74
75
Модульдің құрылысы
Модуль бес бөліктен тұрады:
I бөлігі – тақырыппен таныстыру, негізгі түсініктердің,
анықтамаларын беру жəне алған білімдерін бекіту.
II бөлігі – теория бойынша сынақ өткізу.
III бөлігі – сынақ-практикум өткізу (сынақ, бақылау).
IV бөлігі – тереңдетіп білім беру жəне оқушылардың қабілеттерін
дамыту.
V бөлігі – бақылау жұмысы (деңгей бойынша).
Оқу модулі үш құрамды бөліктен тұрады: кіріспе, сөйлесу жəне
қорытынды бөлім.
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы
(Эрдниев технологиясы)
Мақсаты: математикалық білімнің оқушылардың интеллектісін
дамыту мен өзін-өзі дамытудың басты шартын қамтамасыз ететін
тақырыптардың неғұрлым жетілген жүйесін жасау /тақырыпты
ірілеп, топтап өтеді/.
Ерекшелігі:
1. Өзара байланысты амал операциялар, тақырыптар, бір мез-
гілде беріледі.
2. Есеп құрастыру, шығару, практикалық жұмыстарды жүргізу
бірлікте қамтамасыз етіледі.
3. Тура есептерді кері есептермен байланыстыру.
4. Жүйелі де тиянақты білім беру.
5. Берілген тапсырманы баланың ойлау қабілетін дамытуға ық-
палын қамтамасыз ету.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау
технологиясы
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл
деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына
ғана тəн деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балаларың да бұл
жұмыста дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сəйкес
ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» кез келген ұстазға сапалы
сабақ беруге мүмкіндік береді. Атақты қытай ойшылы Конфуций
«танымның үш жолы бар: ең оңайы – еліктеу, ең ащысы – тəжірибе,
ең мəртебелісі – ойлау» деген екен. Демек, сол əдіс-тəсілдерді
меңгертіп, ішінен қажеттісін таңдау арқылы əр сабақтың мақсат-
міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік
мол.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» сабақтарында
мына мəселелерге назар аударылады:
1. Сабақты белсенді өткізіп, əр баладан еркін жауап алуға жағдай
жасау.
2. Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа
дағдыландыру.
3. Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауапты соңына дейін
тыңдау.
4. Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін
қалыптастыру.
Бұл жүйенің бір ерекшелігі – кез келген ақпараттың жан-жақты
ой елегінен өткізіп барып қабылданатындығы. Екінші бір ерекшелігі
– білім көбіне жеке емес, топтық не ұжымдық талқылаулар түрінде
игерілетіні.
Дамыта оқыту жүйесі сияқты «Сын тұрғысынан ойлауды дамы-
ту» бағдарламасының да негізгі қағидалары мен мақсат-міндеттері
дамытып-тəрбиелей отырып, шығармашыл тұлға қалыптастыруға
бағытталған.
СТО бағдарламасы балаларға мынандай мүмкіндіктер береді:
1. Мұғалімге тəуелділіктен арылып, өзінің білім игеру қызметін
өздері басқаруға;
2. Білім қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, қажетті іс-
əрекетті белсене жəне өз бетінше орындауға;
3. Жеке ерекшелігі мен қабілетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап,
іздеп тауып, белсене орындауға;
4. Білім мен мəдени құндылықтарды игеру ісін топтасып жəне
ұжымдасып мұғалім көмегінсіз, дербес атқаруға;
5. Құр мəлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін
ашық айтып өзара сұхбат жүргізуге;
6. Ой өрісі ғана емес жəне əлуметтік жағынан өздерін-өздері да-
мытып тəрбиелеуге жетелейді.
76
77
ТРИЗ технологиясы
ТРИЗ (Өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы)
Бұл технологияның негізгі мақсаты – оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін дамыту, қалыптан тыс ойлайға үйрету.
Демек, жаңа нəрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу
деп түсіну керек. Шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес,
шығармашылық ойлау арқылы қалыптасады. Шығармашылық ойлау
деп ойдың жылдамдығы, икемділігі, тапқырлығы, дəлдігі алынады.
Осы технологиямен жұмыс істеу барысында тез ойлап, жылдам
шешім қабылдауға шорқақ балалар жыл аяғында шапшаң жауап
беруге үйреніп, тапқыр, қызықты шешімдер құруда жетістіктерге
жете бастайды.
Дамытушылық мақсаттағы ойындар.
1. «Ол не?» (сипаттама бере білуге үйрету) оқушы өзінің
əкелген затына ауызша сипаттама береді.
Мысалы: Менің затым дөңгелек. Ол секіреді. Резеңкеден
жасалған. Үлкені, кішісі болады. Оны балалар өте жақсы көреді.
2. «Қарама-қарсылықты шешу».
Бір қарағанда жағымсыз болып көрінетін кейбір оқиғалардың
«пайдалы» жағын көруге тырысу. Мысалы: «Төбелес».
Жақсы жақтары: өзімді қорғадым; əлсіз досымды қорғадым;
күшті екендігімді дəлелдедім; шындық үшін күрестім.
Жаман жақтары: киімімді жырттым; бетім көгерді; ата-анам
ұрысты; жыладым; досыммен араздастым.
3. Шығармашылық деңгейді көтеруге берілетін тапсырмалар.
Бір-біріне қосылмайтын, жалғаспайтын заттармен объектілерді
байланыстыруға берілетін тапсырмалар.
1. Сиқырлы дəрі ішіп, көзге көрінбейтін болып қалған тышқанды
мысық ұстау үшін не істеуі керек деп ойлайсың?
Жауаптың үлгісі: – Ол үшін мысық еденге ұн сеуіп қоюы керек,
сонда ізі түсіп қалады.
- Төбеден ұнды себелеп тұруы керек.
- Үлкен-үлкен дəндермен тамақтандыру керек. Сонда үлкейіп
көрінеді, т.б.
4. Ой шабуылы (Дүниетануда).
– Жаңбыр, қар, кемпірқосақ – бұлар шын табиғи құбылыстар.
Енді фантастикалық табиғи құбылыс ойла.
ɌɊɂɁ
ɋɢɦɜɨɥɢ-
ɤɚɥɵԕ
ɚɧɚɥɨɝɢɹ
Ⱦɚɦɵɬɭ-
ɲɵɥɵԕ
ɦɚԕɫɚɬɵɧ-
ɞɚԑɵ ɬɚɩ-
ɫɵɪɦɚɥɚɪ
Ɉɣ ɲɚɛɭɵɥɵ
Ɍɿɪɟɤ
ɤɨɧɫɩɟɤɬɿ
Ɂɚɬɬɚɪɞɵ
ɫɚɥɵɫɬɵ-
ɪɭԑɚ ɛɟɪɿɥ-
ɝɟɧ ɬɚɩ-
ɫɵɪɦɚɥɚɪ
ɛɿɪ ɡɚɬɬɵ
ԧɡɝɟɪɬɭ,
ɠɚԙɚɪɬɭ
(ɞɢɚɥɨɝ)
ɫɢɩɚɬɬɚɭ
Ԕɢɹɥɞɚɭԑɚ ,
ɮɚɧɬɚɡɢɹɥɚɭ
ԑɚ ɛɟɪɿɥɟɬɿɧ
ɬɚɩɫɵɪɦɚɥɚɪ
ɀɚԙɚ ɛԝɣɵɦ
ɨɣɥɚɩ
ɲɵԑɚɪɭ
Ɇɨɪɮɨɥɨ-
ɝɢɹɥɵԕ
ɬɚɥɞɚɭ
Ɏɚɧɬɚɡɢɹ-
ɥɵԕ
ɚɧɚɥɨɝɢɹ
ɗɦɩɨɬɢɹ
ɋɢɧɟɬɢɤɚ
Дамыта оқыту технологиясы
Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты
мəселесі – қазақ мектебі түлегінің білім сапасын халықаралық
деңгейге жеткізу. Ол үшін мектептерде білім берудің мақсаты
мен мазмұны өзгереді. Соған сəйкес білім беру жүйесінде жаңа
педагогикалық технологиялар пайда болды. Солардың ішінде жеке
интелектуалдық жəне психикалық дамытуға негізделген Занковтың,
Давыдов пен Элькониннің «Дамыта оқыту» идеясы.
«Дамыта
оқыту»
идеясы
көрнекті
ұлы
педагогтар
Песталоццидың, Ушинскийдің еңбектерінен бастау алады. Дамы-
та оқыту деп оқытудың дəстүрлі иллюстративті-түсіндірмелі түрін
ауыстыратын, белсенді іс-əрекетке негізделген оқыту түрін айтамыз.
Дамыта оқыту жеке тұлғаны деңгейі мен ерекшеліктеріне
бейімделе отырып, дамудың заңдылықтарын ескереді жəне
қолданады.
Дамыта оқыту жүйесі тұлғаны барлық қасиеттерін тұтас
дамытуға негізделген.
Дамыта оқыту – күрделі, құрылымды, біртұтас педагогикалық
жүйе. Оның нəтижесінде əр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект
дəрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық
жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дəстүрлі оқытудан
айырмашылығы – көздеген мақсатында, мəнінде, мазмұнында,
дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын
қызметінде, əдіс-тəсілінде, оқушының білім алу белсенділігінің
түрін де, оқу үдерісінің сипатында танып білу үдерісін ұйымдастыру
Достарыңызбен бөлісу: |