Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет60/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   107

Wavetrcing 
—Aureal 
компаниясының 
технологиясы, 
геометриялық  орта  негізінде  бөгеуілдері  арқылы  өткен  жəне 
шағылған дыбыс толқындарының таралу есебіне негізделген. 
Environmental 
Audio 
Extensions 
(EAX) 
—Creative 
компаниясының  технологиясы  дыбыстардың  көмегімен  ойындарда 
болып  жатқанның  шынайылығын  сезінуді  қамтамасыз  ету  үшін 
қоршаған  орта  дыбысталуын  жасау  үшін  бағытталған.  Бұл 
дыбыстық  орта  тыңдаушылардың  барлық  жағынан  шығатын 
жаңғырту мен дыбыстар шағылысын модельдеу есебінен жасалады. 
 
 
5.8. 
 
АКУСТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ 
 
 
 
Акустикалық  жүйе  (АЖ)  дыбыстық  электр  сигналын  акустикалық 
ауытқуларға  тікелей  түрлендіреді  жəне  дыбыс  жаңғыртушы  тракттың 
соңғы буыны болып табылады. 
Іс  жүзінде  барлық  қазіргі  заманғы  компьютерлік  бағаналар  көп 
жолақты  болады.  Адам  құлағымен  қабылданатын  жиіліктің  кең 
диапазонын  жаңғырту  үшін  бір  корпусқа  бірнеше  динамиктер 
орнатылады, көбінесе екеу – жоғары жиілікті (1-ден 15 ... 20 кГц дейін) 
жəне  орта  жиілікті  (200  Гц-дан  10  кГц  дейін).  Төмен  жиілікті 
динамиктің  дыбысталуы  басқаларына  кедергі  келтірмеу  үшін  бөлек 
корпусқа шығарылады. 
Нарықта  динамиктердің  екі  түрлі  түрі  бар  бағаналар  ұсынылған. 
Бірінші  түрінде  конустық  сəуле  шығарғыш  немесе  диффузор  деп 
аталатын  негіз  болады.  Мұндай  динамиктердің  əрекет  ету  қағидасы 
магнитті  орауыштың  айнымалы  магнит  өрісінің  тұрақты  магнит 
өрісімен  өзара  əрекеттесуіне  негізделген.  Нəтижесінде  жеткілікті 
қуатты  дыбыстар  жəне  əжептəуір  бастар  алынады.  Динамиктің  басқа 
түрінде диффузор орнына жазық мембрана қолданылады. Бұл жағдайда 
бағаналар  жиілікті  диапазонның  қуаты  мен  ендігін  жоғалтады,  бірақ 
өте  шағын  өлшемді  болады  (əсіресе  тереңдігінде).  Осылайша,  жазық 
мембранасы бар динамиктер негізінен сабвуфермен тізбекте бюджеттік 
жүйелерде қолданылады. 
Ереже бойынша АС құрамына бірнеше дыбыстық бағаналар кіреді, 
оның  əрқайсысының  бір  немесе  бірнеше  динамиктері  болуы  мүмкін. 
АС-дағы  бағаналар  саны  дыбыстық  сигналды  құрайтын  жəне  бөлек 
дыбыстық арналар түзетін құрауыштар санына байланысты. 
Мысалы,  стереофониялық  сигналдың  құрамында  екі  құрауыш 
болады  –  сол  жəне  оң  стереоарналардың  сигналдары,  ол 
стереофониялық  акустикалық  жүйенің  құрамындағы  екіден  кем  емес 
бағананы қажет етеді. 
194 


Dolby  Digital  форматындағы  дыбыстық  сигналда  алты  дыбыстық 
арнаға  арналған  ақпарат  болады:  екі  алдыңғы  стереоарна,  орталық 
арна (диалогтар арнасы), екі тылдық арна жəне төменжиілікті арна. 
Бұдан  шығатыны,  Dolby  Digital  сигналын  жаңғырту  үшін 
акустикалық жүйенің алты дыбыстық бағанасы болуы керек. 
ДК арналған АЖ негізінен екі дыбыс бағанасынан тұрады, олар 
бастапқы  кезеңде  стереофониялық  сигналдың  жаңғыртылуын 
қамтамасыз  етті.  Дыбыс  көзін  кеңістікте  позициялау  5.7.  тарауда 
қарастырылған сандарынан екі бағана көмегімен көлемді дыбыстық 
өрісті жаңғыртуға мүмкіндік береді. 
Әдетте  ДК  арналған  АЖ  əр  бағанада  бір  динамик  болады.  Бұл 
кезде  акустикалық  жүйелердің  қазіргі  заманғы  модельдері 
бағаналардың  немесе  дауыс  зорайтқыш  корпустың  арнайы 
құрылымын  пайдалану  арқасында  іс  жүзінде  барлық  естілетін 
жиілікті  диапазонда  дыбысты  жаңғыртуға  мүмкіндік  береді.  Оның 
ішінде  төмен  жиілікті  жаңғырту  бағана  немесе  дауыс  зорайтқыш 
(Bass  Reflex  технологиясы)  корпусының  арнайы  құрылымын 
қолдану жолымен қол жеткізіледі. 
АЖ  жоғары  сапалы  төмен  жəне  өте  төмен  жиілікті  жаңғырту 
үшін екі бағанадан басқа үшінші дыбыстық агрегат қолданылады— 
сабвуфер  (Subwoofer).  ДК  арналған  мұндай  үш  компонентті  АЖ 
орта  жəне  жоғары  жиіліктерді  жаңғыртатын  (шамамен  150  Гц-тан 
20  кГц  дейін)  сателлиттік  бағана  деп  аталатынның  екеуінен  жəне 
150 Гц кем емес жиілікті жаңғыртатын сабвуферден тұрады. 
ДК  үшін  АЖ  ерекшеленетін  айырмашылығы  –  өзінің 
кіріктірілген  қуат  күшейткішінің  болу  мүмкіндігі.  Кіріктірілген 
күшейткіші бар АЖ белсенді деп аталады. Пассивті АЖ күшейткіші 
болмайды. 
Белсенді  АЖ  басты  артықшылығы  дыбыстық  картаның 
сызықтық  шығуына  қосылу  мүмкіндігі  болып  табылады.  Белсенді 
АЖ  қуат  көзі  не  батарейкалардан  (аккумулятордан),  не  бөлек 
сыртқы  блок  түрінде  жасалған  арнайы  адаптер  арқылы  электр 
желісінен  немесе  бағана  бірінің  корпусына  орнатылатын  қуат  көзі 
модулінен жүзеге асырылады. 
ДК  арналған  акустикалық  жүйелердің  шығу  қуаты  кең 
диапазонда  өзгереді  жəне  күшейткіш  пен  динамиктің  техникалық 
сипаттамасына  байланысты  болады.  Егер  жүйе  компьютерлік 
ойындарды дыбыстауға арналған болса, орта өлшемді  орналастыру 
үшін  бағанаға  10  Вт  қуат  жеткілікті.  Үлкен  аудиторияда  дəріс 
немесе  презентация  кезінде  жақсы  естілуді  қамтамасыз  ету 
қажеттілігі кезінде арнаға 30 Вт дейін қуаты бар бір АЖ пайдалану 
мүмкін. 
 
195 


3D-дыбыстық  стантарттары  мен  технологиялардың  дамуымен 
көпбағаналы АЖ кеңінен таралды. Бірінші көпарналы акустикалық 
жүйелердің  белгіленуі  4.0  болды,  олардың  құрамына  сəйкесінше 
төрт бағана кірді: екі алдыңғы жəне екі тылдық. Осындай акустика 
үш  өлшемді  дыбыс  құрып,  ойындарда  жаман  емес  əсерлер  береді. 
АЖ 4.1-ге сабвуфер кіреді, алайда бұл жүйелер бəрібір төрт арналы 
болады:  мұнда  төмен  жиілікті  сигналдар  арнайы  кроссовер(сүзгі) 
көмегімен бөлінеді. 
5.1  жүйелерінің  толық  6-арналы  дыбысы  болады.  Олардың 
құрамына  сабвуферден  басқа  екі  алдыңғы,  айналадағы  дыбыстық 
фонды  түзу  үшін  екі  тылдық  бағана  жəне  DVD-дискілерде 
фильмдерде қолданылатын Dolby Digital форматқа сəйкес келу үшін 
қажетті бір орталық бағана (орталық арна) кіреді. 
5.1 жүйелері кем дегенде үй кинотеатры үшін қажетті. 8-арналы 
7.1  жəне  7.2  жүйелері  өте  ұқсас.  Оларға  тағы  да  екі  динамик 
қосылған  –  тылдық  орталық.  Бұдан  басқа,  7.2  жүйеде  қосымша 
сабвуфер пайда болды, алайда «бастық» арна жалғыз болып қалды. 
Мұндай  акустикалық  жүйе  кинотеатрлардағыдай  Doulby  Digital 
Surround  EX  немесе  DTS  Surround  EX  форматты  дауыстарды 
қамтамасыз  етеді.  Көптеген  сапалы  5.1,  7.1  жəне  7.2  жүйелерде 
белгілі форматтарға сəйкес көпарналы дыбысты кодсыздандыратын 
дыбыстық  процессорларды  кездестіруге  болады:  5.1  акустикасы 
үшін  –  бұл  Dolby  Digital,  DTS  мен  Dolby  Prologic,  ал  7.1  мен  7.2 
үшін - Dolby Digital Surround EX мен DTS Surround EX. Әсіресе осы 
компоненттің болуы компьютерлік акустиканы үй кинотеатры үшін 
пайдалануға мүмкіндік береді. 
АЖ негізгі сипаттамалары: 
■ 
Жаңғыртылатын жиіліктер жолағы; 
■ 
сезімталдық; 
■ 
гармоника коэффициенті; 
■ 
қуат. 
Жа   ң ғ  ыр  т ыл  а т ы н   ж и і л   і к т е   р  ж о л а ғ ы (Frequency 
Response)  —  бұл  динамик  орауышына  əкелінетін  айнымалы  кернеу 
жиілігінен  дыбыстық  қысымның  (дыбыс  күші)  тəуелділігі  немесе 
дыбыстық  қысымның  амплитуда-жиілікті  тəуелділігі.  Адам 
құлағымен  қабылданатын  жиіліктер  жолағы  20  Гц-дан  20кГц 
дейінгі диапазонда болады. 
Д  ыб  ыс  т  ы  қ  б  а ғ   а н   а  с е з і   м  т  а л д   ы  ғ  ы  (Sensitivity) 
жиілігі  1000  Гц  жəне  қуаты  1  Вт  электр  сигналы  кіруіне  беру 
кезінде  1  м  қашықтықта  түзілетін  дыбыстық  қысыммен 
сипатталады. 
 
196 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау