- келу паркінде – жағдайды бақылау, вагондардың барлық ақаулықтарын
табу мақсатымен техникалық тексеру,жарым-жартылай жөңдеу; |
- құрастыру паркінде – құрамдарды құрастыру үрдісінде пайда болған
ақауларды табу және жөнелту паркінде ақауланған вагондарды өткізбеу
мақсатымен, сонымен қатар арнайы берілген жолдарда ағымды жөңдеу
мақсатымен вагондарды техникалық тексеру;
- жөнелту паркінде – құрастыру және келу паркінде тексерушілермен
табылған, құрамнан ағытусыз вагондардың барлық ақаулықтарын жою,
сонымен қатар жөнелту паркінде жөңдеу бригадаларымен; техникалық
жағдайын бақылау және вагондардың ағымды жөңдеуін вагондарды
тексеруші-жөңдеуші немесе вагондарды тексеруші және бригадалы-топты
әдіспен слесарлар орындайды
Станса немесе келу паркі бойынша кезекші пойыздың қабылдау жолын
және келу уақытын көрсетіп, телефон немесе парктік байланыс арқылы келу
паркінің вагондарының тексерушілеріне көрші стансадан пойыздың
жақындауы туралы хабар береді. Егер бір уақытта бірнеше пойыз келетін
болса, онда кезекші олардың тексеруінің кезектесуі туралы хабарлайды.
Вагондарды тексерушілер, поыздың жақындауы туралы хабарды
алғаннан кейін,
қабылдау жолдарына шығады, бір топ шектік бағана
бойында немесе артқы вагонның тоқтау орнында орналасады және пойызды
жүру қалпында қабылдайды, ал басқасы – пойыздың алдыңғы бөлігінің
тоқтау орнында орналасады. Үш немесе төрт топ қарайтын пункте, үшінші
және төртінші топтар жергілікті технологиялық процеспен бекітілген жерде
поызды қабылдайды.
Егер пойыздарды қабылдау кезінде көршілес жолдарда айлалық
жұмыстар жүріп жатса, онда станса кезекшісі бұл туралы вагон
тексерушілерді ескертеді. Өрмелеумен тексеру пойыз локомотиві өткеннен
кейін және құрамды тоқтау сигналдарымен қоршаудан кейін басталады.
Стансаға келгенде локомотив ағытылмайтын құрамды, басынан да аяғынан
да бекітілген ретпен қоршайды.
Егер вагонды тексеру үрдісінде ақаулықтар анықталса, онда шанақтың
бүйір қабырғаларында, платформаның борттарында және цистернаның
қазандығында борлы шартты анық белгілеулерді енгізеді, ал қажет болғанда
вагон ағытпасында шартты, технологиялық үрдіспен бекітілген белгіні
қояды. Құрамды дөңестен өткізу кезінде белгілеуден байланысты бұл
вагондарды қажет жолдарға бағыттайды.
Келген пойызды тексеру аяқталғаннан кейін әрбір топтың жоғарғысы
ТТЕ операторына немесе құрамды тексеру нәтижесі бойынша жоғарғы
тексерушіге баяндайды, ағытылатын вагондардың нөмірлерін , және олардың
ақаулық сипатын көрсетеді. Бұл мәліметтерді алып, ТТЕ операторы немесе
жоғарғы вагондарды тексеруші, вагон астарында бригада жұмыскерлері жоқ
екеніне көз жеткізеді, содан соң қоршау сигналдарын шешу туралы бұйрық
береді, дауыс күшейткіш байланысы немесе парк бойынша кезекшінің
телефоны арқылы техникалық тексерудің аяқталуы арқылы хабарлайды,
80