Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет116/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   134

«кəсіпорындар» 

деп 


аталады), 

оның 


ішінде 

жекелеген 

жалдаушылар 

мен 


еңбек 

қатынасында 

тұратын 

барлық 


қызметкерлер;  кооператив  мүшелері,  өндірістік  практикадан  жəне 

өндірістік оқудан өтуші жоғары оқу орындарының студенттері мен 

арнаулы  орта  оқу  орындарының  жəне  жалпы  білім  беретін 

мектептердің  оқушылары;  əскери  қызмет  атқаруға  қатысы  жоқ 

жұмысқа  тартылған  əскери  қызметшілер;  үкімнің  орындалуын 

бақылайтын  органдар  белгілейтін  кəсіпорындарындағы  жұмыс 

кезінде  сот  үкімімен  жаза  өтеп  жатқан  адамдар,  сондай-ақ  қоғам 

мен  мемлекет  мүддесі  үшін  ұйымдастырылған  еңбек  қызметінің 

кезкелген түріне қатысушылар еңбекті қорғауға құқылы.  

Мүгедектер  еңбегін  қорғау  «Қазақ  КСР-інде  мүгедектерді 

əлеуметтік қopғay туралы»  Заңға сəйкес реттеледі.  

 

3 бап. Еңбекті қорғау туралы заңдар  

Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау туралы заңдары осы 

Заңның  жəне  басқа  да  заңдар  мен  еңбек  қayiпciздігі  жəне 

гигиенасы,  өндірістік  орта  жөніндегі  нормативтік  актілерден 

тұрады.  

Егер  халықаралық  шарттарда  (келісімдерде)  еңбекті  қорғауға 

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгендегіден биігірек 

талаптар  белгіленсе,  халықаралық  шарт  (келісім)  ережелері 

қолданылады. 

  

 

2  Т А Р А У 



 

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САЯСАТ ПЕН  

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ПРИНЦИПТЕРІ

 

  

4 бап. Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясаттың негізгі 



принциптері  

Еңбекті  қорғау  саласындағы  ұлттық  саясат  кəсіподақтар  мен 

жұмыс берушілер қатысқан барлық деңгейдегі мемлекеттік өкімет пен басқару 

органдары ic-қимылының  бірлігін  көздейді  жəне  мына 

принциптерге:  

—  қызметкерлердің  өмірі  мен  денсаулығының  кəсіпорынның 

өндірістік қызметінің нəтижелеріне қатысты артықшылығына;  



— меншiк иесінің немесе ол уəкілдік берген өкілдің (одан əpi — 

жұмыс беруші) толық жауаптылығына;  

—  еңбекті  қopғay  міндеттерін  бұл  мəселелер  жөніндегі 

мемлекеттік бағдарламалар негізінде кешенді шешуге жəне еңбекті 

қорғау  саласындағы    қызметті  экономикалық  жəне  əлеуметтік 

саясаттың басқа бағыттарымен үйлестіруге;  

—  барлық  кəсіпорындарға  меншік  пен шаруашылықты  жүргізу 

түрлеріне  қарамастан  еңбекті  қopғay  саласында  бірыңғай  талап 

орнатуға;  

—  кəсіпорындарда  еңбек  қopғay  талаптары  мен  қауіпсіздік 

техникасының  барлық  жерде  орындалуы  үшін  мемлекеттік 

қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға;  

—  еңбекті  қopғay  жөніндегі  ғылымның,  техниканың 

жетістіктері  мен  ұлттық  жəне  шетелдік  озық  тəжірибені  кеңінен 

пайдалануға;  

— қауіпсіз техника, технология мен жұмыс істеушілерді қорғау 

құралдарын, 

еңбекті 


қopғay 

жөніндегі 

ғылыми-зерттеу 

жұмыстарын əзірлеу мен енгізуді ынталандыруға;  

— мемлекеттің еңбекті қорғауды қаржыландыруға қатысуына;  

—  кəсіпорындардың  еңбектің  салауатты  жəне  қауіпсіз 

жағдайларын  қамтамасыз  етуге,  ал  қызметкерлердің — еңбекті 

қорғау  жəне  қауіпсіздік  техникасы  ережелері  мен  нормаларын 

сақтауға экономикалық мүдделілігіне;  

—  кəсіпорынның  қызметін  еңбекті  қорғау  тұрғысынан 

лицензиялауға;  

—  өндірістік  мақсатқа  қолданылатын  өнімнің  қауіпсіздік 

талаптарына сəйкестігін сертификаттауды өткізуге;  

—  мемлекеттік  сараптама  органдарының  тікелей  жұмыс 

орындарындағы  еңбек  жағдайларын,  сондай-ақ  жаңа  салынатын 

жəне  қайта  жаңғыртылатын  кəсіпорындардың  жобаларындағы 

өндірістің қауіптілігі мен зияндылығын бағалауға;  

—  меншік  иесінің  қаржысы  есебінен  қызметкерлерді  арнаулы  киіммен 

жəне аяқ киіммен, жеке қорғану құралдарымен, емдеу - алдын алу 

тамағымен қамтамасыз етуге;  

—  өндірістегі  əрбір  жазатайым  жағдайды  жəне  əрбір  кəсіби 

ауруды  тексеру  мен  есепке  алудың  міндеттілігі,  өндірістік 

жарақаттың, кəсіби аурудың деңгейі туралы жəне еңбекті қopғayды 



жақсарту 

жөніндегі 

шаралар 

туралы 


қызметкерлердің 

хабардарлығын қамтамасыз етуге;  

—  өндірістегі  жазатайым  жағдайда  немесе  кəсіби  аурудан 

зардап шеккен қызметкерлердің мүдделерін əлеуметтік қopғayғa;  

— жоғары жəне арнаулы орта оқу орындарында еңбекті қopғay 

мен қауіпсіздік техникасы жөнінде мамандар даярлауға;  

— еңбекшілердің, жұмыс берушілердің өкілетті ұйымдарының, 

қоғамдық  бірлестіктердің,  кəсіпорындар  мен  жеке  адамдардың 

еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған қызметін барынша 

қолдауға;  

—  еңбекті  қopғay  проблемаларын  шешуде  халықаралық 

ынтымақтастыққа негізделеді.  

 5 бап. Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару  

Еңбек қорғауды мемлекеттік басқаруды:  

— Қазақстан Республикасының үкіметі:  

—  Үкімет  арнайы  құрған  мемлекеттік  орган  жəне  оның  жер-

жердегі бөлімшелері жүзеге  асырады.  

 

6  бап.  Еңбекті  қорғауды  мемлекеттік  басқарудың  негізгі 



қызметтері  

Еңбекті  қорғауды  мемлекеттік  басқару  республикада  ұлттық 

саясаттың  принциптерін  жүзеге  асыру,  осы  салада  заңдар  жəне 

басқа  да  нормативтік  актілер  əзірлеу,  сондай-ақ  өндіріс  құрал-

жабдықтарына,  еңбек  технологиясы  мен  оны  ұйымдастыруға, 

еңбекті  қopғay  жөніндегі  заңдар  мен  басқа  да  нормативтік 

актілердің сақталуына мемлекеттік қадағалауды ұйымдастыру мен 

жүзеге асыруға қойылатын талаптарды іске асыру болып табылады 

жəне мына қызметтерді:  

—  еңбекті  қорғау  жөніндегі  салааралық  нормативтік  актілерді, 

стандарттарды, ережелері, нормалар мен заң актілерінің жобаларын 

əзірлеуді жəне бекітуді;  

—  еңбек  жағдайы  жəне  оны  қopғay  саласында  мемлекеттік 

мақсатты бағдарламалар əзірлеуді;  

—  еңбек  жағдайын  жақсарту  жəне  еңбекті  қopғay  құралдарын 

өндіру  жөніндегі  қызметті  экономикалық  ынталандыру  жүйесін 

жасауды;  

—  еңбекті  қорғау  проблемалары  жөнінде  ғылыми  зерттеулер 

жүргізуді, осы мақсатта тиісті ғылыми ұйымдар құруды;  



жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау