Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет97/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   134

2)  жұмыстан  заңсыз  босату  кезінде  амалсыздан  бос  жүрген 

уақыт; 


3)  емделуде  болып,  еңбекке  уақытша  жарамсыздық  парағымен 

расталған уақыт қосылады. 

3.  Жұмыс  беруші  қызметкерге  жыл  сайын  еңбек  демалысын 

беруге міндетті. 

4.  Жұмыс  істеген  бірінші  жылы  үшін  еңбек  демалысы  жеке 

еңбек  шарты  бойынша  бірінші  жұмыс  жылы  өткеннен  кейін 

беріледі. 

5.  Қызметкердің  қалауы  бойынша  жыл  сайынғы  еңбек 

демалысы бөлініп берілуі мүмкін. 

62 бап. Қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалыстарын 

берудің кезектілігі 

1.  Қызметкерлерге  жыл  сайын  еңбек  демалыстарын  берудің 

кезектілігі  жеке  еңбек,  ұжымдық  шарттарда,  демалыс  кестесінде, 

жұмыс берушінің актілерінде көзделген тəртіппен белгіленеді. 

2.  Өндіріс  қажеттеріне  байланысты  демалыс  кестесі  өзгерген 

жағдайда жұмыс беруші еңбек демалысының басталуынан кемінде 

екі апта бұрын қызметкерге ол жөнінде хабралауға міндетті. 

 

63  бап.  Жыл  сайынғы  еңбек  демалыстарын  ауыстыру 



немесе ұзарту жағдайлары 

1.  Жыл  сайынғы  еңбек  демалысы  қызметкер  еңбек  демалысы 

кезеңінде  еңбекке  уақытша  жарамсыз  болған  кезде,  жүкті  болуы 

мен  босануы  бойынша  демалысы  кезінде  толық  немесе  бір  бөлігі 

ауыстырылуы  немесе  ұзартылуы  мүмкін,  бірақ  бұл  орайда  еңбек 

демалысы  кезіндегі  күндерге  еңбекке  уақытша  жарамсыздығы 

бойынша жəрдемақы төленбейді. 

2.  Жыл  сайынғы  еңбек  демалысы  (оның  бір  бөлігі)  тек 

қызметкердің  келісімімен  немесе  оның  өтініші  бойынша  ғана 

ұзартылуы  немесе  келесі  жұмыс  жылына  ауыстырылуы  мүмкін. 

Ауыстырылған  еңбек  демалысы  тараптардың  келісімі  бойынша 

келесі  жылғы  еңбек  демалысына  қосылуы  немесе  қызметкердің 

өтініші бойынша басқа уақытта жеке берілуі мүмкін. 

 

64 бап. Еңбек демалысынан шақырып алу 

Жыл  сайынғы  еңбек  демалысы  жұмыс  берушінің  ұсынысы 

бойынша  жəне  қызметкердің  келісімімен  үзілуі  мүмкін  (еңбек 

демалысынан  шақырып  алу).  Еңбек  демалысының  осыған 



байланысты  пайдаланылмаған  бөлігі  тараптар  арасындағы 

уағдаластық  бойынша  ағымдағы  жұмыс  жылы  ішінде  беріледі 

немесе  қызметкердің  қалауы  бойынша  келесі  жұмыс  жылындағы 

еңбек демалысына қосылады, не өтемақы төленеді. 

 

65 бап. Жалақы сақталмайтын демалыстар 

Тараптардың  келсімі  бойынша  қызметкерге  оның  өтініші 

негізінде жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін. 

 

66 бап. Жүктілігі жəне босануы бойынша демалыстар. Бала 



асырап алған əйелдерге (еркектерге) берілетін демалыстар 

Əйелдерге  жүктілігі  мен  босануы  бойынша  босанғанға  дейін 

ұзақтығы  жетпіс  күнтізбелік  күнге,  босанғаннан  кейін  елу  алты 

(ауыр босанған немесе екі немесе одан да көп бала туған жағдайда 

жетпіс)  күнтізбелік  күнге  демалыс  беріледі.  Есептеу  жиынтықтап 

жүргізіледі жəне демалыс əйелдің ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына 

қарамастан, жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүктілігіне жəне 

босануы  бойынша  осы  кезеңге  төленген  жəрдемақыны  босанғанға 

дейін нақты пайдаланған күндерінің санына қарамастан оған толық 

беріледі. 

Жаңа  туған  нəрестелерді  тікелей  перзентханадан  асырап  алған 

əйелдерге  (еркектерге)  бала  асырап  алған  күннен  бастап,  сəбидің 

дүниеге  келген  күнінен  елу  алты  күнге  толғанға  дейінгі  кезеңге 

(ата-анасының біріне) демалыс беріліп, оның ұйымда жұмыс істеу 

ұзақтығына  қарамастан  жұмыс  берушінің  қаражаты  есебінен  оған 

осы кезеңге жəрдемақы төленеді. 

 

67  бап.  Бір  жарым  жасқа  дейінгі  балалары  бар  аналарға, 

бала  асырап  алған  əйелдерге  (еркектерге)  жалақысы 

сақталмай берілетін қосымша демалыс 

Жүктілігі мен босануы бойынша демалыстан басқа əйелге оның 

өтініші  бойынша  баласы  бір  жарым  жасқа  толғанға  дейін  оған 

күтім жөнінде жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс беріледі. 

Қосымша  демалыс  уақыты  ішінде  оның  жұмыс  орны  (қызметі) 

сақталады. 

Жаңа  туған  нəрестелерді  тікелей  перзентханадан  асырап  алған 

əйелдердің  (еркектердің)  өтініші  бойынша  сəби  бір  жарым  жасқа  толғанға 

дейін  оған  күтім  жасау  үшін  жалақысы  сақталмайтын 



қосымша  демалыс  беріліп,  осы  кезеңде  оның  жұмыс  орны 

(қызметі) сақталады. 

Бұл  демалыстың  сəби  бір  жарым  жасқа  толғанға  дейін  кез 

келген уақытта толық немесе бөліп пайдалануы мүмкін. 

 

68  бап.  Пайдаланылмаған  жыл  сайынғы  еңбек  демалысы 

үшін жеке еңбек шартын бұзған кезде төленетін өтемақы 

1.  Жеке  еңбек  шартын  бұзу  кезінде,  оның  қандай  негізде  бұзылғанына 

қарамастан, өзінің жыл сайынғы еңбек демалысын алу құқығын пайдаланбаған 

немесе толық пайдаланбаған қызметкерге өтемақы төленеді. 

2.  Егер  жеке  еңбек  шартын  бұзған  күнге  қарай  қызметкер 

жұмыс  жылының  бір  бөлігінде  жұмыс  істесе,  өтемақы  жұмыс 

істеген уақытқа бара-бар төленеді. 

3.  Жеке  еңбек  шартын  бұзу  кезіндегі  пайдаланылмаған  еңбек 

демалысы  үшін  өтемақы  жеке  еңбек  шарты  тоқтатылған  күні 

төленеді. 

 

69 бап. Оқу демалысы 

Білім  беру  ұйымында  оқитын  қызметкерлерге  емтихандар 

тапсыру,  диплом  жобасын  (жұмысын)  дайындау  жəне  қорғау, 

бітірушілер  емтихандар  тапсыру  кезеңінде  ақы  төленетін  немесе 

ақы төленбейтін қосымша демалыс берілу мүмкін. 

 

7  Т А Р А У



  

 

ЖАЛАҚЫ ЖƏНЕ ЕҢБЕКТІ НОРМАЛАУ

 

 

70 бап. Жалақы 

1.  Жұмыс  беруші  осы  Заңға,  жеке  еңбек,  ұжымдық  шарттарға 

сəйкес қызметкердің еңбегіне ақы төлеуге міндетті. 

2.  Қызметкерлердің  еңбегіне  ақы  мерзімдік,  кесімді  түрде 

немесе  еңбекке  ақы  төлеудің  өзге  де  жүйелері  ойынша  төленеді. 

Ақы  төлеу  еңбектің  жеке  жəне  немесе  ұжымдық  нəтижелері  үшін 

жүргізілуі мүмкін. 

3.  Қызметкердің  жалақысы  орындалатын  жұмыстың  саны  мен 

сапасына, күрделілігіне қарай белгіленеді. 

Қызметкерлердің  өндіріс  тиімділігі  мен  жұмыс  сапасын 

арттыруға  материалдың  мүдделілігін  күшейту  үшін  жыл  ішіндегі 

жұмысының қорытындысы бойынша сыйлық, сыйақы беру жүйесі 



жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау