83
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін сыйлау (Ту,
Елтаңба, Әнұран), өз елінің патриоты болу;
-
«Жас Ұланның» негізгі Ережелерін және басқару органдарының
шешімдерін орындау;
-
«Жас Ұланның» өзге мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін мойындау
және құрметтеу;
-
оқуда, қоғамдық жұмыстарда, еңбекте үлгілі болу; қоғамдық мүлікті
сақтау, мәдениетті мінез
танытуда өнегелі болу;
-
салауатты өмір салтын ұстану және оны өз құрдастары арасында
насихаттау;
-
үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету.
6.
РӘМІЗДЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІК БЕЛГІЛЕРІ
6.1. Жас Ұлан» балалар ұйымының рәміздері болып табылатындары
: ұран,
салтанатты әні (әнұран), ту, галстук, төсбелгі, эмблема, жалауша.
6.2. Ту балалар мен жасөспірімдер бірлігін білдіретін нышан. Ол
республикалық ұйымда және оның барлық (мектептік, аудандық/қалалық,
облыстық) бөлімшелерінде болуы қажет.
Ту – бұл тік төртбұрышты 200х100 см өлшемдегі ортасында ұйым белгісі
бейнеленген ақ түсті желкен. Ұйым белгісі кестелік тігіспен, бояумен немесе
мата бастырмасымен жасалады. Ту сабында — ұлттық оюлармен кестеленген
тiк жолақ өрнектелген. Тудың желкені бойлап алтын түстес шашақтармен
көмкерілген.
Ту ағаш сабына түтік (төлке) арқылы бекітіліп, оның әшекейі болып
табылады. Түтік ұлттық өрнек нақышындағы найза түрінде жасалынған.
Металл (пластмасса) найзасы бар тудың ағаш сабының ұзындығы 2 м 20 см
құрайды. Оған шашақты бау (алтын түстес) байланады.
Ту салтанатты рәсімдерде, шерулерде, мемлекеттік мерекелерде
шығарылады. Ол қаптаулы түрде арнайы тіреуде сақталады немесе бөлменің
ортасындағы ұйымның салттық қабырғасында, мөлдір жабынды астында
тұрады.
Ерекше жағдайларда туға құрметті қарауыл қойылуы мүмкін, ол ту
көтеруші мен екі атқосшыдан тұрады. Қарауыл кезегі әр 10-15 минут сайын
ауысады. Алыс жолдарға туды қапталған күйде иыққа салып тасымалдайды. Ту
көтерушілердің киімі ұйым киімі нұсқасының элементтеріне сәйкес келеді.
Міндетті түрдегі ерекшелік белгілер: ленталар (аксельбант), бас киім (пилотка),
ақ қолғап болып табылады. Лентаның, бас киімнің түсі – бір түсті (көгілдір).
6.3. Галстук– бұл балалар ұйымына қатыстылардың ерекшелік нышаны.
Түсі – көгілдір. Галстук өлшемі 40 х 130 см. Галстуктың оң жақ бұрышында
«Жас Ұлан» логотипі орналасқан. «Жас Ұлан» логотипі диаметрі 4 см шеңбер
түрінде жасалған.
6.4. Ұран – ұйымның нышаны. Ол ұйымның ең басты идеясын білдіреді.
6.5.
«Жас Ұланның» ерекше белгілері болып ұйымның идеясын айқын
жеткізетін төсбелгілер, барабан, айырмашылық белгілері (шеврондар) сияқты
белгілі заттар мен белгілер саналады.