Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы №636 қаулысы. Күші жойылды



жүктеу 422,02 Kb.
Pdf просмотр
бет2/13
Дата25.11.2017
өлшемі422,02 Kb.
#1977
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

көлемі 

республикалық бюджетте: 

2013 жылға – 102,9 млрд. теңге; 

2014 жылға – 98,3 млрд. теңге; 

2015 жылға – 94,6 млрд. теңге; 

2016 жылға – 95,7 млрд. теңге көзделген. 

Келесі жылдары Бағдарламаны қаржыландыру көлемі 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 

республикалық бюджетті тиісті жоспарлы кезеңге 

қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады. 

2. Кіріспе 

      


1. Мемлекет басшысы 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» 

стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жыл 

сайынғы 

Жолдауында

 

өнімді жұмыспен қамтудың қолжетімділігін кеңейту, еңбекке 



ынталандыруды арттыру және халықтың табысын өсіру мақсатында халықты жұмыспен 

қамту саясатын жаңғырту қажеттілігін көрсетті. 

      

Бұл үшін қажетті шарттар Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық 



өзгерістердің бар қарқынымен әзірленген. Елімізде серпінді дамып келе жатқан еңбек 

нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі және жұмыспен қамтылу деңгейі 

тұрақты арттырылуда. 

      


Дағдарыс қарсы реттеу тәжірибесі жинақталған. Жол картасы (2009 – 2010 

жылдары) шеңберінде әзірленген жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға 

жәрдемдесу шаралары әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс ықпалына байланысты 

уақытша экономикалық қиындықтар жылдарында да жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін 

сақтауға мүмкіндік берді. 

      


Соған қарамастан, әлемдік дамудың тұрақсыздығы және әлеуметтік жаңғырту 

жағдайларында серпінді өзгеріп отыратын ішкі болмыстар еңбек нарығын реттеуге және 

нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге жаңа талаптар қояды. 

      


Осы бағдарлама – Жұмыспен қамту 2020 

жол картасы

 

(бұдан әрі – Бағдарлама) 



аталған талаптардың жауабы болып табылады. Ол 2009 және 2010 жылдардағы жол 

карталарын және Жұмыспен қамту 2020 

бағдарламасын

 

іске асырудың логикалық жалғасы 



болып табылады. 

      


Бағдарлама дағдарысқа қарсы ден қою тетіктерін, еңбек нарығын реттеудің 

тиімділігін арттыру, оның ішінде еңбек нарығын болжау және мониторингін жүргізу, 

табысы аз, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты жұмыспен қамтудың 

белсенді шараларына тарту тетіктерін қамтиды. 

3. Ағымдағы ахуалды талдау 

      


2. 2001 жылмен салыстырғанда 2012 жылдың соңында жұмыспен қамтылған халықтың 

саны 6 698,8 мың адамнан 8 507,2 мың адамға дейін көбейді, ал жұмыссыздық деңгейі 

12,8 %-

дан 5,3 %-ға төмендеді. 



      

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, елімізде: 

      

1) 474,8 мың жұмыссыз, олардың ішінде ең үлкен топ – 34 жасқа дейінгі 



адамдар; 

      


2) 1,1 млн-ға жуық нәтижесіз жұмыспен қамтылған өзін-өзі жұмыспен қамтыған 

қызметкерлер (тіркелмеген өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмыскерлер, жеке қосалқы 

шаруашылығында тек өзінің тұтынуы үшін өнім өндірумен айналысатын адамдар және 

отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін жұмыскерлері); 

      

3) 2,8 млн. жұмыспен қамтылған адам жинақтаушы зейнетақы жүйесімен 




қамтылмаған және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайды; 

      


4) жұмыс орындарына тапшылық проблемасы ауылдық жерлерде аса өткір болып 

отыр. Бұл: 

      

жұмыстардың маусымдық сипаты мен санаулы өндірістік базаға; 



      

көліктік, өндірістік және коммуналдық инфрақұрылымның дамымағанына; 

      

өткізу нарықтарынан шалғайлығына; 



      

ауылда тұратын тұрғындар біліктілігінің төмендігіне; 

      

қаржылық қызметтердің жеткілікті қолжетімді болмауына (ауылда екінші 



деңгейдегі банктер жоқ) байланысты. 

      


Әлемдік практикада осындай проблемаларды шешу үшін еңбек нарығының белсенді 

бағдарламалары қолданылады. Олар: 

      

еңбек ресурстарын дамытуды (кәсіптік даярлау және қайта даярлау); 



      

жұмыс күшіне сұранысты ұлғайтуды (жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау, 

жаңа жұмыс орындарын құру); 

      


жұмыспен қамту саясатын институционалдық және ақпараттық қамтамасыз етуді 

(жұмыспен қамту қызметтерін, ақпараттық жүйелерді құру, ақпараттандыруды 

ұйымдастыру); 

      


еңбекке ынталандыруды күшейтуді (кәсіби бағдар, келісілген әлеуметтік көмек 

көрсету) болжамдайды. 

      

Орын алған проблемаларды шешу және Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске 



асыру үшін әлемдік тәжірибені бейімдеу мүмкіндігін ескере отырып, осы Бағдарлама 

әзірленді. 

4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және нысаналы 

индикаторлары 

1. Бағдарламаның мақсаты 

      


3. Жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу, жұмыссыздық деңгейін 

төмендету арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу. 

2. Бағдарламаның нысаналы индикаторлары 

      


4. 2016 жылға қарай: 

      


1) кедейлік деңгейі 6,0 %-дан аспайтын болады; 

      


2) жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-дан аспайтын болады; 

      


3) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен 

қамтылғандардың үлесі 64,5 %-ға дейін ұлғаяды; 

      

2020 жылға қарай күтілетін нәтижелер индикаторлары Бағдарламаның бірінші 



кезеңі аяқталғаннан кейін айқындалатын болады. 

      


5. Бағдарлама шеңберінде: 

      


1) өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған адамдар: 2013 жылы – олардың санынан 

3,0 %, 2014 жылы – 3,8 % және 2015 жылы – 6,1 %; 

      

2) жұмыссыздар: 2013 жылы – 15,0 %, 2014 жылы – 18,0 % және 2015 жылы – 21,0 



%; 

      


3) табысы аз отбасылардың еңбекке жарамды мүшелері: 2013 жылы – олардың 

жалпы санынан 18,0 %, 2014 жылы – 19,0 % және 2015 жылы – 20,0 % мемлекеттік 

қолдаумен қамтылатын болады. 

3. Бағдарламаның міндеттері 




жүктеу 422,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау