Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет63/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   107

 
 
 
ДК құрамындағы тінтуір тек қана 1980-жылдардың ортасында ғана пайда 
болды. Мұнымен қоса бірінші кеңестік ЭЕМ ұқсас əрекетті құрылғы 
«бауырсақ» деп аталды. 
Барлық компьютерлік тінтуірлердің құрамында компоненттер  қатары 
болады: корпус, түйісулері бар баспа тақшасы, микроауыстырып-қосқыш 
(батырмалар), айналдыру дөңгелегі(-тері). 
Тінтуірлер  əрекет  ету  принципі  бойынша  механикалық,  оптикалық, 
лазерлі, трекбол-тінтуірлер, гироскоптік деп бөлінеді. 
204 


Ең  көп  танымалдары  механикалық,  оптикалық  жəне  лазерлі 
тінтуірлер. 
Механикалық  тінтуір  келесі  негізгі  элементтерден  тұрады. 
Тінтуірдің корпусының төменгі жазықтығында саңылау болады, ол 
пластмасс  тығырықты  бұраумен  ашылады.  Тығырық  астында 
резеңкелі  жабыны  бар  металдан  жасалған  1,5  ...  2,0  см  диаметрлі 
кішкене  шар  болады  (6.3-сурет).  Шарлармен  тікелей  байланыста 
білікшелер  болады.  Сонымен  бірге  білікшелердің  біреуі  ғана 
шармен  басқару  үшін  қызмет  етеді,  ал  басқа  екі  білікшелер 
тінтуірдің  механикалық  жылжуын  тіркейді.  Кілемшемен  тінтуірді 
қозғаған  кезде  шар  қозғалысқа  келеді  де,  онымен  жанасатын 
білікшелерді  айналдырады.  Білікшелердің  айналу  осьтері  өзара- 
перпендикуляр болады. Бұл осьтерде тесілген дисктер орнатылады, 
олар екі пластмасс цоколь арасында айналады. Бір цокольде жарық 
көзі  болады,  ал  басқасында  –  фотосезгіш  элемент  (фотодиод, 
фоторезистор  немесе  фототранзистор).  Растрлы  типті  мұндай 
фотодатчиктің 
көмегімен 
тінтуірдің 
салыстырмалы 
орын 
ауыстыруы нақты анықталады. Екі растрлы датчиктердің көмегімен 
тінтуірдің  орын  ауыстыру  бағыты  (фотосезгіш  элементтердің 
жарықтандыру  реттілігі  бойынша)  жəне  импульстердің  жиілігіне 
байланысты орын ауыстыру жылдамдығы орнатылады. Фотосезгіш 
элементтердің 
шығуындағы 
импульстер 
микробақылаушы 
көмегімен  ДК  үйлесімді  деректерге  түрлендіріледі  жəне  аналық 
тақшаға жіберіледі. 
Механикалық  тінтуірлер  ақпараттың  фотоэлектрлік  орамы 
есебінен оптикалық-механикалық деп те аталады. 
Оптикалық тінтуірлерде оптикалық корреляция деп аталатын 
технология  қолданылады,  мұнда  жиілігі  əдетте  1  кГц  аса  болатын 
шағын  бейнекамералар  жарық  диодымен  жарықтандырылған  бетті 
суретке  түсіреді,  жəне  кескін  кадрларымен  салыстырып,  тінтуір 
орын  ауыстыру  бағытын  анықтайды.  Тінтуір  жылжитын  беттің 
(мата, 
ағаш, 
пластик 
немесе 
арнайы 
кілемше) 
əдетте 
микротегіссіздіктері  болады.  Бұл  микротегіссіздіктер  бетке  аз  ғана 
бұрышпен 
орнатылған 
жарық 
диодтарымен 
жарықтандырылады 
(6.4-сурет),   
оның 
  салдарынан 
микротегіссіздіктер айқын көлеңкелерді лақтырады, 
 
 
6.4 
-сурет. Оптикалық тінтуір əрекет ету принципі
 
 
205 


олар тінтуір камерасымен жазылады жəне мамандандырылған 
микросхемамен өңделеді. 
Оптикалық  тінтуірлерде  спектрдің  қызыл  аумағына  сəйкес 
келетін  толқын  ұзындықты  жарық  диодтары  қолданылады,  себебі 
олар  арзан,  сонымен  қатар  спектрдің  осы  аумағында  жоғары 
сезгіштігі  болатын  кремнийлі  фотоқабылдағыштар  болады. 
Оптикалық  тінтуірлердің  кемшілігі  –  механикалық  жəне 
лазерлілермен салыстырғанда қуатты жоғары тұтынуы. 
Лазерлі  тінтуір  —  оптикалық  тінтуірдің  жетілдірілген  моделі. 
Лазерлі  тінтуірлерде  бетті  жарықтандыру  үшін  жарық  диоды  емес, 
бетті  жарықтандыратын  инфрақызыл  лазерлі  диод  қолданылады. 
Лазерлі 
шағылысудың 
когеренттілігінен 
жұмыс 
бетіндегі 
фокустандыру  нақтырақ  жүзеге  асырылады  жəне  бұл  тінтуірдің 
жұмысы  үшін  оптикалық  тінтуірге  қажет  етілетінге  қарағанда  аз 
өлшемді беттің микротегіссіздігі талап етіледі. Лазрелі тінтуірлерге 
жұмыс үшін аз энергия қажет, ал жұмыс бетінен деректерді оқудың 
нақтылығы оптикалық тінтуірге қарағанда біршама жоғары болады. 
Трекбол-тінтуір  —  «Trackball»  дөңес  шары  қолданылатын 
құрылғы.  Трекбол  құрылғысы  механикалық  тінтуір  құрылғысымен 
өте  ұқсас,  тек  қана  мұнда  шар  жоғары  жағынан  немесе  жанынан 
орналасады. Шарды айналдыру кезінде құрылғының өзі бір орында 
тұрады. Шар екі білікшені айналуға мəжбүрлейді, олардың жылжуы 
ауысудың оптикалық датчигімен тіркеледі. 
Гироскоптік  тінтуірлер  кіріктірілген  МЕМС-технологиясы 
бойынша  дайындалған  гироскоптың  көмегімен  пайдаланушы 
қолының  тек  қана  бетімен  емес,  кеңістікте  де  қозғалыс 
параметрлерін  анықтайды.  Гироскоптік  тінтуірді  қалыпты  тінтуір 
секілді жəне үлкен экрандағы таяқша ретінде де қолдануға болады. 
Мұндай  тінтуір  үлкен  экранда  презентацияларды  көрсету  кезінде 
таптырмайтын зат. 
Компьютерге  қосылу  принципі  бойынша  тінтуірлерді 
компьютермен  электр  кабелімен  жалғанған  желілікке  («құйрықты» 
тінтуірлер)  жəне  түйіспесіз  (сымсыз,  «құйрықсыз»)  деп  бөлінеді. 
Сымсыз тінтуірлер – бұл инфрақызылдар немесе радиотінтуірлер. 
Инфрақызыл тінтуір теледидардың қашықтан басқару пультіне 
ұқсас  жұмыс  жасайды.  Ол  үшін  компьютерге  инфрақызыл 
сəулеленудің  қабылдағышы  орнатылады.  Тінтуір  қозғалысы  бұрын 
қарастырылған  механизмдермен  тіркеледі  жəне  инфрақызыл 
сигналға  түрленеді,  ол  содан  кейін  қабылдағышқа  беріледі. 
Инфрақызыл  сигналды  жіберу  үшін  тінтуір  таратқышы  мен 
компьютер қабылдағышы арасындағы кеңістік жабылмау керек, 
 
 
206 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау