Экономикалық теория
115
Өзіндік табыс – ол, үй шаруашылығының барлық
табыстары және трансферттік төлемдер.
Тиісті табыс = өзіндік табыстан салықты алу.
Соңғы уақытта ЖҰӨ құрылымына тағы бір көрсеткіш –
таза экономикалық молшылық (ТЭМ) қосылуда. ЖҰӨ
көрсеткішінде халықтың бос уақыты ескерілмейді. Бос уақыт
мөлшері жан басына шаққандағы ұлттық табыс секілді
мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі сипаттайды.
Американдық экономистер У.Нордхаус және Дж.Тобин ЖҰӨ
теріс факторларды мәселен, табиғи ортаның ластануын және
нарықтық емес қызметтерінен құнның қосылуынан, сонымен
қатар бос уақытты бағалауды шегеріп түзейтін, таза
экономикалық молшылық (ТЭМ) көрсеткішін айналымға енгізді.
ҰЕЖ барынша толық біріктірме көрсеткіші ең тұрақты,
объективті және нарықтық ауытқулармен бекітілген көрсеткіш
ұлттық байлық (ҰБ) болып табылады. Ұлттық байлық өз алдына
нақты бір тарихи датаға мемлекеттің даму тарихы кезеңінде
мемлекеттің дамуының белгілі бір нәтижесін білдіреді. Ұлттық
байлық жыл сайын өндірілген ЖҰӨ өседі. ҰБ мөлшеріне
мемлекеттегі экономикалық өсуді айқындайтын абсолютті
барлық факторлар әсер етеді. ҰБ құрылымы – бұл, ең алдымен,
негізгі және айналмалы өндірістік қорлар (станок, машина,
жабдық, шикізат пен материалдар қоры), материалды және
рухани
құндылықтар
(кітапхана,
сәулет
құрылыстары,
мұражай), дайын өнім қорларының жиынтығы, мемлекеттің
стратегиялық қорларының барлық түрлері, халық мүліктері,
яғни ұзақ мерзімді қолданылатын тауарлар, шаруашылық
айналымда барланған және қолданылатын табиғи ресурстар,
мемлекеттің рухани байлықтары, ғылыми-техникалық ойлары,
жинақталған ақпараттық ресурстары, білім беру деңгейі және
қоғамның адам капиталын құрайтын т.б.
10. 3. Номиналды және нақты ЖҰӨ. Дефлятор
ЖҰӨ-ді ағымды бағамен есептегенде бұл номиналды ЖҰӨ
болады. ЖҰӨ - өсу деңгейіне қарай экономиканың динамикасы
бағаланады. Тауар мен қызмет көп болған сайын ЖҰӨ-де көп
Н. А. Маженова
116
болады. Бірақ мұндай әрқашан бола бермейді. ЖҰӨ - құндық
мөлшері өскенде, өнімнің физикалық көлемі төмендейді, яғни
онда тауарлар өндірісінен олардың бағасы жылдам өседі.
Сондықтан салыстырмалы базистік бағада есептелінетін нақты
ЖҰӨ анықтайды. ЖҰӨ нақты мөлшерін көрсету үшін дефлятор
қолданылады. Дефлятор көмегімен ҰЕЖ барлық маңызды
көрсеткіштері қайта есептелінеді. Дефлятор – бұл есептік
кезеңге құндық көрсеткіш мәнін базистік кезеңнің құндық
көрсеткіштеріне аударатын коэффициент.
Егер ЖҰӨ инфляциядан тазартатын болсақ онда оның
нақты мағынасын табамыз. Нақты ЖҰӨ – бұл баға деңгейіндегі
өзгеріске байланысты ЖҰӨ. Номиналды ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-
ге қатынасы, оның бағасының өсуі ретінде ұлғайғаны
көрсетіледі де, ол дефлятор деп аталады.
Сонымен, ЖҰӨ дефляторы, ол ЖҰӨ нақты көлемін
анықтау үшін қолданылатын баға индексі.
Осы жылдың ЖҰӨ баға деңгейі
Дефлятор = ───────────────────────── • 100%
Базалық жылдың ЖҰӨ баға деңгейі
Номиналды ЖҰӨ
Дефлятор = ──────────────
Нақты ЖҰӨ
Дефлятор ЖҰӨ мөлшерінің барлық бағалық (инфляциялық)
бұрмалануын еңсереді. Мысалы, 2011 ж. нақты ЖҰӨ мынадай
формуламен белгілейміз:
Нақты ЖҰӨ
2011
= Q
2011
• Id
Q
2011
– тауардың саны;
Id – индекс дефлятор.
Индекс - дефляторлар жалпы халық шаруашылығы, жеке
аймақтар, әртүрлі тауарлы топтар, экономиканың салалары және
т.б. бойынша анықталынады.
Экономикалық теория
117
Егер, нақты ЖҰӨ жылдық өсімі 4%-дан артса, онда
экономика жағдайы қанағатты, ал 4%-дан төмен болса, онда
өндірістің деңгейі төмендеу және жұмыссыздық өседі.
ҰЕЖ қарастырылған барлық көрсеткіштерін жиынтық
ретінде ғана емес, сонымен қатар, жан басына шаққанда есептеу
қажет. Бұл көрсеткіш мемлекет дамуының деңгейін, оның
халқының ауқаттылығының деңгейін сипаттайды. Қытай өндіріс
көлемі бойынша АҚШ-тан кейін екінші орында. Бірақ егер
өндірісті жан басына шаққандағыдай есептесе, онда Қытай
көшбасшылықтан ары, тоғызыншы ондықта болар. Бұл
көрсеткіштер бойынша жетекші орында Швейцария, Швеция,
Голландия, Скандинав елдері болады.
Бір адам басына келетін ЖІӨ ҚР 2011 ж. 11000 долл.
болды. Сонымен қаралған макроэкономикалық көрсеткіштер
негізі – елдердің экономикасының әртүрлі жағын көрсетеді.
Қайталауға арналған сұрақтар
1. Макроэкономика нені зерттейді?
2. Қандай негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бар?
3. ЖҰӨ мен ЖІӨ арасында қандай айырмашылық бар?
4. Ұлттық табыс нені көрсетеді және қалай анықталады?
5. ЖҰӨ қандай әдістермен өлшенеді?
6. Ұлттық есеп жүргізушілік не үшін қажет?
7. ЖҰӨ дефляторы мәні қалай анықталады?
Жаңа терминдер мен ұғымдар
Жалпы Ұлттық өнім
Жалпы ішкі өнім
Ұлттық табыс
Таза ұлттық өнім
Жеке табыс
Тиісті табыс
Ұлттық байлық
Таза экспорт
Қосымша құн
Достарыңызбен бөлісу: |