Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет58/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   107

Толқын  кестесінің  негізіндегі  дыбыс  синтезі  (Wave  Table 
Synthesis  —  WT-синтез)  WT-генераторының жады микросхемасына 
біріктірілген  немесе  жады  микросхемасы  түрінде  орындалған, 
арнайы  ROM  сақталатын  шынайы  музыкалық  аспаптар  мен  басқа 
дыбыстардың  дыбысталуының  алдын  ала  цифрланған  үлгілерін 
пайдаланумен  жүргізіледі.  WT-синтездеуіші  жоғары  сапалы 
дыбыстың  тудырылуын  қамтамасыз  етеді.  Синтездің  бұл  əдісі 
қазіргі заманғы дыбыс карталарында іске асырылған. 
WT-синтездеуіші  бар  дыбыстық  карталарда  жады  көлемі 
құралдармен  банктарды  сақтау  үшін  жадының  қосымша 
элементтерін (ROM) орнату есебінен көбеюі мүмкін. 
Дыбыстық  әсерлер  өз  бетінен  элемент  (микросхема)  бола 
алатын,  немесе  WT-синтездеуішінің  құрамына  интеграцияланатын 
арнайы процессор-əсер көмегімен қалыптастырылады. 
 
 
5.4. 
 
ИНТЕРФЕЙСТЕР МОДУЛІ 
 
 
 
Интерфейстер  модулі  дыбыстық  жүйе  мен  басқа  сыртқы  жəне 
ішкі  құрылғылар  арасындағы  деректермен  алмасуды  қамтамасыз 
етеді. 
PCI  интерфейсі  өткізудің  кең  жолағын  қамтамасыз  етеді 
(мысалы,  2.1  нұсқасы  —  260  Мбит/с  аса),  ол  дыбыстық  деректер 
ағынын  параллель  жіберуге  мүмкіндік  береді.  PCI  шинасын 
пайдалану сигнал/шу 90 дб аса  қатынасын қамтамасыз етіп, дыбыс 
сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, PCI шинасы өңдеу 
тапсырмалары  мен  деректерді  жіберу  дыбыстық  жүйе  мен  CPU 
арасында бөлінген кезде дыбыстық деректерді кооперативтық өңдеу 
мүмкіндігін қамтаасыз етеді. 
MIDI  интерфейсң  (Musical  Instrument  Digital  Interface  — 
мызкалық аспаптардың цифрлық интерфейсі) арнайы интерфейспен 
реттеледі, құрамында аппаратты интерфейске сипаттамасы болады: 
арналар,  кабельдер,  порттар  түрі,  олардың  көмегімен  MIDI- 
құрылғылар  біреуі  басқаға  жалғанады,  сонымен  қатар  деректермен 
алмасу  сипаттамасы  болады  –  MIDI-құрылғылар  арасында  ақпарат 
алмасу хаттамасы. Сонымен қатар, MIDI-командалардың көмегімен 
музыкалық 
топ 
сахнада 
өнер 
көрсетіп 
жатқан 
кезде 
жарықтехникалық  аппаратурамен,  видеожабдықтаумен  басқаруға 
болады.  MIDI-интерфейсі  бар  құрылғылар  өзінің  бейнелі  MIDI- 
желісін құрып, дəйекті түрде жалғанады, 
 
187 


құрамына  бақылаушы  кіреді  –  басқаратын  құрылғы,  оның  орнына 
ДК  де,  музыкалық  клавиштік  синтездеуіш  те  қолданылуы  мүмкін, 
сонымен  қатар  ақпаратты  бақылаушыға  оның  сұрауы  бойынша 
жіберетін  жетекші  құрылғылар  да  (қабылдағыштар)  пайдаланылуы 
мүмкін. 
MIDI-желіге ДК қосу арнайы MIDI-адаптердің көмегімен жүзеге 
асырылады,  оның  үш  MIDI-порты  болады:  енгізу,  шығару  жəне 
деректерді  өтпелі  жіберу,  сонымен  қатар  джойстиктерді  қосу  үшін 
екі жалғағыш болады. 
ДК  дыбыстық  жүйесінің  еншілес  платаны  жалғау  үшін  арнайы 
интерфейсі  болады.  Еншілес  платаны  орнату  есебінен  дыбыстық 
жүйенің  полифониясын  көбейтуге  жəне  синтездеу  əдісін  өзгертуге 
болады.  Сонымен  қатар,  егер  FM-синтезі  қолданылған  болса,  онда 
WT-синтезін  қосуға  болады.  Бұл  жағдайда  еншілес  плата  Wave 
Table  Connector  дыбыстық  тақшасындағы  арнайы  жалғауышқа 
орнатылады  жəне  əдетте  аспаптар  кітапханасымен  жады 
микросхемасы мен WT-синтездеуіші болады. 
 
 
5.5. 
МИКШЕР МОДУЛІ 
 
Дыбыс картасының микшерінің модулі мыналарды орындайды: 
■ 
дыбыстық сигнал қабылдағыштары мен көздерінің коммутациясы 
(қосу/ажырату), сонымен қатар олардың деңгейін реттеу;
 
■ 
бірнеше дыбыстық сигналдарды микширлеу (араластыру) жəне 
нəтижелеуші сигнал деңгейін реттеу.
 
Микшер модулінің негізгі сипаттамалар санына келесілер жатады: 
■ 
жаңғырту арнасындағы микширленетін сигналдар саны;
 
■ 
əр микширленетін арнада сигнал деңгейін реттеу;
 
■ 
жалпы сигналдың деңгейін реттеу;
 
■ 
күшейткіштің шығу қуаты;
 
■ 
дыбыстық сигналдардың сыртқы жəне ішкі қабылдағыш/көздерін 
жалғауға арналған жалғағыштардың болуы.
 
Дыбыстық  сигнал  көздері  мен  қабылдағыштары  микшер  модулімен 
сыртқы  немесе  ішкі  жалғағыштар  арқылы  қосылады.  Дыбыстық  жүйенің 
сыртқы  жалғағыштары:  Joystick/MIDI  —  джойстикті  немесе  MIDI- 
адаптерді  қосу  үшін;  Mic  In  —  микрофонды  қосу  үшін;  Line  In  — 
дыбыстық  сигналдардың  кез  келген  көзін  қосуға    арналған    сызықтық  
кіру;  Line  Out  —  дыбыстық  сигналдардың  кез  келген  қабылдағыштарын 
қосуға арналған сызықтық шығу; 
 
188 


Speaker  —  бас  телефондарды  (құлаққап)  немесе  пассивті 
акустикалық жүйені қосуға арналған. 
Микшермен  бағдарламалық  басқару  не  Windows  құралдарымен, 
не  дыбыстық  картаның  бағдарламалық  қамтамасыз  етуімен 
жиынтықта  жеткізілетін  микшер-бағдарламасының  көмегімен 
жүзеге асырылады. 
Sound  Blaster  стандарты  DOS  арналған  ойындар  түріндегі 
қосымшаларды  сүйемелдейді,  оларда  дыбыспен  сүйемелдеу  Sound 
Blaster 
тобының 
дыбыстық 
карталарына 
бейімделумен 
бағдарламаланған. 
Microsoft  фирмасының  Windows  Sound  System  стандартына 
(WSS)  негізінен  бизнес-қосымшаға  бейімделген  бағдарламалар 
пакеті мен дыбыстық карта кіреді. 
 
5.6. 
ЦИФРЛЫҚ ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕ 
 
ДК дыбыстық жүйесінің архитектурасы 5.6-суретте көрсетілген. 
Мұндай  дыбыстық  жүйеде  дыбыстық  кодек  AC  (Audio  Codec)
енгізу-шығару  аналогты  микросхемасы  мен  цифрлық  бақылаушы 
DC  (Digital  Controller  құрылғылары  арасында  аналогты  жəне 
цифрлық сигналдарды өңдеу функциялары арасында бөліну болады. 
Бұл  құрылғыларды  арнайы  цифрлық  интерфейс  жалғайды  А  AC- 
linc.  Дыбыс  сапасы  электр  бөгеттеріне  бейімсіз,  ДК  корпусның 
ішінде  болатын  байланыстың  цифрлық  желісінің  көмегімен 
аналогты  жəне  цифрлық  микросхемаларды  жалғау  есебінен 
барынша  көтеріледі.  Дыбыстық  жүйеде  дамытылған  интерфейс 
жəне  өткізудің  кең  жолағымен  PCI,  USB,  IEEE  1394  шиналары 
қолданылады. 
Цифрлық  акустикалық  жүйені  USB  негізінде  жалғау  кезінде 
цифрлы-аналогты  түрлендіргіш  ДК  электр  бөгеттерімен  қаныққан 
корпусының сыртына шығарылады жəне 5.7-суретте көрсетілгендей 
мысалы,  акустикалық  жүйенің  бағаналарына  орнатылады.  Кабель 
бойымен  цифрлық  пішіндегі  бөгеттерден  бос  дыбыстық  сигналдар 
жіберіледі, дыбысты жаңғырту сапасы артады. 
Digital Ready жүйелері PCI- дыбыстық жүйелердің келесі буыны 
болып  табылады.  Бұл  жүйелерде  цифрлік  бақылаушы  мен  PCI 
интерфейсті  басқа  дыбыстық  құрылғылар  дыбыстық  ақпарат 
ағындарын  өңдейді,  содан  кейін  оларды  USB  немесе  IEEE  1394 
интерфейстері  арқылы  сыртқы  құрылғыларға  бағыттайды.  Digital 
Ready дыбыстық жүйелердің араласқан кескіндемесі болуы мүмкін, 
яғни аналогты да, цифрлік те шеткері құрылғылар кіру мүмкін. 
 
189 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау