл тақырып төңкерістен кейін кеңірек сөз бола
бастады. 1918 жылы «Абайдың өмірі һәм қызметі» деген мақалада (мақала
авторлары Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов) Абай дәстүрі, оның
тікелей мұрагерлері турасында сөз болса, «Екеудің» «Абайдан соңғы ақындар»
деген екінші мақаласы – шын мәнінде Абайдың дәстүрі, Абай мектебі
тақырыбына арналған тырнақалды ғылыми дүние болуымен құнды [9]. Сыншы
ғалым Д. Ысқақұлының сөзімен айтсақ: ««Абайда» жарияланған
материалдардың ішінде «Абайдан соңғы ақындар» атты мақала ұстанған
бағытының дұрыстығымен, көтерген мәселенің маңыздылығымен, айтқан
пікірлерінің өміршеңдігімен ерекшеленеді» [10, 57-б.]. Ақын өлеңдерінің ішкі
идеялық мәнін ден қоя зерттеп, оның заманымен қабыстыра талдау жүргізген
татар зерттеушісі А.Сағди Абайдың өскен ортасы, оның ақынға әсері туралы
1923 жылы «Ақжолда» төмендегідей құнды ой айтады: «Абайдың һәм барлық
қазақ халқының отырған орны, қонып жүрген шеті көрінбес кең шөлдер,
меңіреу үнсіз далалар болғандығы белгілі. Абай, міне, сол заманда, сол елдің
ішінде сондай тіршілік орындары, сондай табиғат орындары ортасында туған,
сонда өскен, бар өмірін сонда жасап, сонда өлген бір кісі. Кісіге сол ел, сол
тұрмыс қандай әсер, қандай ғибрат бере алса, Абай да сол бізге өзі арқылы
өлеңдерімен соны береді. Сол тұрмыстан алған жүрек толқындарын шығарады»
[11, 6-
б.],- деген пікірінде ақынға өз ортасының, айналасының әсер-ықпалын
баса көрсету бар.
М.Әуезовтің 1933 жылы жазған Абайдың тұңғыш өмірбаянында ақынның
әдеби ортасы алғаш рет кең көлемде сөз болса, Қ.Жұбановтың «Абай – қазақ
әдебиетінің классигі» атты мақаласында автор Абайды оқшау күйде алмай,
Шағатай әдебиетімен, қазақтың төл ауыз әдебиетімен байланыстыра
қарастырылды [12].
Қырқыншы жылдардың басында Абай мектебі тақырыбын зерттеуді
Әуезовтің кеңесімен Қ.Мұхамедханұлы қолға алды. Әуезов жетекшілік жасаған
тақырыптың
іргетасы
қаланып,
алғашқы
қадамдар
жасалды.
Қ.Мұхамедханұлының Абайдың ақындық мектебі жайлы ізденістері
жинақталып, жүйеленіп 1951 жылы кандидаттық диссертация ретінде
қорғалды. Бірақ бұл тақырып тек абайтануда ғана емес, жалпы қазақ
әдебиетінде үлкен дау туғызып, Абай тақырыбына айтарлықтай «зор кесірін»
әкелді. Қанша қиын-қыстауды басынан өткергенімен ғалым «Абай
шәкірттерінен» бас тартпады. «Абай мектебі» деген атау кеңестік әдебиеттің
қалыбына сыймағандықтан, 1959 жылы алғашқы тақырыбын ауыстырып «Абай
төңірегіндегі ақындар» (Поэты Абаевской поры) деген атпен диссертациясын
қайта қорғауға мәжбүр болды. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана
Қ.Мұхамедханұлының Абай шәкірттері жайындағы «Абайдың ақын
шәкірттері» [13] деген төрт кітаптан тұратын, сондай-ақ, «Абай мұрагерлері»
[14
] атты ғылыми еңбектері жарыққа шықты. Негізінен, осы тақырыпты қазақ
әдебиетінің тарихында мәселе етіп көтерген М.Әуезов болып, әсіресе, Абайдың
өзгеден алған нәрі жайын тек ғылымда емес «Абай жолы» эпопеясында да
6
мейілінше қамтуға тырысты. Өткен ғасырдың 40-80 жылдар аралығында Абай
ортасы, айналасына қатысты мәселелер негізінен ақынның дәстүрін
жалғастырушы шәкірттері жайына болып, бұл тақырып төңірегінде
Ә.Жиреншин [15], Б.Кенжебаев [16], Қ.Жұмалиев [17], А.Нұрқатов [18],
М.Бөжеев [19], Ш.Сәтбаева [20] сынды ғалымдар пікір білдіріп, ғылыми
еңбектерінде сөз етті.
Абайдың ақындық өсу жолдарын оның шығармашылық өмірбаянымен,
дүниетанымымен, тарихи-әлеуметтік, саяси-мәдени жағдаяттармен қатар алып
қарастыруды негізге алған ғұлама ғалым М.Әуезовтен бастап [21,22], кейінгі
зерттеушілер М.С.Сильченко [23], А.Нұрқатов [24], З.Ахметов [25], З.Қабдолов
[2
6], М.Мырзахметұлы [27], Ә.Дербісалин [28], М.Базарбаев [29], т.б.
абайтануды үлкен белеске шығарды.
1934 жылы жазылған М.Әуезовтің «Абайдың ақындығының айналасы»
(«Поэтическое окружение Абая») атты іргелі мақаласында Абайдың ақын
ретіндегі қалыптасу жолдары мен нәр алған көздері, рухани қайнарлары
тұрғысында ғылыми дәлдікпен поэзия теориясына бой ұра, әдебиеттануға
байланысты зерттеудің түрлі әдіс, тәсілдерін пайдалана отырып, өз заманы
үшін де, қазір де маңызын жоймаған сенсациялы ойларын жариялайды.
М.Әуезовтің аталмыш мақаласы жарияланғанымен, сол кезеңдегі саяси-
идеологиялық ұстанымдарға байланысты түрлі сындарға ұшырап, мақаланың
орыс тіліндегі толықтырылған нұсқасы көп жылдар бойына жарияланбай
қалады. Қазақ тіліндегі нұсқасы 1995 жылы шыққан «Абай Құнанбаев» атты
монографиясында қысқартылған түрінде беріліп жүр. Орыс тіліндегі толық
нұсқа 1997 жылы шыққан «Абайтану дәрістерінің дерек көздері»
(құрастырушылар: т.ғ.д. Л.М.Әуезова, ф.ғ.д., профессор М.Мырзахметұлы)
деген еңбекте берілген.
Абайдың нәр алған қайнар көздері, ақындық мектебі тұрғысында академик
М.Әуезов салып беріп кеткен даңғыл жол концепция болып орнықты. Ақынның
үш қайнар бұлағы туралы кейінгі абайтанушылар өнімді зерттеулер жасады.
Үш қайнар бұлақтың алғашқысы өзінің төл халқының аса бай әдебиеті мен
мәдениеті болды. Фольклорлық туындылардан бастап, авторлы индивидуалды
поэзия, не жыршы ақындар шығармашылығы, қазақ әдебиетінің тарихындағы
ақын-жыраулармен қатар, өз тұсындағы ақындардың, сал-серілердің,
жыршылардың шығармашылығын Абай толық меңгерді.
Абайдың нәр алған екінші қайнар бұлағы – Шығыс әдебиеті мен мәдениеті
екендігі ақиқат. Ақынның жас шәкірт күнінен оқып өскен түркі-мұсылман
елдерінің ақындарының, оқымысты ғұламаларының, философ, тарихшы,
дінтанушыларының еңбектері болды.
Үшінші қайнар бұлақты – орыс әдебиеті мен мәдениеті, орыс тілі арқылы
меңгерген Еуропа әдебиеті мен мәдениеті құрайды.
Абайдың сусындаған бұлақтары, ақындық кітапханасы деген ұғымдарда,
ақынның шығармашылық лабораториясына, ақындық энергетикасына,
болмысына әсер еткен, қалыптастырған, дамытқан кеңістік - өте ауқымды. Шын
мәнінде, сол кезеңдегі қалыппен, Абай дәуіріндегі ақпараттық коммуникация
7