С.Қ. Малыбаев, Н. А. Данияров, А. Ж. Қарсақова



жүктеу 1,32 Mb.
Pdf просмотр
бет10/40
Дата14.11.2018
өлшемі1,32 Mb.
#19750
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40

 
 
Арнайы  электровоздар  (шойын  таситын,  болат  таситын)  ерекше  тапсы-
рыстар бойынша орындалады.  
Жерастында  кен  өндіру  кәсіпорындарында  (шахталар  мен  кеніштерде) 
кеніштік электровоздар пайдаланылады. 
Кернеуі 3 кВ  тұрақты  токты учаскеде  жұмыс істейтін, негізгі электро-
воздар  ВЛ8,  ВЛ10,  ВЛ11  жүк  электровоздары  және  ЧС2,  ЧС6,  ЧС7  және 
ЧС200  жолаушылар  электровоздары  болып  табылады.  Айнымалы  ток 
учаскелерінде    (25кВ)  ВЛ60
к
,  ВЛ80
к
,  ВЛ85  жүк  электровоздары  және    ЧС4, 
ЧС8 жолаушылар электровоздары пайдаланылады. ВЛ11, ВЛ60
к
, ВЛ85  элек-
тровоздары көптеген бірліктер жүйесі бойынша жұмыс істей алады. 
Ашық  түрде  кен  қазудағы  жұмыстар  үшін  кернеуі    10  кВ,  айнымалы 
токты  Д100
м
,  Д94, 13Е, 21Е, 26Е, EL1, EL2 электровоздары  қолданылады. 
Шымтезек  өндіруші  кәсіпорындардың  тар  жолтабандық  темір  жолдарында 
кернеуі  6 кВ ТЭУ-1 айнымалы токты төрт осьті электровоздары пайдаланы-
лады. 
Карьерлердің тереңдігі мен  қуатының ұлғаюымен тау-кен массасын та-
сымалдау көлемі де өсті.  Сәйкес түрде тартым  күші  үлкен аса қуатты элек-
тровоздар  талап  етілді.  Электрлендірілген  темір  жолдарда  локомотивтердің 
тартым күшін ұлғайтуға бірнеше тәсілмен қол жеткізуге болады: 
1)  көптеген  бірліктер  жүйесі  бойынша  пайдалану  арқылы,  бірақ  бұл 
түйіспе желісіне  аса көп ток жүктемелерін түсуіне әкеліп соғады; 
2)  локомотивтің  салмағын  ұлғайту  (балластау)  арқылы,  бірақ  бұл 
поездың пайдалы жүк көтергіштігін азайтады. 
Осы тұрғыдан  алғанда, тартымдық агрегаттар – басқару электровозынан 
және  бір  немесе  екі  моторланған  өзі  түсіргіш  вагондардан  (думпкарлардан) 
тұратын,  көлік  құралдары  жасалған  болатын.  Тартымдық  агрегаттар 
конструкцияларының ерекшелігі, олардың меншікті конструкциялық салмақ 
есебінен ғана емес, сонымен бірге  моторлы думпкарлармен тасымалданатын, 
пайдалы жүк есебінен де қажетті тартым күшін іске асыруы болып табылады. 
Бірінші тартымдық агрегаттар 1964 жылы КСРО тапсырысы бойынша ГДР-
да  салынған  болатын  және  олар EL2 электровозы  мен    ВС-80  думпкары 
түрінде шығарылды. Қазіргі уақытта тартымдық агрегаттар  Днепропетровск 
(ДЭВЗ, Украина) және Новочеркасск (НЭВЗ, Ресей) қалаларындағы электро-
воз жасау заводтарында  шығарылады. 
Тартымдық агрегаттар конструкцияларының негізгі жетістіктері - келесі: 
1)  ілініс  массасының  үлкендігі, 400 т  дейін  (электровоздарда 200 т. 
дейін); 
2)  тартымдық электр қозғалтқыштар қуатының үлкен жиынтығы, 6000 
кВт шамасында (электровоздарда 3000 кВт дейін); 
3)  80-100  ‰  дейін    тік  көтерілуді  жеңу  мүмкіндігі  (электровоздарда  
40‰ дейін, тепловоздарда  30‰ дейін); 
4) қызметтерінің үйлесуі (тартым және тасымалдау); 
5) басқару жүйесінің электровоздарға қарағанда аса жақсы жетілгендігі; 
                                                                   24
                            


 
 
6)  автономдық  қоректендіру  көзінің  бар  болуы  (электрмен  жабдықтау  
болмағанда); 
7)  тұрақты  және  айнымалы  токтармен  электрмен  жабдықталу 
мүмкіндігі. 
Тартымдық агрегаттардың негізгі типтеріне: 
-  тұрақты токта жұмыс істейтін - ПЭ1, ПЭ2
м

-  айнымалы токта жұмыс істейтін - EL10, ОПЭ1, ОПЭ2 тартымдық аг-
регаттары жатады. 
ПЭ2
м
 
тартымдық 
агрегаты 
ДЭВЗ 
шығарылатын 
тартымдық 
агрегаттардың  барлық  типажы  үшін  базалық  модель  болып  табылған. 
Басқару  электровозынан  және  екі  моторлы  думпкардан  тұрады,  осьтік  фор-
муласы 3(2
о
 - 2
о
).  Тартымдық  агрегаттың  іліністік  салмағы 368 т,  бұл  кезде 
думпкарлардың жүк көтергіштігі 45 тоннадан болады. 
 
 
 
                                                                   25
           
     
     
 
 
     ДЭ 
       В 
      В 
   ДЭВЗ, НЭВЗ  
 
 
 
 
 
 
        В 
      В 
   ДЭВЗ 
      Э 
 
 
 
ДЭ - дизель-электрлік секция; В - моторлы думпкар; Э -  басқару электрово-
зы; Д – дизельдік секция. 
 
1.2-сурет Тартымдық агрегаттар секцияларын жинақтау сұлбалары 
 
Басқару  электровозының  машинист  кабинасының  алдыңғы  шетіне 
ығыстырылған будка пішінді шанағы бар.  Түйіспе желісіндегі 1500 В немесе 
3000 В кернеу кезінде жұмыс істейді. ПЭ2
м
-да ендірілген: басқару электрово-
зы  немесе  думпкарлар  рельстен  шығып  кеткен  кезде  поезды  бақылау  және 
апаттық  тоқтату  құрылғысы;  машинист  кабинасынан  думпкарларды  аралық 
түсіру құрылғысы; машинист поезды басқару қабілетін жоғалтқан жағдайда  
 
       Д 
 
       В 
 
 
      Э 
Германия 
                            


 
 
автотоқтату  және  қауіпсіздік  құрылғысы  және  т.б.  ПЭ1  ПЭ2
м
-нен    күштік 
тізбектердің  және  басқару  тізбектерінің  аса  қарапайым  сұлбаларымен  ғана 
ерекшеленеді.  
EL-10  тартымдық агрегатының 3(2
о
 - 2
о
) осьтік формуласы бар, іліністік 
салмағы 366,5 т  және  басқару  электровозы  мен  екі  моторлы  думпкардан  
тұрады. Электрлендірілмеген жолдарда жұмыс істеу үшін тартымдық агрегат 
автономдық  қоректендірудің  қуаты 750 а.к.  дизель-генератор  көзімен 
жабдықталған,  ол  тікелей  басқару  электровозында  орналасады.  Пайдалану 
тәжірибесі белгілі қозғалыс жылдамдықтарымен қозғалу үшін  750 а.к. қуаты  
жеткіліксіз болып табылатынын, ал дизель-генератордың басқару электрово-
зында  орналасауы  локомотив  бригадасының  жұмыс  істеу  жағдайларын 
едәуір нашарлататынын көрсетті.   
ОПЭ1  тартымдық  агрегатының  конструкциясында  автономдық 
қоректенді-рілетін  дизель-генератор  көзі  жеке  секцияда  орналасады.  ОПЭ1  
тартымдық  агрегаты  басқару  электровозынан  және  моторлы  дизель  секция-
сынан тұрады, олардың магистральді электровоздар типі бойынша  машинист 
кабинасы  шетте  орналасқан,  вагон  пішінді  шанағы  бар.  Дизель-генератор 
қондырғысының қуаты 2000 а.к. Конструкцияның негізгі кемшілігі  кузовтың 
вагондық  пішіні  болып  табылады,  бұл  локомотив  бригадасының  думпкар-
лармен  алға  қозғалған  кезде  нашар  көруіне  әкеліп  соғады,  құрамды  тиеу 
және  түсіру  кезінде    машинист  кабинасынан  айналаны  шолу  мүмкіндігінің 
жоқтығы,  қозғалыс  бағытын  өзгерткен  кезде  кабинадан  кабинаға  ауысуға 
уақыттың шығындалуы. 
 
1.8 Энергетикалық жүйелер және электр тартымы 
 
Электрлік жылжымалы құрам  (ЭЖҚ)   энергияны  электр станциялары-
нан алады. Электр энергиясы өнеркәсіптік жиілігі  50 Гц және 6-15 кВ кернеу 
кезінде үш фазалы айнымалы ток түрінде электр станцияларында генерация-
ланады.  Содан  кейін  электр  берілісінің  желілері  (ЭБЖ)  бойынша  кернеуі 
трансформаторлардың көмегімен 0,127-10 кВ дейін төмендетілген аудандық 
(төмендеткіш) қосалқы станциялар арқылы электр энергиясы тұтынушыларға 
беріледі. Бұл тұтынушылардың бірі  электрлік жылжымалы құрам болып та-
былады. Жоғарыда айтылып кеткендей, электрлендірілген темір жолдарда екі 
ток  жүйесі:  тұрақты  және  айнымалы  токта  қолданылады.  Тұрақты  токта 
жұмыс  істеу  кезінде  үш  фазалы  ток  темір  жол  бойында  орналасқан, 
тартымдық  қосалқы  станцияларға  келтіріледі,  бұл  станцияларда  кернеудің 
төмендеуі  жүзеге  асырылады  және  үш  фазалы  ток  электровоздың  электр 
қозғалтқыш-тарына  берілетін,  тұрақты  токқа  түрленеді.  Айнымалы  токта 
тарту  кезінде  үш  фазалы  ток  оның  жиілігі  өзгертілмей,  бір  фазалы  токқа 
түрленеді  және  әрі  қарай  түйіспе  желісі  бойымен  ЭЖҚ  ток 
қабылдағыштарына келтіріледі. 
Сымдардың    қимасы  тұрақты  ток  кезінде  шамамен 500 мм
2
,  айнымалы 
ток  кезінде - 120-140 мм
2
.  Тартымдық  қосалқы  станциялар  арасындағы  ара 
                                                                   26
                            


жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау