6 бап. Қазақстан Республикасының кəсіптік одақтарының
халықаралық байланыстары
Жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне сəйкес кəсіподақтар
басқа
елдердің
кəсіподақ
ұйымдарымен
ынтымақтасуға,
халықаралық кəсіподақ бірлестіктері мен ұйымдарына кіруге,
олармен, сондай-ақ шет елдердің кəсіптік одақтарымен шарттар
жəне келісімдер жасасуға құқылы.
7 бап. Азаматтардың кəсіптік одақтарға мүше болу белгісі
бойынша кемсітушілікке тыйым салуы
Кəсіподақтарға мүше болу азаматтардың заңдарда кепілдік
берілетін еңбек ету, əлеуметтік-экономикалық, саяси, жеке
құқықтары мен бостандықтарына қандай да бір шек қойылуына
əкеп соқтырмайды. Еңбекшілердің жұмысқа қабылдануын,
жұмыста жоғарылауын, сондай-ақ жұмыстан босатылуын олардың
белгілі бір кəсіподақта болу, оған кіру немесе одан шығу себебімен
байланыстыруға тыйым салынады.
2 Т А Р А У
КƏСIПТIК ОДАҚТАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ, ОЛАРДЫҢ
ҚЫ3METIHIҢ ТОҚТАТЫЛУЫ
8 бап. Кəсіптік одақтың құрылуы
Кəсіптік одақ кемінде он адамнан тұратын азаматтар тобының
бастамасымен құрылады, олар құрылтай съезін (конференциясын,
жиналысын) шақырып, онда одақтың жарғысы бекітіледі жəне
басшы органдары құpылады.
Мүшелікке өту жəне одан шығу шарттары мен тəртібі кəсіптік
одақтың жарғысымен белгіленеді.
Kəciптiк одақтың заңды ұйым ретінде құқылы қабілеті ол
тіркелген кезден пайда болады.
Кəсіптік одақтарды тіркеу «Қазақ KCP-індегі қоғамдық
бірлестіктер туралы» Қазақ КСР Заңына сəйкес жүргізіледі.
Tipкеушi орган кəсіподақтардың қызметіне бақылау жасамайды.
9 бап. Кəсіптік одақ қызметінің тоқтатылуы
Кəсіптік одақ қызметінің тоқтатылуы «Қазақ KCP-індегі
қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақ KCP Заңында белгіленген
тəртіппен жүзеге асырылады.
3 Т А Р А У
КƏСIПТIК ОДАҚТАРДЫҢ
ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН КЕПIЛДIКТЕРI
10 бап. Кəсіптік одақтардық құқықтары
Кəсіптік одақтардың мынадай құқықтары бар:
мемлекеттік жəне шаруашылық органдармен, қоғамдық
ұйымдармен, кəсіпкерлермен жəне олардың бірлестіктерімен
(одақтарымен, ассоциацияларымен) өзара қатынастарда өз
мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін білдіріп, қорғау, өз
мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатымен сотқа
талап қою, сотта, төрелік сотта, басқа органдарда олардың
мүдделерін қорғay, оларға өзге де құқылық көмек көрсету, заң
консультацияларын жəне құқылық көмек көрсететін басқа да
қызметтер құру, жəне еңбек дауларын қарау жəне заңдарға сəйкес
ұжымдық еңбек дауларын (жанжалдарын) шешуге қатысу,
келісімдер мен ұжымдық шарттар жасасу;
ақша қорларын қалыптастыру;
мемлекетті басқару органдарының кəсіподақ мүшелерінің
құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін актілері
жөнінде сотқа шағым жасау; мемлекеттік өкімет пен басқару
органдарына олар қабылдаған, кəсіподақ мүшелерінің құқықтары
мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін құқылық актілердің
толық немесе ішінapa күшін жою не оларды өзгерту туралы өтініш
жасау;
кəсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне
нұқсан келтіретін, прокурорлық қадағалау саласындағы құқылық
актілерге наразылық білдіру туралы, кəсіподақтар, еңбек қорғау
жəне қауіпсіздік техникасы жөніндегі заңдарды бұзушы адамдарға
қарсы ic қозғау туралы прокуратураға өтініш жасау;
заңда берілген құқықтар шегінде өз мүшелері жөнінде еңбек
тұрғын үй жəне зейнетақы заңдарының, еңбек қорғау жəне кəсіподақтар
туралы заңдардың орындалуына қоғамдық бақылауды жүзеге
асыру жəне анықталған бұрмалаушылықтардың жойылуын талап
ету;
бағаның өсуіне байланысты ең төменгі тұтыну бюджетінің жəне
оның жекелеген тұтыну себептерінің нақтылы-заттай құрылымы
мен құрамын қайта қарауға, еңбекке ақы төлеуді, зейнетақыларды
жəне жəрдемақыларды қайта қарауға қатысу;
өз кəсіподағы мүшелерінің кəсіпорындары мен жұмыс
орындарына өз өкілдерін жіберу;
еңбек ұжымдарының тапсырмаларына сəйкес олардың
əлеуметтік- экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру жəне
қорғау, олардың атынан ұжымдық шарттар жасасу;
заңмен белгіленген тəртіп бойынша жиналыстар, митингілер,
көше шерулерін, демонстрациялар, ереуілдер ұйымдастыру жəне
өткізу;
баспа қызметімен айналысу, баспасөзде жəне басқа да
бұқаралық хабарлама құралдарында, кəсіпорындарда өз қызметін
көрсету;
меншікке ие болу;
өндірістік жəне шаруашылық қызметті жүзеге асыру.
Мемлекет кəсіподақтардың құқықтары мен мүдделерін
қорғауды жүзеге асырады жəне олардың қызметіне кепілдіктер
белгілейді.
Қазақстан Республикасының заңдарында, жұмыс берушілермен
жасалған келісімдерде жəне шарттарда кəсіптік одақтардың өзге де
құқықтары белгіленуі мүмкін.
Кəсіподақтардың өкілеттігін жүзеге асыру тəртібі тиісті
заңдармен жəне кəсіподақ жарғысымен белгіленеді.
11 бап. Кəсіподақ мүшелерінің еңбек ету жəне əлеуметтік-
экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау
Еңбекшілердің еңбек жағдайлары мен оған нақты ақы төлеу,
еңбек қорғау жəне өндірістегі қауіпсіздік жұмыспен қамту, тұрғын
үй жағдайлары, əлеуметтік сақтандыру жəне денсаулығын сақтау,
зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы кəсіподақтардың
құқықтары Қазақстан Республикасының тиісті заңдарымен
реттеледі
Кəсіптік одақ өз мүшелерінің еңбек ету жəне əлеуметтік-
экономикалық құқықтары мен мүдделерін мынадай жолдармен
қорғайды:
Достарыңызбен бөлісу: |