60
және жемісті әрекет етуге, демократиялық қоғамдағы саяси үдерістерге қатыса
отырып, полимәдениетті кеңістіктің рухани-адамгершілік ұстанымдарына
ілесіп алған әлеуметтік тәжірибесін ептілікпен және өз бетінше пайдалануға
қабілетті адамды дайындау шығады.
Көптеген елдердегі тәжірибені басшылыққа алып, алдыңғы қатардағы
шаралар қатарында осыған байланысты балалардың және жастардың ол үшін
қажетті білімдерді және дағдыларды меңгеруі үшін жағдай жасауды анықтап
алуға болады.
«Өмірлік дағдылар» түсінігі нақты ғылым санатына шықпайды және
белгілі бір мәніне ие емес.
Өмірлік дағдылардың кең ауқымды мағынасында азаматтарға олардың
қажеттіліктеріне қарай білім алуға және еңбек етуге, өзгерістерге әлеуметтік
тұрғысынан беймделуге, сау-саламатты болуға, елімінің қоғамдық және
экономикалық өміріне белсенді қатысуға мүмкіндік беретін дағдылар, яғни
жеке тұлғаның тұрақты азаматтық айқындамасының және әлеуметтік
белсенділігінің қалыптасуын қамтамасыз ететін дағдыларды түсінеміз. Сол
себептен балалар ұйымының егеменді Қазақстандағы білім беру жүйесі
дамуының қазіргі кезеңіндегі қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде
балалардың және жасөспірімдердің қажетті өмірлік дағдыларын шыңдау
үдерісі шығады, олар ақыр соңында олардың қоғам азаматы ретіндегі оң
көзқарастан әлеуметтенуін және әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз етеді.
Оған қоса, бұл үдеріс үздіксізбен және кең ауқымымен сипатталып, баланың
дамуындағы барлық жас кезеңдерінде оның өмірінің және қызметінің барлық
аяларының арқауы болуы тиіс.
Бірақ, балалар ұйымы жағдайында аталған қызметтің тиімділігін
арттырудың нұсқалары мен әдістері туралы сөз көтерудің алдында, «Бүгінгі
күні біздік балаларға қандай өмірлік дағдылар қажет? Олардың арасында ең
маңыздысын қалай анықтаймыз? Қандай дағдылар бүгін балалар мен
жасөспірімдерде едәуір қалыптасқан, қандайлары назардан тыс қалуда?
Педагог қандай да бір дағдыларды өз тәрбиеленушілерінің бойында шыңдап
шығару барысында неге назар аударуы қажет?» екенін анықтап алу қажет.
Осы сауалдарға және көптеген басқа да сауалдарға жауаптардың негізі
ретінде Қазақстандық ғалымдармен [12] 2005 жылы Ы.Алтынсарин атындағы
Қазақ Білім Академиясының Жеке тұлғаның әлеуметтенуі институтымен
«Қазақстандағы баршаға арналған білім» атты халықаралық ассоциоациясының
қолдауымен өткізілген әлеуметтанушылық зерттеулерінің нәтижелері алынған.
Аталған зерттеудің мақсаты дәл осы жалпы білім беру мектептеріндегі
оқушылардың өмірлік дағдыларының қалыптасуы мен бетбұрыстарының
жағдайын анықтау болған. Нәтижесінде 1800 респонденттің анкеталық
деректері жинақталып, зерттелді. Олардың ішінде Алматы, Қарағанды, Ақтөбе,
Семей және оларға іргелес облыстардағы мектептердің 1-11 сынып оқушылары,
сонымен қатар олардың ата-аналары болды. Осыдан кейін әлеуметтанушылар
қорытындыларды және жинақтамаларын жасап, негізгі мәселелерді белгіледі
61
де, өмірлік маңызы бар дағдылардың негізгі санаттарын қалыптастыру
бойынша бірқатар ұсыныстарын берді.
Өз бетінше қызмет дағдылары. Нақты санат өз құрамына шешім
қабылдау икемдерін, өз мақсатына жетудегі, мәселені шешу амалдарын
анықтаудағы, жауапты тапсырмаларды орындаудағы, қиыншылықтардан
асудағы табандылығын енгізеді. Осындай дағдыларға толық көлемінде ие
оқушылар өзіне өзі сенімді және өз мүдделерін қорғауға қабілетті. Ондай
оқушылардың саны кем де кем болып шықты. Ал оқушылардың жиі кезігетін
негізгі проблемалары мына қатарда аталған:
-
өз мақсатына жете алмайды;
-
шешім қабылдауда қиыншылық көреді;
-
жауапты тапсырмалардан қашады;
-
өз мүдделерін қорғай алмайды;
-
өтініштен бас тарта алмайды.
Оқу қызметінің, сыни ойлау және ақпараттық өріспен жұмыс жасау
дағдылары.
Оқушылар мен олардың ата-аналарының осы дағдылар санатына қатысты
сұрақтарға берген жауаптарына жүргізілген зерттеу көрсеткеніндей,
ақпараттың басым санын қазіргі заман балалары, жасөспірімдері мен жастары
бұқаралық ақпарат құралдарынан және құрдастарымен араласу барысында
алады. Ақпараттың басым санын кітаптардан, соның ішінде оқулықтардан
алатын оқушылардың пайызы өте кем (2-3 есе). Сәйкесінше, оқушылардың
басым санына ақпаратты бағалау, сыни ойлау дағдылары қажет, өйтпегенде бұл
буын ғасырлар бойында шыңдалған рухани бағдарларынан айырылып қалады
да, бос, жаңа уақыт сәнімен жүрген әсерлер мен қызығушылықтарының
ықпалына түседі. Алайда, осының аясындағы зерттеулердің нәтижелері
қуантып отырған жоқ. Оқушылардың басым саны мына дағдылардың
шыңдалуын қажетсінеді:
-
ақпаратты сыни бағалау;
-
ақпаратты беделді қайнар көздерінің деректерімен салыстыру;
-
сұрақты қисынды дұрыс қою;
-
пікірталастарды жүргізу және өзінің көзқарасын қорғау.
Ситуативтік жүріс-тұрыс дағдылары. Бүгін біз әлеуметтік-
экономикалық және саяси өзгерістердің оң және теріс салдарын атап отырмыз.
Саяси және рухани өмірдің демократиялануы қылмыстың өскен, қауіпсіздік
мәселесінің шиеленіскен жағдайында өтуде. Қызықты, алуан түрлі, сонымен
қатар алдын ала болжамдауға жатпайтын және қатыгез өміріміз бүгінгі күні
ситуациялық жүріс-тұрыс дағдыларын шыңдауды талап етеді. Оған қоса,
зерттеу анық түрде төмендегілерді көздейтін дағдылардың жеткіліксіз
қалыптасқанын анықтады:
-
жылдам жауап қайтару;
-
эмоцияларын басқару икемі;
Достарыңызбен бөлісу: |