Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет82/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   134

Құзыретті  мемлекеттік  органдар  жəне  лауазымды  тұлғалар, 

министрліктер  жəне  олардың  жергілікті  жерлердегі  органдары, 

сонымен  қатар,  лауазымды  тұлғалар,  ғылыми  қызметкерлер  жəне 

тараптар  үшін  беделді  өзге  де  органдар  өз  бастамасымен 

делдалдықты ұсына алады. 

Тараптардың  ұжымдық  еңбек  дауы  бойынша  келісімге  келуі. 

Ұжымдық  еңбек дауының тараптары кез келген кезеңде келісімге 

келген  жағдайда,  аяқталмаған  бітімгершілік  процедуралары  да 

тоқтатылады, ал дауды шешудің жағдайлары ретінде тарапатардың 

арасындағы келісімнің жағдайлары саналады. 

Егер  алдын-ала  ереуіл  жарияланған  болса,  тараптардың  дауды 

шешу туралы келісімге келуі ереуілдің тоқтатылуына əкеледі. 

Егер келісім комиссиясы жəне еңбек арбитражы ұжымдық еңбек 

дауы  тараптарының  келіспеушіліктерін  реттей  алмаса,  бұның 

себептері  жазбаша  нысанда  еңбек  ұжымына  жеткізіледі.  Мұндай 

жағдайда, еңбек ұжымы өз мүдделерін қорғаудың заңда көзделген 

өзге  де  тəсілдерін  қолдануға  құқылы  (соның  ішінде,  ереуілге 

шығуды да). 

Қызметкерлердің  ұжымдық  еңбек  дауын  шешуге  қатысты 

кепілдіктері.  Заңдарда  ұжымдық  еңбек  дауын  қарау  жəне  шешу 

процедураларына  қатысушы  қызметкерлерге  қатысты  белгілі  бір 

кепілдіктер көзделген. 

ҚР «Ұжымдық еңбек даулары жəне ереуілдер туралы» заңының 

10-бабына  сəйкес,  келісім  комиссиясының  мүшелері,  делдалдар, 

еңбек  арбитрлары  ұжымдық  еңбек  дауын  шешуге  қатысу  кезінде 

жұмыс  берушілердің  келісімімен,  бір  жыл  бойында  үш  ай 

мерзімнен  аспайтын  орташа  жалақысы  сақтала  отырып,  негізгі 

жұмысынан босатылады. 

Ұжымдық  еңбек  дауын  шешуге  қатысушы  кəсіподақтардың 

жəне  олардың  бірлестіктерінің  өкілдерін  ұжымдық  еңбек  дауын 

шешу  кезінде  оларға  уəкілеттік  берген  органның  алдын-ала 

келісімінсіз  тəртіптік  жазаға  тартуға,  басқа  жұмысқа  ауыстыруға, 

жұмыстан босатуға болмайды. 



Ереуілдер.  Егер  ұжымдық  еңбек  дауын  қараушы  келісім 

органдары  тараптарды  келісімге  келтіре  алмаса  немесе  жұмыс 

беруші  бітімшершілік  процедураларынан  бас  тартса  не  кесімді 

орындамаса, 

қызметкерлер 

жиналыстар, 

митингілер, 

демонстрациялар  өткізуге,  тосқауылдарға  тұруға,  соның  ішінде, 

ереуілдерге шығуға құқылы. 



Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  жұмыс  істейтін 

азаматтардың өздерінің экономикалық жəне əлеуметтік мүдделерін 

қорғауы  үшін  ереуілге  шығу  құқығын  жариялайды.  Алайда,  бұл 

құқық  тек  ҚР  «Ұжымдық  еңбек  даулары  жəне  ереуілдер  туралы» 

заңының  шегінде  ғана  жүзеге  асырылады.  Аталған  заңда 

қызметкерлердің  ұжымдық  еңбек  дауын  шешу  тəсілі  ретінде 

ереуілдерге шығу құқығы танылған. 

Ереуіл – бұл  ұжымдық  еңбек  дауын  шешу  мақсатында 

қызметкерлердің  еңбек  міндеттерін  толығымен  немесе  жартылай 

орындауын уақытша ұжымдық ерікті түрде тоқтатуы. 

Жұмыс  беруші  немесе  оның  өкілдері  қызметкерлердің  не 

олардың  өкілдерінің  талаптарын  қанағаттандырудан  бас  тартқан 

жағдайда, қызметкерлер ереуілге шығу құқығына ие. 

Бітімгершілік  процедураларына  қарағанда,  ереуіл – бұл  өз 

талаптарының орындалуына жету үшін қызметкерлердің жұмысты 

тоқтату жолымен жұмыс берушіге қысым жасауы. Ереуіл ұжымдық 

еңбек дауын шешуде ең соңғы шара болып табылады. 

Ереуілдердің  негізгі  себептері  болып  өндірістің  құлдырауы, 

жалақы  деңгейінің  төмендеуі,  жалақыны  уақтылы  төлемеу,  еңбек 

заңдарын бұзу жəне т.б. табылады. 

Ереуілдер  тек  жұмыс  берушіге  ғана  емес,  сонымен  қатар, 

қызметкерлерге,  еңбек  ұжымына  да  белгілі  бір  материалдық  зиян 

əкеледі, себебі, бұл кезде қызметкерлер жалақы алмайды. Сонымен 

қатар,  ереуілге  шыққан  өндірістің  ғана  емес,  тауарды 

жеткізушілердің  де,  тұтынушылардың  да  пайдасы  азаяды,  тіпті, 

бүкіл халық шаруашылығы шығынға батады. Сондықтан, заңдарда 



ереуілге  қатысты  құқықты  жүзеге  асырудың  ерекше,  арнайы 

тəртібі  бекітілген.  Бұл  дегеніміз,  ұжымдық  еңбек  дауы 

бітімгершілік процедураларында шешілмесе немесе жұмыс беруші 

бітімгершілік  процедураларынан  бас  тартса,  не  меншік  иесі 

ұжымдық  еңбек  дауын  шешу  барысында  келген  келісімнің 

ережелерін орындамаса, ереуіл басталуы мүмкін. 

Ереуілді 

жүргізу 

туралы 

шешім 

еңбек 


ұжымының 

жиналысында  (конференцияда)  қабылданады  жəне  бұл  үшін  осы 

еңбек  ұжымы  мүшелерінің  (конференция  делегаттарының)  кем 

дегенде үштен екісі дауыс берсе шешім қабылданды деп саналады. 

Ереуілді  жариялау  туралы  шешім  хаттамамен  рəсімделеді.  Осы 

жиналыста  еңбек  ұжымы  ереуіл  барысына  басшылық  жасайтын 

ереуіл комитетін сайлайды. Егер ереуілді бірнеше еңбек ұжымдары 



бірдей  талаптарды  білдіре  отырып  жарияласа,  онда  ереуілді  осы 

ұжымдардың  өкілдерінің  тең  санынан  құралатын  біріккен  орган 

басқарады. 

Ереуіл салалық немесе аумақтық ауқымда жариялануы мүмкін. 

Бұл  жөніндегі  шешім  салалық  немесе  аумақтық  деңгейде 

қызметкерлер 

жəне/немесе 

кəсіподақтар 

өкілдерінің 

конференциясында,  жиналыста  немесе  пленумда  қабылданады 

жəне тиісті еңбек ұжымдарына немесе кəсіподақтарға жіберіледі. 

Егер  ереуіл  жарияланған  кəсіпорындарда  жұмыс  істейтін 

қызметкерлердің саны тиісті салада немесе аумақта жұмыс істейтін 

қызметкерлер  санының  жартысынан  көбін  құраса,  ереуіл  салалық 

немесе аумақтық деп саналады. 

Салалық немесе аумақтық ереуілді конференцияда, жиналыста, 

пленумда  немесе  қызметкерлер  өкілдерінің  өзге  де  сайланбалы 

органымен тағайындалған орган немесе тұлға басқарады. 

Белгілі 

бір 


саланың 

немесе 


əкімшілік-аумақтық 

бірліктің 

кəсіпорындарының  қызметкерлері  өз  кəсіпорынында  ереуіл 

жариялау  немесе  жарияламау  туралы  шешімді  өздері  дербес 

қабылдайды. 

Ереуілді жариялау туралы шешімде мыналар көрсетілуі тиіс: 

·  тараптардың  ереуілді  жариялау  жəне  жүргізуге  негіз  болып 

табылған келіспеушіліктерінің тізімі; 

·  ереуілді  жүргізетін  күн,  орны  жəне  уақыты,  оның  ұзақтығы 

жəне қатысушылардың болжамды саны; 

·  ереуілді  басқаратын  орган  органның  атауы,  қызметкерлердің 

бітімгершілік  процедуларына  қатысуға  уəкілетті  өкілдерінің 

құрамы; 

·  ереуілді  жүргізу  кезінде  орындалатын  қажетті  жұмыстар 

(қызметтер) туралы ұсыныс. 

 Ереуілдің  басталуы  туралы  ескерту.    Ереуіл  комитеті  жұмыс 

берушіні  ереуілді  жариялайтын  күнге  дейін  он  бес  күннен 

кешіктірмей  ереуілдің  басталуы  жəне  ұзақтығы  туралы  жазбаша 

түрде ескертуге міндетті. 

Жұмыс  беруші  тауар  жеткізушілерді,  тұтынушыларды,  көлік 

ұйымдарын, жұмысқа тапысырыс берушілерді жəне өзге де мүдделі 

тұлғаларды  ереуілді  жариялау  мүмкіндігі  туралы  қысқа  мерзімде 

жедел түрде хабарландыруға міндетті. 

Ереуіл  комитетінің  өкілеттіктері.  Ереуілді  басқарушы  орган 

немесе  тұлға  ереуіл  кезінде  заңдарда  көзделген  құқықтар  шегінде 




жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау