жоспарын келіседі;
2) Бағдарламаның өңірлік құрамдас бөліктерін қаржыландыру лимиттері
жөніндегі ұсыныстарды өңірлік комиссияның және Бағдарлама операторының қарауына
енгізеді;
3) өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім
бойынша әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орташа және жоғары елді
мекендердің, тірек ауылдық елді мекендердің тізбесiн айқындайды, Бағдарламаға
қатысушылардың көшу жоспарын бекітеді.
89. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының негiзгi мiндеттерi:
1) жалпы рәсiмдердi жүргiзу: Бағдарламаға қатысу мәселесi бойынша
азаматтарды хабардар ету және консультация беру қызметiн көрсету, құжаттарды
дайындауда көмек көрсету, үмiткерлердiң қажеттiлiктерiн зерттеу мақсатында олармен
консультация жүргiзу және үмiткерлердiң әлеуметтiк қолдауға мұқтаждығына бағалау
жүргiзу, Бағдарламаға қатысуға үмiткерлердiң құжаттарын қабылдау;
2) Бағдарламаға әлеуеттi қатысушыларды, олардың мәртебесiне, кәсіптері мен
әлеуметтiк қолдауға мұқтаждығына байланысты санаттар бойынша iрiктеу және бөлу;
3) Бағдарламаға қатысушылармен әлеуметтiк келiсiмшартқа қол қою, оның
орындалуына мониторинг жүргiзу және заңнамаға сәйкес оның талаптарын орындамаған
жағдайда санкция қолдану;
4) жергілікті еңбек нарығында кадрларға қажеттілікке мониторинг жүргізу және
оны айқындау.
90. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының ауылдық округтерде Бағдарламаны
iске асыру мәселелерiмен, жұмыс берушiлермен, бiлiм беру ұйымдарымен және жеке
меншiк жұмыспен қамту агенттiктерiмен өзара iс-қимылды үйлестiрумен айналысатын
өкiлдiктерi, бөлiмшелерi (немесе мамандары) болуы мүмкiн.
10. Бағдарламаны ақпараттық-әдіснамалық қамтамасыз
ету
91. Бағдарламаны іске асыруды ақпараттық-әдіснамалық қамтамасыз ету мынадай
бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
1) нақты кәсіптер бөлінісінде еңбек нарығының қажеттіліктерін жедел және
орта мерзімді болжау;
2) кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру жүйесін дамыту;
3) тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін әзірлеуді қоса алғанда, жұмыспен
қамту орталықтарының қызметін әдіснамалық қамтамасыз ету;
4) Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің (бұдан әрi –
ӘЕСБАЖ) базасында Бағдарламаның іске асырылуына кешенді мониторинг жүргізу, оның
ішінде нақты уақыт режимінде Жалпыұлттық дерекқорды пайдалану үшін Бағдарлама
шеңберінде орындалатын бизнес-процестерді автоматтандыру; жұмыспен қамтуға
жәрдемдесу және әлеуметтік қолдау үшін өтініш берген адамдарды, оның ішінде
Бағдарламаға қатысушыларды автоматты түрде есепке алуға өзгерістер енгізу;
Бағдарламаға қатысушылардың табысын анықтау үшін «Зейнетақы төлеу жөніндегі
мемлекеттік орталық» РМҚК тиісті дерекқорын пайдалану, бұл бюджет қаражатының
мақсатсыз пайдаланылуын болғызбайды;
5) «Жастардың еңбек биржасы» бірыңғай ақпараттық порталын және «Жұмыс»
ақпараттық порталын қолдау;
6) Бағдарлама шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы
сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдар, қызметтер және оқу орындарының
тізбесі туралы ақпарат Бағдарлама операторының, білім беру саласындағы уәкілетті
органның, Бағдарлама операторының жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің
аккредиттелген бірлестіктерінің, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті
органдардың және халықты жұмыспен қамту орталықтарының интернет-ресурстарында
орналастырылады;
7) халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында елді мекендердің
даму әлеуетін айқындау бойынша зерттеу.
Бағдарлама операторының көрсетілген бағыттарды іске асыруы үшін Бағдарламаны
ақпараттық-әдіснамалық қамтамасыз ету мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым
айқындалатын болады.
92. Бағдарлама шеңберінде сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарда
көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары, қызметтер және оқу орындарының тізбесі
туралы ақпарат Бағдарлама операторының, білім беру саласындағы уәкілетті органның,
Бағдарлама операторының жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген
бірлестіктерінің, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың және
халықты жұмыспен қамту орталықтарының интернет-ресурстарында орналастырылады.
11. Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру
93. Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру еңбек белсенділігі мен атаулы
әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) көрсету арасында оңтайлы байланыс орнатуға
бағытталған.
Осы мақсатта шартты әлеуметтік көмекті енгізу көзделуде. Ол атаулы қолдаудың
шартсыз нысанынан «өзара міндеттемелер» (отбасыны жандандырудың әлеуметтік
келісімшарт жүйесі) қағидатына өтуді болжамдайды.
Отбасын жандандырудың әлеуметтік келісімшарты еңбек әлеуетін жандандыру және
қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану, екі тараптың өзара міндеттемелерін,
әрекеттерін көрсете отырып, әлеуметтік және кәсіптік бейімдеу бойынша қызметтер
көрсету есебінен отбасының өмірлік қиын жағдайлардан шығуының жеке жоспарын
қамтитын болады. 2014 жылы шартты әлеуметтік көмек көрсету Шығыс Қазақстан, Ақмола
және Жамбыл облыстарында пилоттық режимде сынақтан өткізілетін болады.
Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар халықты жұмыспен
қамту орталықтарымен бірлесе отырып, азаматтардың әлеуметтiк келiсiмшарттың
талаптарын орындауына бақылау жүргiзедi және ұсынылған көмектiң тиiмдiлiгiн
бағалайтын болады.
Құрамында еңбекке қабiлеттi мүшелерi жоқ (жалғызбасты, қарт адамдар) не
отбасында мүмкiндiгi шектеулi мүшелерi (мүгедектер, әлеуметтiк мәнi бар аурулармен
ауыратын адамдар) бар күнкөрісі төмен отбасыларға АӘК Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасына сәйкес берiлетiн болады.
12. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің
көрсеткіштері
94. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің
белсенді шараларымен 2020 жылға дейін бір жарым миллион адамға дейiн қамтылатын
болады.
Жұмыспен тиiмсiз қамтудың үлес салмағы төмендейдi, жұмыссыздық азаяды, еңбек
өнiмдiлiгi, сондай-ақ халықтың табысы артады.
2020 жылға дейін жұмыссыздықтың 5 % деңгейін
қамтамасыз ету
үшін жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жоспары
адам
Өңірлер
2013 ж. 2014 ж. 2015 ж. 2016
ж.
2017
ж.
2018 ж. 2019 ж. 2020
ж.
Ақмола облысы
4172
2613
2560
2569
2695
3046
3523
3860
Ақтөбе облысы
4105
2571
2519
2527
2652
2997
3466
3798
Алматы облысы
9701
6077
5954
5973
6267
7083
8191
8976
Атырау облысы
2767
1733
1698
1704
1788
2020
2337
2560
Батыс Қазақстан
облысы
3148
1972
1932
1938
2034
2299
2658
2913
Жамбыл облысы
5557
3481
3410
3422
3590
4057
4692
5141
Қарағанды облысы
7012
4393
4304
4318
4530
5120
5921
6488
Қостанай облысы
5075
3179
3115
3125
3278
3705
4285
4695
Қызылорда облысы
3278
2053
2012
2018
2118
2393
2768
3033
Маңғыстау облысы
2550
1597
1565
1570
1647
1861
2153
2359
Оңтүстік Қазақстан
облысы
11709
7336
7187
7210
7565
8550
9888
10834
Павлодар облысы
4136
2591
2539
2547
2672
3020
3493
3827
Солтүстік Қазақстан
облысы
3268
2047
2006
2012
2111
2386
2759
3024
Шығыс Қазақстан
7102
4450
4359
4373
4589
5186
5997
6571
облысы
Алматы қ.
3942
2470
2420
2427
2547
2878
3329
3648
Астана қ.
7304
4576
4483
4498
4719
5333
6168
6758
Қазақстан
Республикасы
84826
53139
52063
52231
54802
61934
71628
78485
13. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi
95. Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады: бірінші кезең –
2013 –
2015 жылдар, екінші кезең – 2016 – 2020 жылдар.
96. Бiрiншi кезеңде пилоттық режимде үшiншi бағытта (экономикалық өсу
орталықтарына және әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi жоғары елдi мекендерге
көшу) қызметтік тұрғын үйлерді сатып алу және қоныстандыру жұмыс берушінің
қатысуымен жүзеге асырылады.
Халықты жұмыспен қамтуды және жұмыссыздық деңгейін бақылауды қамтамасыз ету
мақсатында қалаларда және ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымдық жобаларды іске
асыру жолымен жұмыс орындарын жедел құру шаралары пысықталады.
Тірек елді мекендерді кешенді дамыту тетіктері пысықталады, кредиттер
бойынша субсидиялау тетіктері енгізіледі.
97. Екінші кезеңде: 2016 – 2020 жылдары – Бағдарламаның өңірлік құрамдас
бөліктері әзірленіп, келісілетін болады және орындалуға қабылданады; еңбек
нарығында туындайтын қатерлерді басқару және жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесу
Бағдарламада ұсынылған тетіктер мен құралдар негізінде жүзеге асырылады.
14. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру
көздері
98. Бағдарламаны іске асыру республикалық бюджетте көзделген:
1) 2013 жылға – 102,8 млрд. теңге;
2) 2014 жылға – 97,7 млрд. теңге;
3) 2015 жылға – 91,7 млрд. теңге;
4) 2016 жылға – 101,0 млрд. теңге;
5) 2017 жылға – 104,3 млрд. теңге қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Келесі жылдары республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі жоспарланатын
кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
Ескерту. 98-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.10.2014
№
1066
қаулысымен.
15. Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру
жөніндегі
іс-шаралар жоспары
Ескерту. Жоспарға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.06.2014
№
726
(01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.10.2014
№ 1066
қаулыларымен.
Р/с
№
Iс-шараның атауы
Шығыстар
Жауапты
орындаушылар
Аяқталу нысаны Орындау мерзiмi
1
2
3
4
5
6
1. Ұйымдастыру iс-шаралары
1
Сейсмологиялық аймақтар
мен сипаттамаларды
ескере отырып, қоныс
аударатын Бағдарламаға
қатысушыларға арналған
тұрғын үйлердің (жеке
немесе көппәтерлі),
жатақханалардың үлгілік
жобаларын әзірлеу
-
ҰЭМ
жобалау-
сметалық
құжаттама
2014 жылғы 4-
тоқсан
2
Өңірлік, аудандық
(қалалық) комиссияның
үлгілік ережелеріне,
әлеуметтік
келісімшарттың нысанына,
әлеуметтік келісімшартқа
қосылу туралы жұмыс
берушілер мен білім беру
ұйымдарының өтініштеріне
(хабарламаларына)
өзгерістер мен
толықтырулар енгізу
-
Еңбекмині
бұйрық
2014 жылғы 1-
тоқсан
3
Кәсіптік бағдарлауды
ұйымдастыру жөніндегі
әдіснамалық ұсынымдарды
бекіту туралы
-
Еңбекмині,
ҰКП
бұйрық
2014 жылғы 1-
тоқсан
4
Пилоттық режимде кешенді
дамыту үшін тірек
ауылдардың мастер-
жоспарын әзірлеу
-
Ақмола,
Шығыс
Қазақстан,
Павлодар,
Қызылорда
облыстарының
әкімдіктері
тірек ауылды
дамытудың
мастер жоспары
2014 жылғы 2-
тоқсан
5
Іріктелген тірек
ауылдарды кешенді дамыту
үшін мемлекеттік қолдау
2014
жылға
көзделген
ДСӘДМ, ҰЭМ,
Ақмола,
Шығыс
Үкіметке
ақпарат
2014 жылғы
2-
жартыжылдық
шараларын сынақтан
өткізу
қаражат
шегінде
Қазақстан,
Павлодар,
Қызылорда
облыстарының
әкімдіктері
6
Бағдарламаның іске
асырылуына мониторинг
жүргізу жүйесін
жетілдіру бойынша
ұсыныстар әзірлеу
«ЖҚП АТО»
АҚ,
облыстар,
Астана және
Алматы
қалаларының
әкімдіктері
ДСӘДМ ұсыныстар 2014 жылғы 4-
тоқсан
2. Кәсіпкерлікті және тірек ауылдарды дамыту арқылы жұмыс орындарын құру
7
«Жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысатын
адамдарға кәсіпкерлікті
дамытуды мемлекеттік
қолдауды ұйымдастыру
және қаржыландыру
қағидасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2011 жылғы 18
шілдедегі №
816
қаулысына
өзгерістер
мен толықтырулар енгізу
-
Еңбекминi,
Қаржыминi,
ЭБЖМ, ӨДМ
Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы
2014 жылғы 1-
тоқсан
3. Оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу
8
«Жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысатын
адамдарды оқытуды,
олардың жұмысқа
орналасуына жәрдемдесуді
және оларға мемлекеттік
қолдау шараларын
көрсетуді ұйымдастыру
және қаржыландыру
қағидасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2011 жылғы 18
шілдедегі №
815
қаулысына
өзгерістер
мен толықтырулар енгізу
-
Еңбекминi,
БҒМ,
Қаржымині,
ЭБЖМ,
облыстардың,
Астана мен
Алматы
қалаларының
әкiмдерi
Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы
2014 жылғы 1-
тоқсан
4. Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру
9
«Жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысатын
адамдардың ұтқырлығын
арттыруға жәрдемдесу
және оларға мемлекеттік
қолдау шараларын көрсету
қағидасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2011 жылғы 18
шілдедегі №
817
қаулысына
өзгерістер
мен толықтырулар енгізу
-
Еңбекминi,
ӨДМ,
Қаржыминi,
ЭБЖМ,
облыстардың,
Астана мен
Алматы
қалаларының
әкiмдерi
Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы
2014 жылғы 1-
тоқсан
5. Ақпараттық жұмыс
10
Халықтың жұмыспен қамту
мемлекеттік саясаты
мәселелерінде
хабардарлығын арттыру
ДСӘДМ,
облыстардың,
Астана мен
Алматы
қалаларының
әкiмдерi
Семинарлар,
кездесулер, сөз
сөйлеулер,
жарияланымдар
тұрақты
11
Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.06.2014
№ 726
қаулысымен (01.04.2014 бастап
қолданысқа енгізіледі).
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ӨДМ
–
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
ЭБЖМ
–
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігі
Қаржымині
–
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
БҒМ
–
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Еңбекмині
–
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі
ҰКП
–
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«ЖҚП АТО» АҚ»
–
«Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау
орталығы» акционерлік қоғамы
ҰЭМ
-
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
ДСӘДМ
–
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрлігі
Document Outline - Жұмыспен қамту 2020 жол картасы
- 1. Бағдарлама паспорты
- 2. Кіріспе
- 3. Ағымдағы ахуалды талдау
- 4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және нысаналы индикаторлары
- 5. Бағдарламаны қаржылай қамтамасыз ету
- 6. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың мониторингі
- 7. Бағдарламаға қатысушылар
- 8. Бағдарламаның негізгі бағдарламаларын іске асыру
- 9. Бағдарламаны институционалдық ұйымдастыру
- 10. Бағдарламаны ақпараттық-әдіснамалық қамтамасыз ету
- 11. Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру
- 12. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
- 2020 жылға дейін жұмыссыздықтың 5 % деңгейін қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жоспары
- 13. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi
- 14. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
- 15. Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Достарыңызбен бөлісу: |