Н. А. Маженова экономикалық теория



жүктеу 1,3 Mb.
Pdf просмотр
бет31/50
Дата14.11.2018
өлшемі1,3 Mb.
#19409
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50

Экономикалық теория 
 
107 
қарағанда, техниканың барынша аз саны ғана қызмет көрсетеді. 
Мұнан,  ауыл  шаруашылық  өнімінің  жоғары  құны  шығады. 
Рентаның бұл түрін бірі қалмай барлығы алады және абсолютті 
деп  аталады,  соның  ішінде  нашар  жер  учаскесі  де.  Сандық 
тұрғыда  ол  оңай  анықталынады.  Ауылшаруашылықтың  жалпы 
құнынан  (ол  жоғары)  оның  өндіріс  бағасы  (ол  кішігірім) 
шегеріледі.  
Жер  рентасы  табиғи  және  ұдайы  өндірілмейтін  өндіріс 
факторын  қолданудың  нәтижесі  болғандықтан,  мұндай  фактор 
болған  барлық  жерде  туындайды:  құрылыста,  өнеркәсіптің 
өңдеуші салаларында т.с.с. 
Жер  де  сатылады  және  сатып  алынады.  Негізінде,  жердің 
өзі  емес,  ол  алып  келетін  табыс  сатып  алынады.  Осыдан  шыға, 
жер бағасы келесі формуламен есептелінеді:  
 
R
n
 
       V
p
 = ----------- x 100%, 
Банк, % 
 
мұндағы –  V

– жер бағасы;  R

– жер рентасы.  
Пайыз  нормасынан  тәуелді  рентаны  есептеуі  жер,  оның 
ресурстары  немесе  оның  үстінде  жылжымайтын  мүліктер 
орналасқан  секілді  капиталдық  активтерді  дисконттаудың 
әртүрлілігін білдіреді.  
Рентаның  дисконтталған  мөлшері  белгілі  бір  кезеңге 
өндірістің  осы  факторларын  қолдану  туралы  келісім-шартты 
жасасу кезінде қажет.  
 
Қайталауға арналған  сұрақтар 
 
1.  Өндіріс факторлар нарығына не кіреді? 
2.  Әр түрлі өндіріс факторларының табыстары мен түрлері 
қандай? 
3.  Еңбектің  жұмысшы  күшінен  айырмасы  бар  ма?  Нақты 
мысалдармен дәлелдеңіз. 
4.  Номиналды 
және 
нақты 
жалақының 
арасындағы 
айырманы  қалай  түсінесіз,  өз  өміріңізден  соған  мысал  келтіре 
аласыз ба? 


Н. А. Маженова 
 
108 
5.  Еңбек нарығындағы тепе-теңділік толық жұмысбастылықты 
көрсете  ме?  Елімізде  толық  жұмыссыздықты  жоюға  ұмтылуымыз 
керек пе? Теріс және дұрыс жауаптарын дәлелдеңіз. 
6.  Халықтың  қандай  топтары  жалақы,  кәсіпкерлік  пайда, 
жер  рентасы,  қарыздық  пайыз  алады.  Әртүрлі  әлеуметтік 
топтардың табысын экономикалық мазмұнын түсіндіру керек. 
7.  Кәсіпкерлік  табыс  көзін  түсіндіріңіз.  Оның  көзі  не 
болады: еңбек, кәсіпкерлік рух, тәуекелділік немесе күту?  
8.  Қарыз  капиталының  пайда  болу  қажеттілігін  айтыңыз? 
Қарыз  капиталының  бағасы  ретінде  қарыз  пайызының 
мазмұнын ашу керек. 
9.  Қарыз  пайыздың  ставкасы  мөлшеріне  қандай  факторлар 
әсер етеді. 
10.   Дисконтілеу экономикалық мазмұны нені тұжырымдайды? 
11.   Ауылшаруашылығы  өндірісінің  ерекшеліктері  неден 
тұрады? 
12.   Жер рентасының пайда болу жағдайы.  
13.   Қай салаларда рента пайда болады? 
14.   Дифференциалды  рентаның  әртүрлі  формалары    және 
құрылу схемасы қандай?  
15.   Абсолютті рента неге пайда болады? 
16.   Жердің бағасы қалай белгіленеді? 
17.   Жер  учаскесінің  бағасын  анықтау  үшін  қандай 
формула қолданасыз? 
 
Жаңа терминдер мен ұғымдар 
 
Жалақы: 
-  номиналды 
-  нақты 
Кесімді және мерзімді жалақы 
Пайда 
Орта пайда  
Қарыз капиталы 
Дисконттілеу 
Рента 
Дифференциалды рента 


Экономикалық теория 
 
109 
Абсолюттік рента 
Жердің бағасы 
 
Тест сұрақтары  
 
1)  Номиналды еңбекақы – бұл: 
А) белгілі бар уақыт мерзіміне төленген ақша сомасы; 
В) елдегі орташа еңбекақы; 
С) баға индексі; 
D) ақшалай еңбекақының сатып алу мүмкіншілігі; 
Е) еңбекақыға сатып алынған тауарлар мен қызметтер. 
 
2) Нақты жалақы дегеніміз – бұл: 
A)  жұмысшы  және  оның  жанұясының  тіршілік  қаржысының 
сомасы; 
B)  жұмыс  күшінің  ұдайы  өндірісіне  қажетті  қызмет  және 
тауарлардың саны; 
C)  жұмысшы  өзінің  номиналды  жалақысына  сатып  ала 
алатын тұтынушылық құндардың жиынтығы; 
D) жұмысшыға ақшалай төлемдердің сомасы; 
E) барлық табысқа келетін тауарлар. 
 
3) Еңбекақының негізгі түрлерін атаңыз: 
A) нақты, номиналды, кесімді, мерзімді; 
B) мерзімді, кесімді; 
C) нақты; 
D) номиналды; 
E) салық төлегеннен кейін алынған. 
 
4)  Ауылшаруашылық  өндірісінде  қандай  жерлер 
пайдаланылады: 
A) жақсы; 
B) орташа, нашар; 
C) нашар; 
D) аталғандардың бәрі; 
E) жақсы, нашар. 
 


Н. А. Маженова 
 
110 
5) Дифференциалды рента 2  пайда болады: 
A) ең жақсы табиғи жағдайлардан; 
B) ең жақсы орын жағдайынан; 
C) қосымша капитал салудан; 
D) мемлекет меншік жерінен; 
E) жекеменшік жерінен. 
 
6) Дифференциалды рента 1-ді  иемденеді: 
A) жер иесі; 
B) жалгер; 
C) мемлекеттік және жергілікті үкімет органы; 
D) жергілікті үкімет органы; 
E) мемлекет. 
 
7) Жер учаскесі  жыл сайын 1000$ табыс әкеледі, ставка 
пайызы 4% тең. Жер учаскісінің бағасы тең:  
A) 20.000$; 
B) 16.000$; 
C) 25.000$; 
D) 40.000$; 
E) 50.000$. 
 
Тест сұрақтарының   дұрыс жауаптары: 1В, 2С, 3С, 4В, 5А, 
6Е, 7С. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Экономикалық теория 
 
111 
10.  ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ДЕҢГЕЙІНДЕ ҰДАЙЫ 
ӨНДІРІС ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ 
 
10.1. Ұлттық есеп жүйесінің жалпы сипаттамасы 
 
Микроэкономика  жеке  құрылымдардың  бағытын  және 
даму 
заңдылықтарын 
талдайды: 
үй 
шаруашылығын, 
фирмаларды, кәсіпорындарды және т. б. Олар қарастыратындар: 
бағалар, шығын, пайда және басқа табыстар. Макроэкономика –  
бұл  ұлттық  экономиканың  жалпы  бағытын    және  даму 
заңдылықтарын зерттейтін  жалпы экономикалық ілімнің бөлімі. 
Экономикаға  толығымен  нарықтық  түсінік  беру  керек  еді.  
Бұл  мәселені  көрнекті  ағылшын  экономисі  Джон  М.  Кейнс 
шешті,  ол  біздің  ғасырдың  30  жылдары  макроэкономикалық 
теорияның негізін қалады, яғни экономиканың заңды қозғалысы 
макронарық деп түсінеді. 
Макроэкономикада  экономикалық  көрсеткіштерін  жинақтау 
ірілендірген түрінде көрсетіледі. Макроэкономиканың қарайтын 
мәселелері мынадай: 
- жұмысбастылық мәселесі; 
- ұлттық табыстың мөлшері; 
- инфляция табиғаты; 
- әлеуметтік шаруашылық; 
- экономикалық өсу. 
Ұлттық  экономиканың  қызмет  етуі  төрт  субъекттің 
(мемлекет,  кәсіпкерлер,  үй  шаруашылығы,  шетелдік  серік) 
шаруашылық қызметтерінің түрінде көрініс алады.  
Нарықтық  экономика  тек  қана  нарық  жүйесі  бола  алады. 
Дж.  М.  Кейнс  оның  төрт  негізгі  нарығын  білдіреді:  тауар 
нарығы,  еңбек  нарығы,  ақша  нарығы,    құнды  қағаздар  нарығы. 
Бұлардың  әрқайсысы  белгілі  орын  алады  және  ерекше  қызмет 
атқарады. 
Бұл 
нарық 
арасындағы 
өзара 
байланыс, 
макроэкономикалық қозғалыс механизмін құрайды және барлық 
макроэкономикалық  модельдерде  көрінеді.  Бұл  макронарықта, 
келесі  макроэкономикалық  байланыс    және  бір  нарыққа 
біріктіруге болады:  
-  фирмалар мен үй шаруашылығы мемлекетке салық төлейді; 


жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау