мөлшерге сəйкес қызыметкердің денсаулығына келген зақым
немесе опат болғаны үшін ұжымдық шартпен жəне Қазақстан
Республикасының заңдарымен белгіленеді əрі мына мөлшерден:
– өндірістегі жазатайым жағдайдан немесе кəсіби аурудан
қайтыс болғанда он еселенген жылдық жалақысынан;
– еңбектегі мертігуден немесе кəсіби аурудан бірінші немесе
екінші топтағы мүгедек болып танылған жағдайда қызыметкердің
бес еселенген жылдық жалақысынан;
– еңбектегі мертігуден немесе кəсіби аурудан үшінші топтағы
мүгедек болып танылған жағдайда қызыметкердің екі еселенген
жылдық жалақысынан;
– мүгедек болып танылған, бірақ еңбек қабілетін
біршама жоғалтқан деп танылған жағдайда бір жылдық
жалақысынан кем болмауға тиіс.
Жылдық
жалақыны
есептеу
тəртібін
Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейді.
Қызметкердің мұқтаждығына қарай кəсіпорын емдеу, протездеу
жəне басқа да медициналық жəне əлеуметтік көмек шығындарын
өтейді:
Қажет
болған
жағдайда
кəсіпорын
медициалық
қорытындыға сəйкес зардап шегушінің кəсіби жағынан қалпына
келуін, қайта даярлықтан өтуін жəне жұмысқа орналасуын
қамтамасыз етеді немесе осы мақсатқа жұмсалған шығындарды
өтейді.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗЫМЕТ ТУРАЛЫ
1 Т А Р А У
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1 бап. Негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Мемлекттік əкімшілік қызметші – мемлекеттік саяси
қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты
кəсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын
мемлекеттік қызметші;
мемлекеттік лауазым – мемлекеттік органның нормативтік
құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттік пен
лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі;
мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік
органдағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске
асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі
қызметі;
мемлекеттік қызметші – мемлекеттік органда заңдарда
белгіленген тəртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен
не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржысынан ақы
төленетін қызметті атқаратын жəне мемлекеттік міндеттері мен
функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті
жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы;
лауазымды адам – ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік
бойынша өкімет өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын не
мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкім берушілік
немесе əкімшілік-шаруашылық қызметкерді орындайтын адам;
лауазымдық өкілеттік – заңдарда белгіленген құқықтары мен
негізгі міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге
асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен
міндеттерге жауап беретін, нақты мемлекеттік лауазыммен
көзделген өкілеттік;
мемлекеттік əкімшілік қызмет санаты – мемлекеттік əкімшілік
қызметшілер атқаратын, лауазымдық өкілеттіктің көлемі мен
сипатын
көрсететін
əкімшілік
лауазымдар
жиынтығының
саралаушылық сипаттамасы;
біліктілік талаптары – мемлекеттік əкімшілік қызметті атқаруға
үміткер азаматтарға оның кəсіби даярлығының деңгейін,
құзіреттілігінің жəне нақты əкімшілік қызметке сəйкес келуін
анықтау мақсатында қойылатын талаптар;
мемлекеттік саяси қызметші – тағайындалуы ( сайлануы),
босатылуы жəне қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын жəне
саяси мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін жауап беретін
мемлекеттік қызметші.
2 бап. Мемлекеттік қызмет туралы заңдар
Мемлекеттік қызмет туралы заңдар Конституциядан, осы
Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық
актілерінен тұрады.
3 бап. Мемлекеттік қызметтік принциптері
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет:
1) заңдылық;
2) қазақстандық патриотизм;
3) мемлекеттік өкіметтің заң шығарушылық, атқарушылық жəне
сот бұтақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет
жүйесінің біртұтастығы;
4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының жəне заңды
мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдығы;
5) жалпы қол жетімділік, яғни Республика азаматтарының
мемлекеттік қызметке қол жеткізуге жəне өз қабілеттері мен кəсіби
даярлығына сəйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарлатуға тең
құқығы;
6) азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі;
7) мемлекеттік қызметшілердің кəсібилігі мен жоғары
біліктілігі;
8) мəні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны
тең төлеу;
9) жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар
өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерді орындаудың
бағынысты мемлекеттік қызметшілер мен төменгі мемлекеттік
органдардың қызметшілері үшін міндеттілігі;
10) мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болу жəне
есептілігі;
11) мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де
құпия болып келетін қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір
мен жариялылықты ескеру;
12) мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жəне əлеуметтік
қорғалуы;
13) мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал,
ынталы атқарғаны, өте маңызды жəне күрделі тапсырмаларды
орындағаны үшін көтермелеу;
14) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін
орындамағаны жəне өздерінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін
жеке жауаптылығы;
15) мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз
жүргізу принциптеріне негізделеді.