«Абайтану»



жүктеу 0,81 Mb.
Pdf просмотр
бет2/32
Дата15.11.2018
өлшемі0,81 Mb.
#20276
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, сазгерлік мұрасы туралы еңбектерді 

қамтитын іргелі ілім.  

Алғаш  ақынның  көзі  тірісінде  1889  жылы  «Дала  уалаяты»  газетінде 

жарияланған  екі  өлеңінен  бастап  таныла  бастаған  Абай  мұрасының  ғасырдан 

аса тарихы бар. Абайтанудың тарихын жазған ғалым М. Мырзахметұлы оны үш 

салаға бөледі: «Бiрiншi кезеңi,  яғни абайтанудың алғашқы дәуiрi ресми түрде 

баспасөз бетiнде 1889 жылдан басталып 1934 жылмен аяқталады. Екiншi кезеңi 

1934 жыл мен 1961 жыл аралығындағы абайтанудың Мұхтар Әуезов бастаған 

соны танымдардың заманымен аяқталады. Үшiншi кезең 1961 жылдан кейiнгi 

Абай  мұрасын  тереңдей  танып  зерттеу  дәуiрiмен  жалғасады.  Яғни  ұлы  ақын 

мұрасы жолында абайтану мен абайтанудың тарихы деп аталатын екi ғылыми 

арнаның  пайда  болуын  көрсетедi»  [4, 8-б.].  Қазақ  әдебиетінің  тарихында 

еліміздің  тәуелсіздік  арнасына  түскеннен  кейінгі  кезеңі  өзіндік  даму 

бағытымен,  көркемдік  ізденістерімен  ерекшеленеді.  Абайдың  шығармашылық 

мұрасын  зерттеу,  мемлекетіміз  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  жаңа  бір  қырынан, 

барлық салада қарастырыла бастады. 

Ұлы  ақын  мұрасын  танып  білуге  арналған  ғылыми  мақалалар, 

монографиялық  зерттеулер,  текстологиялық  талдаулар,  әртүрлі  деректер  саны 

жыл  өткен  сайын  молығып  келеді.  Абай  өмірі  мен  шығармашылығы  туралы 

ғылыми мәні бар алғашқы зерттеушілердің аты-жөні мен еңбектері соңғы кезге 

дейін  жабық  саналып,  Абайтанудың  алғашқы  кезеңі  ақтаңдақ  күйінде  қалып 

келді.  Тек  еліміздің  тәуелсіздік  алуы  жағдайында  ғана  бұл  мәселені  ашық 

әңгімелеуге  мүмкіндік  туды.  Осы  кезеңнен  бастап,  абайтану  ғылымы  жаңа 

бағытқа қарай бет бұрып, жаңа көзқараспен зерттеле бастады. 

Бүгінгі таңда Абайды тану, жас ұрпаққа насихаттау, ақынның асыл мұрасын 

әр  тараптан  зерттеп,  Абайтану  ғылымының  керегесі  кеңи  түсуіне  үлкен  игі 

істер  атқарылуда.  Абайға  арналған  аймақтық,  республикалық,  халықаралық 

дәрежедегі ғылыми-тәжірибелік конференциялар, түрлі әдеби-мәдени шаралар 

ақын  мұрасын  жас  ұрпаққа  үлгі  етуді  көздейді.  Абай  мұрасы  –  Адамды  адам 

етіп тәрбиелеудің қайнар бұлағы.  

Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  хатшысы  М.  Құл-Мұхаммед  2012 

жылғы  27  сәуірде  бекіткен  «Қазақстанның  ішкі  саясатындағы  идеологиялық 

менеджментті  қайта  жаңғырту  жөніндегі  2012-2013  жылдарға  арналған 

жалпыұлттық  іс-шаралар  жоспарының»  42-тармағына  сәйкес  жалпы  білім 

беретін  ұйымдарда  «Абайтану»  таңдау  курсын  енгізу  мәселесіне  орай  Ы. 

Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Қазақстан Республикасы Білім 

және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  03  сәуірдегі  №115  бұйрығымен  (113-

қосымша) бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің 9-

11-

сыныптары үшін «Абайтану» курсының типтік оқу бағдарламасын әзірледі.  



Жүз  жылдан  астам  уақыт  өтсе  де  ешбір  үздіксіз,  үнемі  дамып,  жетілу 

үстінде келе жатқан абайтану ғылымын одан әрі дамыта түсу – бізге қойылар 

басты міндет. 

 

 

 

4

 



 




Абай мұраларының педагогикалық құндылығы 

 

Абай  Құнанбаев  –  қазақ  халқының  ұлы  классик  ақыны,  ағартушы 



демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абайдың мұрасы, теңдессіз дана 

ойлары  мен  шығармалары  бүкіләлемдік  қазынаға  қосылған  алтын  қор  екені 

талассыз. 

Осы  уақыт  аралығында  Абайтану  ғылымы  тарихы  бай,  кемел,  іргетасы 

мықты  салаға  айналды.  Қазақ  әдебиеті  тарихында  Абайдың  әдеби  мұрасын 

жоғары бағалап, алғаш пікір білдірген қалам қайраткерлері – Алаш зиялылары. 

Абайдың  өмірі  мен  ақындық  өнері  жөнінде  бірінші болып  ғылыми ой  айтқан 

адам  –  Әлихан  Бөкейханов.  Ә.  Бөкейхановтың  1905  жылы  «Абай  (Ибрагим) 

Құнанбаев»  атты  азанамасын,  А.  Байтұрсынұлының  «Қазақтың  бас  ақыны» 

атты  мақаласын,  Міржақып  Дулатұлының  1914  жылы  23  шілдеде  «Қазақ» 

газетінде  жарияланған  «Абай»  атты  мақаласын,  Ж.  Аймауытұлы  мен  М. 

Әуезовтің  («Екеу»  деп  қол  қойған)  «Абай»  журналының  1918  жылы  №2 

санында  жарық  көрген  «Абайдың  өнері  Һәм  қызметі»  атты  мақаласын  атау 

қажет. Абай мұрасы халыққа таныла бастады. 

Абайтанудың  дербес  ғылым  саласына  көтерілуіне  академик  М.  Әуезовтің 

сіңірген  еңбегі  өлшеусіз.  Абай  жайлы  ұзақ  жылдарға  созылған  ғылыми 

зерттеулерін  тұтас  қорытындылай  отырып жазған  ғылыми  монографиясы мен 

атақты  «Абай  жолы»  роман-эпопеясын  жазуға  30  жылдан  астам  уақытын 

арнады. 

М.Әуезовтің 

жетекшілігімен 

Қ.Мұхамедханұлы 

Абайдың 

ақын 


шәкірттерінің мұраларын зерттеу ісін қолға алса, Ә.Жиреншин өз еңбектерінде 

жалпы  Абайдың  әдеби  ортасы  жайында  сөз  қозғады.  Қ.Жұбанов  Абайдың 

алдындағы  әдебиет  және  ақынның  қазақ  әдебиетіндегі  жаңашылдық  деңгейін 

ашып  берсе,  Қ.Жұмалиев  қазақ  поэзиясы  мен  Абай  шығармаларының  тілін 

салыстыра  зерттеді.  1960  жылдары  А.Нұрқатов,  М.Бөжеевтер  тарапынан 

Абайдың дәстүрі, Қ.Жұмалиев пен Ш.Сәтбаева Абай балалары – Ақылбай мен 

Мағауия  мұраларын,  Б.Кенжебаев  Ә.Тәңірбергенұлы  мұрасын  зерттесе, 

сексенінші  жылдары  М.Мырзахметұлы  Әуезов  зерттеуіндегі  Абайдың  әдеби 

ортасы  тақырыбының  сипатына  ашуға  ден  қойды.  Абайдың  әдеби  ортасы 

тақырыбы Абайға қатысты, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы 

әдеби  үрдіске  қатысты  жазылған  еңбектердің  бірсыпырасында  тікелей,  кейде 

жанама  түрде  сөз  болып  отырғандығы  белгілі.  Атап  айтатын  болсақ, 

А.Байтұрсынов,  Ә.Бөкейханов,  М.Әуезов,  С.Мұқанов,  Ғ.Мүсірепов, 

М.Сильченко, 

Қ.Жұбанов, 

Қ.Жұмалиев, 

Е.Ысмайлов, 

Б.Кенжебаев, 

Қ.Өміралиев, З.Ахметов, М.Мырзахметұлы, Ғ.Есім, Ж.Ысмағұлов, Ш.Сәтбаева, 

Ә.Жиреншин,  А.Нұрқатов,  М.Бөжеев,  Қ.Мұхамедханұлы,  Т.Жұртбай, 

М.Мағауин, Б.Әбдіғазиұлы, Б.Байғалиев, Б.Сапаралы тағы басқа ғалымдар мен 

зерттеушілер Абайдың әдеби ортасының зерттелуіне өзіндік үлестерін қосты.  

Абай  ортасы  туралы  ой  түйіндерін  ақын  жайында  айтылған  алғашқы 

пікірлердің  астарынан  іздеген  жөн.  Абай  айналасы  туралы  ой-пікір 

ұшқындарын  Ә.Бөкейханов  [5],  М.Дулатұлы  [6],  А.Байтұрсынұлы  [7], 

5

 



 


жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау