Н. А. Маженова
104
мұндағы t – ссудалық пайыз ставкасы;
R
A
– жылдық табыс;
K – несие сомасы.
Ссудалық пайыздың ставкасына келесідей факторлар әсер
етеді:
1. Тәуекел. Несие берушінің ссуданы қайтарылмауы мүмкін
секілді қауіптенуі көп болған сайын, пайыз ставкасы жоғары
болады және керісінше.
2. Ссуда мерзімі. Ссуда барынша ұзақ мерзімге берілетін
болса, несие берушіде жіберілген (балама) мүмкіндіктер көп
болады. Және қайтарылмау тәуекелі. Сондықтан несие беруші
пайыз ставкасының артуымен орнын толтырады.
3. Ссуда мөлшері. Өзге тепе-теңдік жағдайда пайыз
ставкасы аз мөлшердегі ссудадан жоғары, себебі әкімшілік-
басқарушылық шығындар ссуданың кез келген мөлшерінде
бірдей болады.
4. Салық салу. Кейбір несие нысандары, тиісінше, несие
берушінің табыстарына салық салынатындықтан, несие беруші
көрсетілген салықты пайыз құрамына қосып, оның мөлшерін
ұлғайтады.
5. Ссудалық капитал нарығының монополизациялану
деңгейі. Бір аймақта барынша аз банк қызмет көрсетсе, пайыз
ставкасы жоғары болады, және керісінше. Мұнда монополия
бәсекені басады және несиелеудің өзіндік шарттарын орнатады.
Ссудалық капитал қозғалысының өте маңызды жағы оның
дисконттауы – несиелеу мерзімінің басы мен соңында ссудалық
капитал мөлшерінің бір ортақ бөлгішке келтіру болып
табылады. Ссуданы, әсіресе, ұзақ мерзімге беру үшін біз
ақшаның (табыстың) қазіргі құнын есептеуіміз керек немесе
бүгінгі шығындар мен болашақтағы табыстарды теңестіруі
қажет. Басқаша айтқанда, инфляция деңгейін ескеру керек.
Дисконттау формуласы келесідей түрде болады:
Vt
Vр = ───
(1+r)t
Экономикалық теория
105
мұндағы - V
p
– болашақтағы ақша сомасының бүгінгі құны;
V
1
– бүгінгі ақша сомасының болашақтағы құны (берілген
несие сомасына қосылған оның пайызы);
t – жыл саны;
r – пайыз ставкасы.
Сонымен, пайыздың номиналды ставкасын болжанбалы
инфляция мөлшеріне түзетеміз және оның нақты ставкасын
аламыз. Әйтпесе, несие берушілер зардап шегуі мүмкін.
Біріншісі – бұл есеп ставкасы немесе ол бойынша Ұлттық
Банк коммерциялық банкті қаржыландыратын ставкасы.
Екіншісі – банктің шығынсыз қызмет етуін қамтамасыз ететін
пайыз, және үшіншісі – банк салымшыларына төленетін банктік
пайыз.
Бұл
үш
компонент
ссудалық
пайыз
ұғымына
біріктіріледі, бірақ банктің шынайы табысы оның тек екінші
компоненті болып табылады.
Ссудалық пайыз және оның мөлшері кәсіпкерлік қызметтің
дамуында үлкен рөл атқарады. Пайыздың қолжетімді ставкасы
кезінде капиталсыйымды өндірістерде, құрылысқа инвестициялар
артады, өндіріс масштабтары ұлғаяды. Жоғары пайыз кезінде
барлық экономика зардап шегеді, әсіресе машина жасау,
металлургия.
Дисконттау
үдерісін
жеңілдету
үшін
болашақтағы
табыстардың бүгінгі құнын жылдам есептеуге және дұрыс
шешім қабылдауға көмектесетін арнайы кестелер бар.
Пайыз санатын талдау кезінде номиналды және нақты
пайыздық ставкасын ажырата білу маңызды. Номиналды ставка
– бұл пайыздың инфляция қарқынын ескерусіз ағымдағы
нарықтық ставка. Нақты ставка – бұл күтілетін инфляция
қарқыны алып тасталынған номиналды ставка. Мәселен,
номиналды пайыздық ставка 9%-бен, инфляцияның күтілетін
қарқыны жылына 5%, нақты пайыздық ставка (9-5)=4%.
9.4. Жер рентасы – жер иесінің факторлық табысы
Экономикалық қатынастар ауылшаруашылығында олар
өндіріс факторларының табиғи өндірістің ұдайы өндірілмейтін
себебі бойынша туындайтын ерекшелігімен ажыратылады. Олар
Н. А. Маженова
106
жерді, пайдалы қазбаларды және жылжымайтын мүлікті
пайдаланудан пайда болады және ренттік деп аталады.
Экономикалық рента – жалға алушымен жерді пайдаланғаны
және табыс алғаны үшін жер иесіне төлейтін баға.
Ауылшаруашылықтағы
экономикалық
қатынастардың
ерекшелігі олар үш тұлға: жер иесі, жалға алушы және
жалдамалы
жұмысшы
арасында
туындайтындығында.
Ауылшаруашылықтағы ерекшелік оның маусымдылығында
жатыр. Жыл басынан бірте-бірте шығындар жұмсалады, егінді
бір жылда бір рет қана алады. Өндіріс кезеңі жұмыс кезеңінен
едәуір көп болады. Ауылшаруашылық техникасын қолдану
тиімділігінің төмендеуі орын алады, өндіріс шығындары артады.
Сондықтан азық-түлік орташа шамада өнеркәсіп өнімдерінен
құны бойынша қымбат болады. Ауылшаруашылық өндірісі
ешқашан өнеркәсіпте орташа еңбектің қормен жарақтандырылуына
да жете алмайды.
Құнарлығы мен орналасу орны бойынша жақсы жерлер
шектелген болғандықтан, шаруашылық айналымға жердің
нашар учаскелері де тартылады. Қоғам экономикалық тұрғыдан
оларсыз қанағаттана алмайды, себебі өнеркәсіп үшін шикізат
керек, ал халық үшін азық-түлік қажет. Қоғам өндірушілерге
өндіріс шығындарын нашар учаскелерінде де өтеуге міндетті.
Ауыл шаруашылығында өнім бағасы ең нашар учаскенің өндіріс
жағдайлары бойынша қалыптасады. Сондықтан, жақсы және
орташа жер учаскелері бар жер иелері, бірдей шығындар
кезінде, дифференциалдық рента 1 деп аталатын қосымша
табыс алады. Егер де жерді жақсартса, яғни минералды
тыңайтқыштарды қосу, суландыру жүргізсе, каналдар құрса,
батпақты құрғатса, өзге сөзбен айтсақ, жерге капитал салса, жер
барынша құнарлы бола бастайды. Келешекте бұл жер барынша
құнарлы болады және дифференциалды рента 2 деп аталатын
қосымша табыс беретін болады.
Жер иелері табыс алу (рента) мақсатында жерді жалға
беретіндіктен, онда олар оны алуға тиіс. Бірі қалмай, барлығы,
соның ішінде нашар жер иесі де алуға тиіс. Тиісінше, рентаның
экономикалық негізі жерге жекеменшік болып табылады.
Ауылшаруашылығында жұмыс күшінің бірлігі өнеркәсіпке
Достарыңызбен бөлісу: |