4
жаңа құндылық бағдарының қалыптасуына ықпал етеді, баланың әлеуметтік
дамуын ынталандырады.
Құндылықтар балалар мен жасөспірімдердің ұйымдарында балаларды
тәрбиелеу мен әлеуметтендірудің мәні болып табылады. Осының өзі баланы
әрекет арқылы қабылдауға және әрекетті бағалауға, адамгершілік тұрғысынан,
қоғамдық мақұлданған бағытта бастамашылдыққа және қолдай білуге үйретеді.
Осылайша тәрбие тұлғааралық өзіндік бағалау әрекеті ретінде баланың
құндылықты дамуын қамтамасыз етеді, қоғамдық, мәдени, экологиялық,
өндірістік және басқа да міндеттердің шешіміне қатысу арқылы әлеуметтендіру
оларға алғашқы әлеуметтік-адамгершілік тәжірибесін иеленуге ықпал етеді.
Балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының артықшылықтарына келесілерді
жатқызуға болады:
-
көшбасшылықтың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін
жағдайлардың жасалуы;
-
түрлі шараларда құрдастарымен өзара әрекеттесудің оң тәжірибесін
алудың бірегей мүмкіндіктері ұсынылады;
-
әрекеттердің стандартталуы жоқ қатаң бағалау жүйесі, бұл өз кезегінде
жас ұландардың заманауи қызығушылықтарын шығармашылық тұрғыда іске
асыруға және олардың командаға бірігуіне ықпал етеді.
Балалар мен жасөспірімдер қозғалысының ғасырлық тарихы бар десек те
болады, бұрынырақ бұл іспен көп жағдайда скаутизмнің, пионерлік
ұжымдардың тәжірибелерін талдап отыратын педагогикалық ғылым
айналысқан.
Бүгінде зерделеудің нысаны өзгерді: балалардың бір ғана бұқаралық
саяси ұйымының орнына балалар мен жасөспірімдердің әрекетшіл қозғалысы
пайда болды. Бұл жағдай балалар мен жасөспірімдердің заманауи
ұйымдарының тәжірибелік әрекеттерін талдауға арналған жаңа форматтағы
зерттеулердің туындауына себеп болды. Атап айтқанда Е.А. Дмитриенко, М.К.
Құрсабаев, А.Н. Тесленко, Д.В. Лепешев, А.К. Жұмашев, Л.В. Алиева, А.В.
Волохов және тағы басқалардың зерттеулері. Балалар қозғалысының жаңа
моделіндегі моральдық-этикалық басымдықта гуманистік идеалдардың: ұлттық
дәстүрдің, патриотизмнің, толеранттылықтың, ынтымақтастықтың, сондай-ақ
өз іс-әрекетіне дербес жауапкершілікте болу қағидалары анықталған.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтардың алдына қойған «Мәңгілік
ел» ұлттық идеясын іске асыру міндеттері, «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
дербес білім беру ұйымдары тәжірибесінің таратылуы, мектепте білім берудің
12 жылдық моделіне көшу аясында жүзеге асырылып жатқан орта білім
мазмұнының жүйелі түрде жаңаруы «Жас Ұлан» балалар мен
жасөспірімдердің бірыңғай ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестіктің
5
әрекетін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу
қажеттілігін айқындап берді.
Ұсынымдардың мақсаты – балалар қозғалысының ұйымдастырушылары
мен жетекшілерінің инновациялық және шығармашылық әлеуеттерін дамытуда
жас ұрпақты белсендендірудің жаңа жүйесі ретінде балалар мен жасөспірімдер
ұйымдарының әрекеттеріне қатысты ұғымды кеңейту және тереңдету.
6
1.
«Мәңгілік Ел» құндылықтарын енгізудегі балалар мен жасөспірімдер
ұйымының орны мен рөлі.
Балалар мен жасөспірімдер ұйымының жағдайында құндылықтарға
тәрбиелеудің теориялық және әдістемелік негіздерін талдау көрсетіп
отырғанындай, балаларды біріктіретін балалар қозғалысы (БҰҰ-ның Бала
құқықтары туралы Конвенция бойынша 7 жастан бастап 18 жасқа дейін [4]) –
жеке тұлға дамуының, оның әлеуметтенуінің маңызды факторы, өйткені ол
замандық қозғалыстың шынайы бір түрі бола тұра, дүние жүзі бойынша
демократияның бастапқы сатысы, азаматтылықтың, қоғамдағы шығармашылық
әлеуеттің қайнар көзі, деген идея ежелден бар және әлі де орын алып келуде.
Е.Е. Чепурных [5] бойынша балалар бірлестіктеріне үш негізгі функция
тән, олар: дамытушы (жеке тұлғаның азаматтық, рухани қалыптасуын, оның
әлеуметтік шығармашылығының дамуын, адамдармен әрекеттесу, қоғамдық
және тұлғалық мәнді мақсаттарды алға тарту және қол жеткізу икемдерін
қамтамасыз етеді), бағдарлық (балалардың рухани, әлеуметтік, саяси, мәдени
құндылықтардың жүйесінде бағдар алуына жағдайлардың жасалуы), теңгерімді
(қатынас және түсінушілік тапшылығын толықтыру үшін, балалардың басқа
қоғамдарда талап етілмеген қажеттіліктерін, қызығушылықтарын іске асыру
үшін жағдай жасау).
Балалар, әсіресе жасөспірімдердің және жастардың құрдастарымен ара-
қатынасы өзара араласа түсу икемдерін дамытуда маңызды болып табылады. Өз
болмысында бала осы сөздің жоғары мән-мағынасынан қарағанда, әлеуметтік
жан: құрдастарымен араласып, ол қосымша білімдерді алады (ғылыми және
күнделікті-тұрмыстық), өзінің өмірлік тәжірибесін байытады, әлеуметтік
нормаларды және құндылықты бағдарларды меңгеріп алады, бағалау
критерийлерін
қалыптастырады,
құрдастармен
араласу
тәжірибесін
жинақтайды, достық және серіктестік сезімдеріне бөленеді, өзін танытып,
өзінің орнын табады, құрдастарымен қатарға қосылу күйінің эмоционалдық-оң
күйіне түседі.
О.В.Якубенко балалар бірлестігі жағдайындағы сәйкестендіруді түрлі
ұрпақ өкілдерімен мәдени тұрғысына сай қатынас тәжірибесін алуымен
байланыстырады [6]. Автор бастауыш мектеп оқушыларының балалар
бірлестігіне қосылуы түрлі балалардағы түрлі бейімсіздік нұсқаларын түзетуге
бағытталған тәрбиелік ортаны қалыптастыруға ықпалын тигізеді деп
есептейді[7].
Балалар бірлестіктерінің функциялары ішінде П.И.Фролов келесілерді атап
көрсеткен: әлеуметтік қорғаныс, әлеуметтік сауаттылықты қалыптастыруға
әлеуметтік жүріс-тұрысты және әлеуметтік байланыстарды түзету,
бейәлеуметтік мінез-құлықтың алдын алу, балаларды әлеуметтік оңалту [8].
А.Н. Тесленко, Е.А. Дмитриенко балалар мен жасөспірімдер ұйымының
Отанға деген сезімдерін, оның жеткен жетістіктеріне отансүйгіштік көзқарасын,
өз елінің және оның жерінде тұратын халықтардың тарихына құрмет сезімдерін
баулудағы жетекші рөліне назар аударады [9].
Достарыңызбен бөлісу: |