Алайда, күн сайынғы демалыстың ұзақтығы демалуға жəне
тамақтануға арналған үзілісті қоса алғанда 12 сағаттан кем
болмауы тиіс. Мысалы, 7 сағаттық жұмыс күні жəне 1 сағаттық
түскі үзіліс жағдайында күн сайынғы демалыстың ұзақтығы 16
сағатты құрайды (мысалы, егер жұмыс уақыты сағат 9.00-де
басталып, 17.00-де аяқталатын болса, онда күн сайынғы
демалыстың ұзақтығы 16 сағатты құрайды).
«ҚР еңбек туралы» заңының 56-бабы
Демалыс күндері
1. Қызметкелерге демалыс күндері (апта сайынғы үзіліссіз
демалыс уақыты) беріледі.
2. Бес күндік жұмыс аптасы жағдайында қызметкерлерге
аптасына - екі, ал алты күндік жұмыс аптасында бір демалыс
күні беріледі.
3. Жалпы демалыс күні жексенбі болып есептеледі. Бес
күндік жұмыс аптасы кезінде екінші демалыс күні жұмыс
берушінің актісімен немесе жұмыс кестесімен белгіленеді. Екі
демалыс күні де, əдетте қатарынан беріледі.
4. Мерекелік күндер жұмыс күндеріне сəйкес келген
жағдайда
жəне
жұмыс
уақытын
ұтымды
пайдалану
мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс
күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.
5. Осы Заңның 59-бабында көздеген жағдайларды
қоспағанда, қызметкерді демалыс күндерінде жұмысқа тартуға
оның келісімімен ғана жол беріледі.
Демалыс күндері (апта сайынғы) – бұл аптаның жұмыстан бос
күндері, яғни, апта сайынғы үздіксіз демалыс уақыты. Апта
сайынғы демалыстың ұзақтығы демалыс күніне дейінгі жұмыс күні
аяқталған сəттен бастап демалыс күнінен кейінгі жұмыс күні
басталған сəтке дейінгі уақытты құрайды. 5 күндік жұмыс аптасы
жағдайында қызметкерлерге аптасына – екі, ал алты күндік жұмыс
аптасында бір демалыс күні беріледі. Жалпы демалыс күні
жексенбі болып есептеледі. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде
екінші демалыс күні жұмыс берушінің актісімен немесе жұмыс
кестесімен белгіленеді. Екі демалыс күні де, əдетте қатарынан
беріледі. Егер еңбек жағдайы бойынша бұл мүмкін болмаған
жағдайда, демалыс күндері аптаның басқа күндерінде беріледі.
Мерекелік күндер жұмыс күндеріне сəйкес келген жағдайда,
жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан
Республикасының Үкіметі демалыс күндерін басқа жұмыс
күндеріне ауыстыруға құқылы.
Жұмыс беруші бүкіл ұйым үшін демалыс күндерін ауыстыра
жəне жоя алмайды. Мұндай құқық тек Қазақстан Республикасының
Үкіметіне тиесілі.
Өндірістік-техникалық жағдайлары бойынша немесе халыққа
үнемі үзіліссіз тұрақты қызмет көрсету қажет болуы себепті
демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын ұйымдарда
(мысалы, көлік, байланыс ұйымдары, кинотеатрлар, мейрамханалар
жəне т.б.), сондай-ақ үзіліссіз өндіріс жүргізілетін ұйымдарда
жұмыс берушінің актісімен бекітілген ауысым кестесіне сəйкес,
қызметкерлердің əрбір тобына демалыс күндері аптаның əр түрлі
күндерінде кезекпен беріліп отырады.
Демалыс
күндері
жұмыс
істеуге
жол
берілмейді.
Қызметкерлерді демалыс күндерінде жұмысқа тартуға оның
келісімімен ғана жол беріледі («ҚР еңбек туралы» заңның 56-б.4-
т.).
Демалыс күндеріндегі жұмыс үшін ақы екі еседен кем емес
мөлшерде төленеді немесе тараптардың келісімі бойынша басқа
демалыс күні берілуі мүмкін. Демалыс күндеріндегі жұмысқа
еңбекті қорғау мақсатында қызметкерлердің кейбір санаттары
тартылмайды.
Еңбек туралы заңдарда қызметкерлерді олардың келісімінсіз де
мереке күндерінде жұмысқа тартудың жағдайлары көзделген.
Мұндай жағдайлар ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 59-бабында
аталған. Бұлар:
1)
төтенше жағдайларды немесе дүлей апатты, өндірістік
аварияны болғызбау не олардың зардаптарын дереу жою үшін;
2)
жазатайым оқиғаларды, мүліктің жойылуын немесе
бүлінуін болғызбау жəне оны тергеу үшін;
3)
тұтас алғанда ұйымның
немесе оның жеке бөлімшелерінің
одан əрі қалыпты жұмыс істеуі тез орындалуына байланысты
болатын шұғыл, алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау үшін
жол беріледі.
Қызметтік іссапарда жүрген қызметкерлер демалыс күндерін
іссапар орнында пайдаланады. Оларға өздері іссапарда жүрген
ұйымның жұмыс уақыты режимі таралады. Бұл күндерінде олар
жұмыс істемейді жəне демалыс күндерін өз қалаулары бойынша
пайдаланады.
Қызметтік
іссапардан
оралғаннан
кейін
пайдаланбаған демалыс күндері үшін қосымша демалыс күндері
берілмейді.
«ҚР еңбек туралы» заңының 58-бабы
Өндірістік-техникалық
жағдайлары
бойынша
немесе
халыққа үзіліссіз тұрақты қызмет қажет болуы себепті
демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын
ұйымдарды
қоспағанда,
Қазақстан
Республикасында
белгіленген мереке күндері жұмыс жүргізілмейді.
Мереке күндері. Қазақстан Республикасында белгіленген
мереке күндерінде жұмыс жүргізілмейді. Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995 жылғы 18 қазандағы № 2534 заң күшіне ие
жарлығына сəйкес мына күндер мереке күндері болып табылады:
1) 1-2 қаңтар – Жаңа жыл;
2) 8 наурыз – Халықаралық əйелдер күні;
3) 22 наурыз – Наурыз мерекесі;
4) 1 мамыр – Қазақстан халқының ынтамақтастық күні;
5) 9 мамыр – Жеңіс күні;
6) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
7) 25 қазан – Республика күні;
8) 16 желтоқсан – Тəуелсіздік күні.
Мереке күндерінде қызметкерлерді жұмысқа тартуға жол
берілмейді.
Өндірістік-техникалық жағдайлары бойынша немесе халыққа
үзіліссіз тұрақты қызмет көрсету қажет болуы себепті демалыс
күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын ұйымдарда мереке
күндері жұмыс істеуге рұқсат етіледі («ҚР еңбек туралы» заңының
58-бабы). Мереке күндерінде мұндай ұйымдардың қызметкерлері
олардың келісімінсіз ауысым кестесіне сəйкес жұмысқа тартылуы
мүмкін.
Егер мұндай жұмыстардың туындауын алдын-ала білу немесе
болжау мүмкін болмаса, қызметкерлер белгіленген кестелерге