Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



жүктеу 1,53 Mb.
Pdf просмотр
бет11/87
Дата13.11.2018
өлшемі1,53 Mb.
#19232
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   87

42
43
Оқыту  технологиясы – бұл  оқытудың  тиіміділігін  арттыру 
мақсаты  мен  білім  беру  үдерісін  зерттеу  негізінде  оқу  үдерісін 
жүзеге асыру жəне бағалау, бағдарламалаудың жүйелі тəсілі. Оқыту 
технологиясы педагогикалық əдістерге негізделген.
1960  жылдарда  шетел  зерттеушілері  «педагогикалық 
технология» терминін енгізді. «Педагогикалық технология» дегені-
міз – тəжірибеде  жүзеге  асырылатын  белгілі  бір  педагогикалық 
жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын 
əдіс-тəсілдер оның құрамды бөлігі ғана.
Педагогикалық  технология    оқыту  үдерісін  жобалау, 
ұйымдастыру формасымен анықталады.
Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері  қойылған 
мақсатқа  жету  мүмкіндігіне  кепілдік  беретін  оқыту  үдерісін 
құрастыру  жəне  оны  жүзеге  асыру.  Оқытылатын  пəн  мазмұны, 
мұғалім мен оқушының өзара байланыс іс-əрекеті, оқушының ішкі 
даму үдерісі негізінде анықталған нақты мақсат қана педагогикалық 
технология құрылымын түсіну кілті бола алады.
Қазақстанның тəуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында 
орта  білім  берудің  жүйелі  реформалануы  қоғамдық  тұрғыдан 
үлкен  маңызға  ие.  Білім  беруді  реформалауды  жүзеге  асырудың 
жəне  бір  маңызды  сипаты  қазіргі  уақыттағы  оқыту  үдерісін 
технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. 
XX ғасырдың 80-жылдары Ресейде жаңашыл – мұғалімдер топ-
тары  қалыптасады,  олардың  əрқайсысы  баланы  оқыту,  тəрбиелеу 
жəне  дамытуда  өзіндік  жаңалықтары  болады,  олар  ең  жоғарғы 
нəтижелер  береді.  Сонымен  бірге  олардың  жалпы  ортақ  белгілері 
болады.  Мектеп  оқушысының  оқу  жұмысы  тəсілдерін  жеңілдету 
жəне  жандандыру,  танымдық  іс-əрекеті    (сүйеніш  кескіндер, 
сигналдар)  үлкен  блоктар  арқылы  материалдарды  оқу  жəне  т.б. 
аса  айрықша  көрсететін  жаңашыл  педагогтардың  мұғалімдер 
позициясының бағытын авторитарлықтан демократиялыққа, ізгілік 
бағытқа    ауыстыруға  деген  ұмтылушылықты  айтуға  болады,  бұл 
жаңа педагогикалық ынтымақтастық деген бағытқа орын берді.
Барлық  осы  технологиялардың  көрнекті  өкілдері  ішінен 
Ш. А. Амонашвилиді – бастауыш сынып оқушыларын эксперимен-
талды  жаңашалап  оқытуды  атау  керек.  Ш.  А.  Амонашвили  өзінің 
эксперименталдық  мектебінде  ынтымақтастық  педагогикасының 
жеке тұлғалық бабын табу бағыты, тіл мен математиканы оқытудың 
бір  реттік  əдістемесі  оның  педагогикалық  іс-əрекетінің  өзіндік 
қорытындысы,  оның  негізгі  идеясы  «О  начальной  ступений 
образования,  построенного  на  принципах  гуманно-лияностной 
педагогики» деген еңбегінде баяндалған.
Академик  М.  П.  Иванов – коммунарлық  тəрбие  əдістемесінің 
ұжымдық    істің  əдістемесінің  авторы  қазіргі  жағдайда 
А.  С.  Макаренконың  идеясын  дамыта  түскен  жаңашыл  педагог. 
Жаңашыл педагогтың тəжірибесіндегі басты əдістемелік ерекшелігі 
ұжымдық  еңбек ісіндегі тұлғаның субъективтік позициясы.
Кеңес одағының  Халық мұғалімі В. Ф. Шаталов дəстүрлі класс-
сабақ  тəсілімен  оқытудың  əлі  де  болса  ашылмай  жатқан  орасан 
зор  қорын  көрсетіп,  оқытудың  интенсивтендірудің  технологиясын 
жасап, практикаға енгізеді.
В.  Ф.  Шаталовтың  əдістемелік  жүйесі  əрбір  оқушыны  оқу  іс-
əрекетіндегі белсенділікке қатыстыруға, дербес ерікті танымдықты 
тəрбиелеуге, əрбір жеке оқушыда өзінің адамгершілік сезімін, өзінің 
күші мен қабілетіне сенімділігін нығайта түсуге мүмкіндік береді.
Жаңашыл-педагог И. П. Волков шығармашылықты  дамытатын 
оқытудың  технологиясын  жасап  жүзеге  асырды.  Осыған  сай 
тұлғаның қабілеттілігі баланың оқудан тыс іс-əрекетінің еркін болуы 
негізінде бірізді қалыптасады.
Шығыс  Қазақстан  облысы,  Өскемен  қаласының  қазақ  тілі 
пəнінің мұғалімі Қ. О. Бітібаева  практика жүзінде ынтымақтастық 
педагогиканы  жүзеге  асырады.  Ынтымақтастық  педагогикасын 
адамгершілік  педагогикасы  ретінде  қарастырады.  Қазіргі  білім 
беру  технологиялары  санатындағы  дамытатын  жетілдіретін  оқу 
технологияларын  көрсеткен  жөн  (Д.  Б.  Эльконин,  В.  В.  Давыдов, 
Л. В. Занков, Г. С. Альтшуллер жəне  т.б.).
Республика  мектептерінде 1989 жылдан  бастап  атаулы   
мектептерді  ашу  кезеңі  басталады.  Олардың  ішінде,  СССР  халық 
мұғалімі,  қазақ  тілі  мен  əдебиет  мұғалімі  Айтқалиев  Құсайын 
Айтқалиұлының  мектебі;  Бучина  Валентина  Людвиговичтің  өнер 
мектебі,  биология  пəнінің  мұғалімі  Очкур  Елена  Афанасьеваның 
мектебі, бастауыш кластарының мұғалімі Мор Галина Яковлеваның 
мектебі;  Қазақ  ССР  еңбек  сіңірген  мұғалімі,  орыс  тілі  мен 
əдебиет  пəндерінің  мұғалімі  Фокин  Юрий  Павловичтің  мектебі. 
Республикалық деңгейдегі  атаулы мектептердің мақсаты тұлғаның 


44
45
өзін-өзі көрсетуге, оқытудың бірегейлі жəне тиімді  «технологиясын» 
іздеуге қолдау жасау  болады.
Морин  Монтессордың (1870-1952) мектебі  ақыл-ойды 
саусақтардың  өте  нəзік  қозғалыстары,  қолдардың  ұсақ  мəнерлі 
ырғақтарымен  интенсивті  сенсорлық  сезімдер  арқылы  дамытуға 
негізделген. 1993 жылдан  бастап  Алматыда  жекеменшік  «Элко» 
корпорациясының ерікті озат мектебі жұмыс істейді. Бұл мектептің 
оқыту  негізінде  мемлекеттік  бағдарлама  жатыр.  Бірінші  кластан 
бастап  қазақ,  неміс,  ағылшын  тілдері,  эстетика,  сөйлеу  мəдениеті, 
ерікті қозғалыс пəндерінен сабақ жүреді. Қосымша мынадай пəндер 
макеттендіру,  модельдеу,  хор,  бал  билері,  гүл  өсіру,  сахна  өнері 
көбірек өткізіледі.  Мектепте баға қойылмайды, оқу мен тəрбиелеу 
деңгейі жеке бағаланады.
С.  Ферне (1896-1996) мектебінің  əдістемелік  тəсілдері 
біздің  республикамызда,  əсіресе  бастауыш  кластарда  көптеген 
мектептерде  қолданылады.  С.  Ферненің  əдістемесі  баланың  өзінің 
жеке тəжірибесіне негізделген. Ұстаздың қызметі баланың өзіне тəн 
қабілетті оның өзі, өз бойынан тауып оны дамытуға көмектесу. Бұл 
тұжырымдаманың  практика жүзінде жүзеге асуына «ерікті тестер» 
мен  «мектеп типографиясы» қызмет етеді.
Инновациялық  мектептер  дəстүрлі  жəне  сонымен  қатар  жаңа 
міндеттерді  қазіргі  деңгейге  сай  шеше  алатындығын  дəлелдейді, 
оқушы  тұлғасының  мəдени,  адамгершілік  дамуының  негізі  
болатындығын көрсетті.
Бақылау сұрақтары:
1. «Педагогикалық жаңалық» ұғымына сипаттама беріңіз.
2. Педагогикалық технологиялар тарихын  айқындаңыз.
3. Педагогтың шеберлігі неде?
4. «Педагогикалық жүйе» түсінігін сипаттаңыз.
5.  Педагогикалық  технологиялардың  даму  динамикасын  сара-
лаңыз.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технологиялары. 
– Бастауыш мектеп. – №3, 1999.
2. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту 
құралдары. – Алматы, 2007.
3.  Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі 
– сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
4.  Селевко  Г.  К.  Современные  образовательные  технологии. – 
М.: Народное образование, 1998.
5.  Чупрасова  В.  И.  Современные  технологии  в  образовании. – 
Владивосток, 2000.
6. Беспалько В. П., Беспалько Л. B. Педагогическая технология: 
Новые методы и средства обучения// Политехнический музей, 1989. 
– C.3-53.


жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   87




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау