Жеке еңбек даулары – бұл жұмыс беруші мен қызметкер
арасындағы еңбек саласындағы келіспеушіліктердің ең жиі
кездесетін түрі.
Еңбек дауларын не арнайы уəкілетті органдар, не еңбек
дауларын шешуге міндетті жəне осы үшін белгілі бір өкілеттіктерге
ие соттар қарастырады.
Жеке еңбек даулары келесі түрлерге бөлінеді:
- жалақы мəселесіне қатысты даулар;
- кепілдіктер мен өтемақы мəселелеріне қатысты даулар;
- басқа жұмысқа ауысумен байланысты даулар;
- жұмыс уақытына байланысты даулар;
- демалыс мəселесіне қатысты даулар;
- еңбекті қорғау мəселесіне қатысты даулар;
- жұмыстан босату мəселесіне қатысты даулар;
- еңбек тəртібі жəне тəртіптік жазаларға қатысты даулар;
- қызметкерлердің өздері келтірген зияны үшін материалдың
жауаптылығына қатысты даулар.
Жеке еңбек даулары не тараптардың келісім бойынша, не сот
тəртібімен қарастырылады жəне шешіледі. Еңбек даулары
тараптардың
келісімі
бойынша
келісім
комиссиясында
қарастырылуы мүмкін.
Қызметкерлердің кейбір санаттары үшін еңбек дауларын
жоғары тұрған ұйымдардың қарастыруы, белгілеуі мүмкін.
Соттарда еңбек даулары қолданыстағы заңдарға сəйкес
қарастырылады. Еңбек дауын қарастыратын органның түріне қарай
талап-арыздық сипаттағы жеке еңбек дауларын қарастырудың
келесі түрлерін атауға болады:
а) жалпы тəртіп, бұл кезде еңбек дауы келісім комиссиясында
немесе сотта қарастырылуы мүмкін. Қызметкер еңбек дауын
қарастыру үшін қандай органға шағымданатынын өзі шешеді.
Алдымен ол еңбек дауларын шешу жөніндегі келісім комиссиясына
шағымдана алады немесе еңбек дауын сот тəртібімен шешу үшін
сотқа жолдана алады;
ə) ерекше тəртіп, бұл кезде қызметкерлердің белгілі бір
санаттарының еңбек даулары белгіленген ережелерге
сəйкес қарастырылады.
Қызметкердің штаттық немесе штаттан тыс, уақытша,
маусымдық екеніне жəне кəсіподақтағы немесе партияға
мүшелігіне қарамастан келісім комиссиясында да, сотта да жеке
еңбек даулары қарастырылады. Сонымен қатар, егер еңбек дауы
оның бұрынғы еңбек қатынастарына қатысты туындаса, жұмыстан
босатылған қызметкер де еңбек дауын шешуге қатысты
шағымдануы мүмкін (белгіленген мерзімге дейін ғана). Осындай
құқықтарға басқа ұйымнан ауысып келген қызметкерлер де,
өндірістік тəжірибеден өту кезінде – студенттер мен оқушылар да
ие болады.
Жеке еңбек дауының пəні болып қызметкердің құқықтары мен
заңды мүдделері табылады (егер ол өзінің құқықтарын басшылық
немесе жұмыс беруші бұзды деп санаса). Заңды мүдделер мен
құқықтардың бұлай бұзылуына қызметкердің келісімінсіз оны
басқа жұмысқа ауыстыру, жалақыны төлемеу, уақтылы төлемеу
немесе толығымен төлемеу, жұмыс уақыты мен демалыс уақыты
режимінің бұзылуы, жыл сайынғы төленетін демалысты бермеу
немесе мұндай демалысты заңнамада көзделген ұзақтыққа
қарағанда қысқарта отырып беру жатады. Сонымен қатар,
басшылықтың немесе жұмыс берушінің қызметкерге материалдық
зиянды өтеу міндетін орындамауы да жеке еңбек дауының пəні
болып табылады.
Мұндай жағдайларда, заңды мүдделері мен құқықтары бұзылған
қызметкер келісім комиссиясына өтініш береді. ҚР «ҚР еңбек
туралы» заңының 99-бабына сəйкес, келісім комиссиясы
тараптардың бірлескен шешімі бойынша жұмыс берушілер мен
қызметкерлердің саны тең өкілдерінен тепе-тең негізде құрылады.
Келісім комиссиясы өз құрамынан комиссияның төрағасы мен
хатшысын сайлайды.
Қызметкерлердің өкілдері келісім комиссиясына ұйымның кем
дегенде 15 қызметкерінен құралған жалпы жиналысымен
(конференциямен) сайланады. Келісім комиссиясының құрамын,
оның мүшелерін сайлау тəртібін жəне олардың санын да еңбек
ұжымының жалпы жиналысы анықтайды. Келісім комиссиясының
мүшелері өз өкілеттігі мерзіміне сайланады. Бұл комиссияда
уақытша мүшелер болмайды. Келісім комиссиясының жалпы
жиналысының шешімімен комиссияны уақытынан бұрын таратуға
болады. Көп дауыс жинаған өкілдер келісім комиссиясының
құрамына сайланған деп саналады.
Жұмыс берушінің өкілдері ұйым басшысының бұйрығымен
тағайындалады. Ұйым басшысын келісім комиссиясының
құрамына сайлаудың қажеті жоқ, себебі, қызметкерлер көп
жағдайда дəл осы басшының əрекеттеріне шағымданады. Сонымен
қатар, жұмыс беруші келісім комиссиясының қызметін қамтамасыз
ету үшін оны қажетті қызмет орнымен жəне материалдармен
қамтамасыз етуге міндетті. Басшылық келісім комиссиясының
талабы бойынша оның отырысына қажетті құжаттарды, есептерді,
ведомостерді жəне еңбек дауын қарастыру үшін т.б. қажетті заттар
мен материалдарды беруге міндетті.
Өзінің заңды мүдделері мен құқықтарын бұзылды деп санаған
қызметкер өз құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны
туралы білген немесе білуі тиіс күннен бастап үш ай мерзімнің
ішінде келісім комиссиясына шағымдана алады. Алайда, аталған
мерзімнің өтіп кетуі себепті жағдайлар болған жағдайда өтінішті
қабылдаудан жəне оны қараудан бас тартуға негіз болмайды.
Келісім комиссиясы бұл мерзімді қалпына келтіріп, дауды мəні
бойынша қарай алады. Егер келісім комиссиясы мерзімнің өтіп
кетуіне себепсіз жағдайлар əсер етті деген қорытындыға келсе, ол
өтініш берушінің талаптарын қараудан жəне қанағаттандырудан
бас тарта алады.
Қарауға қабылданған өтініштер міндетті түрде тіркеуден өтуі
тиіс. Бұл міндет басшылықтың не жұмыс берушінің бұйрығымен
белгілі бір қызметкерге немесе келісім комиссиясының шешімімен
хатшыға жүктеледі. Кəсіптік одақ ұйымы қызмет еткен жағдайда
аталған міндет осы кəсіподақтың құзыретіне кіреді. Еңбек
дауларын қарастыру туралы өтініштерді тіркеу кітабы оны
толтырушы тұлғаның қалауымен жүргізіледі, алайда, мұнда өтініш
берушінің тегі, есімі, əкесінің аты, өтініштің берілген күні, еңбек
дауы бойынша қабылданған шешім жəне оның орындалуы міндетті
түрде көрсетілуі тиіс.
Келісім комиссиясы мүдделі тұлғаларды жəне басшылықты
алдын-ала ресми жазбаша түрде өтінішті қарау уақыты туралы
хабарландырады.
Келісім комиссиясы өтінішті берілген күнінен бастап үш күн
мерзім ішінде қарастырады. Еңбек дауы міндетті түрде өтініш
беруші мен басшылық өкілінің қатысуымен қарастырылуы тиіс.
Дауды өтініш берген қызметкердің қатысуынсыз қарастыруға тек
оның жазбаша өтінішінің негізінде жол беріледі. Қызметкер алдын-
ала ескертусіз келмеген жағдайда дауды қарау кейінге
қалдырылады. Қызметкер келісім комиссиясының отырысына
қайта келмеген жағдайда, келісім комиссиясы бұл өтінішті күн
Достарыңызбен бөлісу: |