Н. А. Маженова экономикалық теория



жүктеу 1,3 Mb.
Pdf просмотр
бет26/50
Дата14.11.2018
өлшемі1,3 Mb.
#19409
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50

Н. А. Маженова 
 
88 
Негізгі капиталдың айналымы 
Өндірістің қорсыйымдылығы 
Физикалық тозу 
Моральдық тозу 
Амортизация 
Амортизациялық қоры 
Амортизация нормасы 
Капиталдың айналым уақыты 
Өндіріс уақыты 
Жұмыс уақыты 
Қор жинау 
Инвестиция 
 
Тест сұрақтары 
 
1) Негізгі өндіріс қорлары – бұл: 
А) өндірісте көп рет қолданылатын құралдар, олар өндірілген 
өнімге құнын бөлшектеп ауыстырады; 
В) өндірісте жасалған дайын өнім; 
С) бір өндіріс циклінде қолданылатын материалдық құралдар; 
D) ғимараттар, жабдықтар, станоктар; 
Е) шикізат, материалдар, жұмыс күші. 
 
2) Капиталдың айналым жылдамдығы – бұл: 
А) өнімнен түскен қаржыны кәсіпорынға қайтару мерзімі; 
В) бір жыл ішінде қорлардың жасайтын айналымдар саны; 
С) өндіріс уақыты; 
D) жұмыс күшінің бір өндіріс кезеңіндегі ауысуы; 
Е) айналым уақыты. 
 
3)  Тұтынылған  негізгі  капиталды  толтыруға  жасалған 
аударма – бұл: 
А) амортизация; 
В) таза шетелдік инвестиция; 
С) жеке-дара қажеттіліктерге арналған қаржы; 
D) таза инвестиция; 
Е) жалпы инвестиция. 


Экономикалық теория 
 
89 
4) Инвестор – дегеніміз ол: 
A) қосымша пайда табу мақсатымен  елге немесе  шет  еліне 
тауар  сатушы; 
B)  саудагер: пайда табу мақсатымен  елге немесе  шет  еліне 
тауар сатушы; 
C) делдалшы: пайда табу мақсатымен елге немесе шет еліне 
тауар көрсетуші адам; 
D)  салымшы:  пайда  табу  мақсатымен  кәсіпорынға  қаржы 
салушы. 
E) ресурстарды тиімді пайдалануды іздестіру. 
 
5) Негізгі капиталдың моральдық тозуы: 
A)  машина  мен  құралдарды  пайдалану  ұзақтығы  мен 
сапасына қарай;  
B) ҒТП-тің жоғары қарқынымен; 
C) өндірістік технология ерекшелігімен; 
D) атмосфералық жағдайдың әсерімен; 
E) материалдардың сапасымен. 
 
6) Капитал формуласы болып табылады: 
A) Т – А – Т 
B) А – Т – А 
C) А - А 
D) Т - Т 
E) А – Т 
 
7) Негізгі капитал ол: 
A) ғимарат;  
B) шикізат; 
C) еңбек ақы; 
D) бағалы қағаздар; 
E) дайын өнім. 
 
8) Капиталдың қозғалысы неден басталады: 
A) ақша формасынан; 
B) тауар формасынан; 


Н. А. Маженова 
 
90 
C) өндірістік формадан; 
D) сауда формасынан; 
E) коммерциялық формадан. 
 
Тест  сұрақтарының    дұрыс  жауаптары:  1А  ,  2В  ,  3А  ,  4D  , 
5В , 6В , 7А , 8А . 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Экономикалық теория 
 
91 
8. КӘСІПОРЫННЫҢ  (ФИРМАНЫҢ) 
ШЫҒЫНДАРЫ МЕН ТАБЫСЫ 
 
8.1. Өндіріс шығындары және оны  жіктеу 
 
Әрбір өндіруші пайдасын көбейтуге ұмтылады. Шығындар 
–  ол,  ұсыныс  көлемі  және  пайданың  көбеюіне  әсер  ететін  бас 
фактор.  Әрбір  тауардың  өндірісі  белгілі  шығындарды  қажет 
етеді  –  шикізат,  материалдар,  жанар  май,  эл.энергия,  көлік, 
еңбек  және  басқа  шығындар.  Сол  барлық  ресурстарға  төлем 
өндіріс  шығындары  дейміз.  Шығындар  көптеген  белгілер 
бойынша  жіктеледі.  Бұл  шығындар  нақты  ақша  шығыны  бола 
ма, жоқ па шығындар нақты және нақты емес боп бөлінеді. 
Нақты  /сыртқы/  шығындар  –  бұл  сырттан  алынған 
ресурстар.  Мысалы:  бұл  еңбекке,  шикізатқа,  материалдарға, 
көлікке,  құқық  қызметіне  төлем.  Осы  шығындар  бухгалтерияда 
есептелінеді  және  бұл  шығындарды  тағы  да    бухгалтерлік 
шығындар  деп атайды.  
Кейбір  ресурстар  үшін  ақша  төлеу  қажет  емес.  Мысалы, 
өзіңіздің  жайыңыз  бар  және  оны  асхана  үшін  пайдаланасыз. 
Жалға  ешкімге  ақы  төлеу  керек  емес.  Сіздің  өз  ақша 
капиталыңыз  бар.  Оған  өз  бизнесіңізді  ұйымдастырасыз.  Сізге 
банктен  ақша  алудың  керегі  жоқ.  Бұл    нақты  емес    шығын. 
Нақты  емес  шығындар  /ішкі/  –  бұл, фирманың  өз меншігіндегі 
ресурстарды 
пайдалануға 
байланысты 
шығындар. 
Бұл 
шығындар  бухгалтериядан  төленбейді  және  бухгалтерлік  есеп 
беруде көрсетілмейді.     
Бұл 
шығындардың 
мөлшері, 
оларды 
альтернативті 
пайдаланғанда    табыстардың  көлемімен    әкелу  мүмкіндігі  бар. 
Мысалы, асхана үйі рента түрінде табыс  әкелер еді, кәсіпкердің 
ақшасы  пайыздар,  ал  өз  қызметіндегі  рөлін  менеджер  басқа 
фирмаға  ұсынар  еді.  Мұндағы  жіберіліп    қойған    олжа 
(пайыздар,  рента,  менеджердің  жалақысы)  нақты    емес 
шығындарды  көрсетеді.  
Нақты 
және 
нақты 
емес 
өндіріс 
шығындарының 
қосындысы  экономистер  экономикалық    (жалпы)    шығындар 
деп атайды. 


Н. А. Маженова 
 
92 
Қажетті төменгі табысты экономистер нормалды, қалыпты 
пайда  деп  атайды.  Оның  мөлшері  сол  өндірістің  нақты  емес 
шығындарымен 
анықталады. 
Нормалды, 
қалыпты 
пайда 
кәсіпкерге  өзінің    альтернативті  пайдаланған  меншікті 
ресурстарынан  жіберілген  олжасын  жабуы  қажет.  Нормалды 
пайданың  үстінен  алынған  табысты  экономикалық  немесе  таза 
пайда деп атайды. 
Тұрақты,  өзгермелі,  жалпы,  орта,  шекті  шығындарды  
өндірілетін    өнімдер    көлеміне    тәуелді  шығындарды  анықтау 
үшін қажет. Тұрақты шығындар өндіріс көлемінен тәуелді емес  
шығын.  Бұған  жер  үшін  жалдық  төлем,  үйлерге  төлем, 
амортизация, әкімшілік басқару қызметкерлерінің жалақысы т.б. 
Өзгермелі  шығындар  өндірілген  өнімдердің  санынан 
тәуелді шығын. Бұларға шикізат, материалдар, отын, жанар май, 
электрэнергия, жұмысшыларға жалақы шығындары жатады. 
Тұрақты және өзгермелі шығындардың қосындысы  жалпы 
шығындарды  құрайды.  Тұрақты,  өзгермелі  және  жалпы 
шығындардың 
құрылымын 
білу 
өндірістік 
шығындарды 
төмендету жолдарын анықтау мүмкіндігін береді. 
 
 
1.12-сурет. Тұрақты, өзгермелі және жалпы  шығындардың қисығы 
 
Өндірісті  басқару  үшін  өндірілетін  өнімнің  бірлігіне 
келетін 
шығындардың 
мөлшерін 
білу 
қажет. 
Осыған 
байланысты,  шығындардың  мөлшерін  фирма  өндіретін  өнім 
бірлігі санына бөлу арқылы орта шығындарды есептейді    


жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау