Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация



жүктеу 1,64 Mb.
Pdf просмотр
бет29/68
Дата13.11.2018
өлшемі1,64 Mb.
#19047
түріМетодические рекомендации
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68

65 
 
анықтағысы  келеді.  Ересектерге  міндетті  түрде  бала  қызметін  бағалап  отыру 
қажет. 
 
Осы  жастағы  мәнді  рөл  білмекке  құмарлықты,  танымдылық 
белсенділікті, қисынды ойды, аңғарымпаздылықты, есте сақтау қабілетін және 
т.б. дамытуға беріледі. Ерте жастың өзінде балалар  талдау жасауға, қорытынды 
шығаруға үйренеді, олардың дүниетанымы өзгереді және зияткерлік дамуының 
деңгейі  артады.  Бұл  жаста  нақты  ойлаудан  абстрактілі  ойлауға  ауысуы  орын 
алады.  Төменгі  сыныптағы  мектеп  оқушыларының  мұғаліміне  баланы  негізгі 
өмірлік құндылықтарына баулу, сонымен қатар оң қасиеттерді алып шығуына 
назар  аудару  керек.  Педагогтың  әрбір  сөзі  мен  әрекеті  мектеп  оқушысы  үшін 
еліктеуге тұрарлық үлгі және ол ақиқат ретінде қабылданады. Сол себептен де 
мұғалімнің  жүріс-тұрысы  өзгеше  рухани,  эстетикалық  және  тәрбиелік  мәніне 
ие. 
Мектептің төменгі буын оқушылары үшін басқа бір маңызды фактор – бұл 
ата-аналарына деген сүйіспеншілік пен олармен бірлескен әрекетке ынталануы. 
Ата-аналар басқаларға қарағанда, өз балаларының осал және мықты жақтарын 
жақсырақ  біледі.  Бұл  балалар  бірлестігі  жетекшісінің  және  ата-аналардың 
балаға  оның  жақсы  деген  қасиеттерін  сыртқа  шығаруға  көмектесу,  оның 
даралығын  жетілдіру  бойынша  жұмысында  тығыз  байланыс  қажет  екенін 
бірлдіреді. 
Төменгі буын оқушыларымен жұмыс жүргізгенде есте сақтарлық және бір 
ерекшелік  -  балалардың  ойынды  қажетсінуі.  Балалар  жарқын,  эмоционалдық 
әсерленулер  қажет,  оларды  беймәлім,  тылсым,  ғажайып,  романтикалық  дүние 
қызықтырады.  Сондықтан  бағдарлама  мазмұнының  негізінде  ойын  жатыр. 
Ойын  ұзақ  мерзімге  арналған.  Ол  үш  кезеңімен  өтеді.  Ойынның  бірінші 
кезеңінде  бірінші  сынып  оқушыларымен,  екіншісінде  –  екінші  сынып 
оқушыларымен,  үшіншісінде  –  үшінші  сынып  оқушыларымен  жұмыс 
ұйымдастырылады.  Ойынның  мазмұны  мектеп  оқушыларының  төменгі 
буынында  өмірлік  тәжірибесінің  молаюына  қарай,  жылдан  жылға  күрделене 
түседі.  Ойынның  жоспарлары  саяхат  карталары  түрінде  ресімделеді.  Бұл 
карталарда бағыттар белгіленген. Бағыттарда балаларды жыл бойында күтетін 
негізгі  үлкен  істері  белгіленген.  Әр  жас  тобына  арнап  өсу  сатыларды 
белгіленген.  Бастауыш  сынып  оқушысы  жоғары  сатыға  тек  оның  балалар 
бірлестігінде өзі үшін қажетті білімдерді, білікерді және дағдыларды алғанында 
ғана  көтеріле  алады.  Баланың  өз  бетінше  дамуына  ынтасын  жарыстар  мен 
экспромт арқылы белсендіруге болады. Жарыс балаларды жеңістеріне қуанып, 
жеңілістері  мен  сәтсіздіктерін  сабырлықпен  қабылдауға  үйретеді,  өткені  бұл 
олардың өз бетінше өмір бастағанында өте қажет. Ал экспромт болса, олардың 
шығармашылық қабілеттерін дамытады. 
Бағдарламаны іске асырудың тағы бір маңызды шарты – әрбір топ шағын 
топтарға  бөлінеді.  Әр  қосымша  топтың  өзінің  тапсырмасы  болады. 
Тапсырманың алмасуы немесе командирды қайта сайлау апта сайын жүреді. 
 
 


66 
 
БІРІНШІ КЕЗЕҢДЕГІ САЯХАТТЫҢ БАҒЫТТАУ КАРТАСЫ 
1. 
Бәйтерек.  Бірінші  сынып  оқушысын  балалар  және  жасөспірім 
ұйымына  қабылдаған  соң,  «Бәйтерек»  монументінің  алаңына  жорық 
ұйымдастырылады,  онда  оқушыны  салтанатты  қабылдау  рәсімі  өткізіліп, 
саяхаттың бірінші кезеңінің басталуы жарияланады. 
2. 
«Есіл»  дала  өзені.  Бұл  жерде  балалардың  танымдық  белсенділігін, 
олардың шығармашылық қабілеттері мен қисынды ойын дамытатын зияткерлік 
ойын жүргізіледі. 
3. 
Шеберлердің  жұлдыз  шоқжұлдызы.  Балалар  өздеріне  және 
қоршағандарды  қуанту  үшін  жаңажылдық  шырша  ойыншықтарын  өз 
қолдарымен әзірлейді. 
4. 
«Қиял  елі»  мекені.  Балалар  ұлттық  ертегілерді  зерделейді, 
шығармашылық  қабілеттері  өз  бетінше  ертегі  құрастыру,  ертегі 
сарынымен балалар қойылымын жасау арқылы танытады. 
5. 
«Мейірімді  істердің  қоржыны».  Балалар  өзінің  ата-аналары,  қоршаған 
әлеумет  үшін    игі  істерді  жасауы  тиіс.  Игілікке  бейімделе  отырып, 
балалар картасын ресімдейді. 
6. 
Достық  алаңшасы.  Достық  алаңшасында  балалар  «соғыс»  және 
«бейбітшілік»,  «достық»,  «бауырластық»  және  т.б.  ұғымдарымен 
танысады. 
7. 
Жақсы  денсаулық  бағытындағы  100  қадам.  Балалар  көңілді 
спартакиаданың кезеңдерінен өтеді. 
8. 
Наурыздың  құпиялары.  Бұл  жерде  оқушылар  Наурызбен  байланысты 
көптеген  дәстүрлер  туралы  білім  алып,  оны  дайындау  шараларына 
қатысады. 
9. 
Табиғат  қонағында.  Бірінші  сынып  оқушылары  өзінің  Қазақстан 
табиғатының ең сұлу түпкірлері туралы білімдерін көрсетеді. 
10. 
Естелік күнделігі. Балалар өзінің отбасының, ата-балаларының тарихын 
зерделейді.  Туыстарының  өмірінен  алынған  мысалдардың  негізінде 
балалар  елінің  өміріне  қатысты  үлкен  тарихи  оқиғалар  туралы 
білімдерін толықтырады. 
11. 
Достардың  ортасында.  Бұл  жерде  қорытынды  ойын  және 
оқушылар білімдерінің, біліктерінің және дағдыларының сынағы өтеді. 
Оның  мақсаты  –  саяхаттың  бағыттар  бойынша  бірінші  кезеңін 
қорытындылау және жеңімпаздарды атау. 
 
 
ЕКІНШІ КЕЗЕҢДЕГІ САЯХАТТЫҢ БАҒЫТТАУ КАРТАСЫ  
 
1. 
Ізшілдер.  Атыраптағы  саяхаттың  екінші  кезеңінің  басталғанын 
білдіретін танымдық ойын. 
2. 
Данагөй үкіге саяхат. Данагөй үкі екінші сынып оқушыларын сынайды,  
оның барысында оқушылар өзінің Қызыл кітапқа енген Қазақстандағы 
жануарлар  мен  өсімдіктер  туралы  білімдерін  танытуы  тиіс.  Бұл  жерде 


67 
 
балалар фотосурттерден коллаж, флористикалық суреттерді жасайды. 
3. 
Креатив  шеберханасы.  Мектеп  оқушылары  креативті  ашық  хатты 
әзірлеу  технологиясымен  танысады  –  туған  күнімен  құттықтау, 
Қазақстандағы атаулы күндермен құттықтау. Көрме. 
4. 
Дарындылардың 
шұғыласы. 
Балалар 
өзінің 
шығармашылық 
қабілеттерімен таныстырады: ән айту, билеу, фотосуреттердің авторлық 
көрмесі, өзінің шығарған өлеңдерімен таныстыру және т.б. 
5. 
Спорт еліндегі соқпақ жол. Бұл сүрлеу жолда екінші сынып оқушылары 
үшін  түрлі  спорттық  сайыстар  ұйымдастырылады.  Олардың  спорттық 
табыстары мен жетістіктерінің көрмесі жасалады. 
6. 
Әдеби  жағалау.  Бұл  ойын  мектеп  оқушыларына  балалар  әдебиеті 
бойынша  білімдерінің  деңгейін  анықтауға  және  олардың  танымдық 
белсенділігін дамытуға көмектеседі. 
7. 
Құпиялардың көлі. Құпиялар жиналған көлден өткенінде, екінші сынып 
оқушылары күтпеген және ғажайып құбылыстармен жолығып, олардың 
құпиясын ашуға тырысады. 
8. 
Ұлы  Отан  соғысы  ардагерлеріне  арналған  ескерткіштің  жанында. 
Төменгі сынып оқушылары ҰОС батырларына тағзым етеді. 
9. 
Көңілді  меридиан.  Бұл  жерде  стансалары  бар  саяхаттың  екінші  кезеңі 
бойыншы қорытынды шығарылады.  
 
 
ҮШІНШІ КЕЗЕҢДЕГІ САЯХАТТЫҢ БАҒЫТТАУ КАРТАСЫ  
 
1.Атыраптағы старттық ойын, ол үшінші сынып оқушыларынан ептілік пен 
қиялық танытуды талап етеді. 
2. «Қысқы ермек». Бір күндік жорық, онда көңілді спорттық жарыстар мен 
сайыстар ұйымдастырылады. 
3.  Адамдарды  қуантыңыз.  Балалар  ҰОС,  еңбек  ардагерлеріне  арнап  
концерттерді, акцияларды, құттықтауларды, тосын сыйларды ұйымдастырады. 
4.  Кәсіптердің  жарысқан  әлемі.  Зияткерлік  ойын,  ол  үшін  алуан  түрлі 
ойындар туралы білімдерін көрсету қажет. 
5.  Пікірталастарға  қатысуға,  қорытынды  шығаруға  үйренеді.  Көшбасшы 
әліппесі.  Бұл  іскерлік  ойынының  барысында  мектеп  оқушылары  мәселелер 
бойынша түрлі көзқарастарын қорғауға, қорытынды шығаруға қатысуы тиіс.  
6. Қазақстан табиғатының қоймасы. Төменгі сынып оқушылары қоршаған 
табиғатты  аялау,  оған  ұқыптылықпен  қарау  бойынша  өздерінің  жобаларын 
ұсынады. 
7.  Біздің  уақыттың  тарихнамасы.  Балалар  біздің  уақыттағы  атаулы 
оқиғалар,  еліміздің  мақтаныш  тұтатын  адамдары  туралы  ақпаратты  жинауға 
үйренеді. Мектеп газетасы ресімделеді. 
8.  Менің  қаламдағы  ескерткіштер.  Бұл  кезеңде  балалар  Отан 
қорғаушыларына  тағзым  етіп,  туған  өлкесінің  атын  шығарғандарға  құрмет 
көрсетеді. 


жүктеу 1,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау