Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет5/51
Дата20.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#1193
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51

талап етілетін
      азаматтардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген әдеттегі 
азаматтық міндеттерінің бӛлігі болып табылатын; 
      жұмыс мемлекеттік органдардың қадағалауымен және бақылауымен 
жүргізілетін және жұмысты орындайтын адам жеке және (немесе) заңды 
тұлғалардың билігіне берілмейтін немесе тапсырылмайтын жағдайда қандай да бір 
адамнан соттың заңды күшіне енген үкіміне байланысты талап етілетін; 
      тӛтенше жағдайлар немесе соғыс жағдайында талап етілетін; 
      ұжымның тікелей пайдасы үшін осы ұжым мүшелері орындайтын және сол 
себепті, олардың немесе олардың ӛкілдерінің бұл жұмыстардың орындылығына 
қатысты ӛз пікірін айтуға құқығы болған жағдайда, ұжым мүшелерінің әдеттегі 
азаматтық міндеттері болып есептелетін жұмыстарды қоспағанда, қандай да бір 
адамнан қандай да бір жаза қолдану қаупімен талап етілетін, оны орындау үшін 
бұл адам ерікті түрде ӛз қызметін ұсынбаған кез келген жұмысты немесе 
қызметті білдіреді. 
      
9-бап. Осы Кодекстің қолданылу аясы
 
      1. Осы Кодекс: 
      1) еңбек; 
      2) еңбек қатынастарына тікелей байланысты; 
      3) әлеуметтік әріптестік; 
      4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жӛніндегі қатынастарды 
реттейді. 
      2. Осы Кодекс, егер заңдарда және Қазақстан Республикасы 
ратификациялаған халықаралық шарттарда ӛзгеше кӛзделмесе:  
      1) қызметкерлерге, оның ішінде мүлкінің меншік иелері, қатысушылары 
немесе акционерлері шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын, 
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдардың қызметкерлеріне; 
      2) жұмыс берушілерге, оның ішінде мүлкінің меншік иелері, қатысушылары 
немесе акционерлері шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын, 
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдарға қолданылады. 
      3. Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық реттеудің 
ерекшеліктері осы Кодексте және Қазақстан Республикасының ӛзге 
де заңдарында белгіленеді. 
      4. Қазақстан Республикасының заңдары осы Кодексте белгіленген құқықтар
бостандықтар мен кепілдіктер деңгейін тӛмендетпеуге тиіс. 
      
10-бап. Еңбек шарттары, әлеуметтік әріптестік
 
              тараптарының келісімдері, ҧжымдық шарттар, жҧмыс
 
              берушінің еңбек саласындағы актілері
 
      1. Еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тікелей байланысты 
ӛзге де қатынастар еңбек шартында, жұмыс берушінің актісінде, келісімде және 
ұжымдық шартта реттеледі. 
      2. Әлеуметтік әріптестік тараптары келісімдерінің, ұжымдық шарттың, 
еңбек шартының, жұмыс беруші актілерінің Қазақстан Республикасының еңбек 
заңнамасымен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын нашарлататын ережелері 
жарамсыз деп танылады. 
      3. Келісімдердің, ұжымдық шарттың, еңбек шартының талаптары біржақты 
тәртіппен ӛзгертілмейді. 


      
11-бап. Жҧмыс берушінің актілері
 
      1. Жұмыс беруші осы Кодекске және ӛзге де нормативтік құқықтық 
актілерге, еңбек шартына, келісімдерге, ұжымдық шартқа сәйкес ӛз құзыреті 
шегінде актілер шығарады. 
      2. Жұмыс беруші осы Кодексте, ұжымдық шартта кӛзделген жағдайларда, 
қызметкерлер ӛкілдерінің келісімі бойынша немесе пікірін ескере отырып, 
актілер шығарады. 
      3. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен, ұжымдық 
шартпен, келісімдермен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын нашарлататын не 
осы баптың 2-тармағында кӛрсетілген рәсімдер сақталмай шығарылған актілері 
жарамсыз болып табылады. 
      
12-бап. Жҧмыс берушінің актілерін шығару кезінде
 
              қызметкерлер ӛкілдерінің пікірін ескеру немесе
 
              олармен келісу тәртібі
 
      1. Жұмыс беруші осы Кодексте, келісімдерде, ұжымдық шартта кӛзделген 
жағдайларда қызметкерлер ӛкілдерінің пікірін ескере отырып немесе олармен 
келісе отырып актілер шығарады. 
      2. Актіні шығарар алдында жұмыс беруші оның жобасын және ол бойынша 
негіздемені осы Кодекстің 266-бабына сәйкес құрылған комиссияға ұсынады. 
      3. Жұмыс беруші актісінің жобасы табыс етілген күннен бастап үш жұмыс 
күнінен аспайтын мерзімде комиссияда талқыланады. 
      4. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді, онда қызметкерлер 
ӛкілдерінің жұмыс беруші актісінің жобасымен келісетіні (келіспейтіні) 
кӛрсетіледі, олардың ұсыныстары болса жазылады.  
      5. Егер қызметкерлер ӛкілдерінің пікірінде жұмыс беруші актісінің 
жобасына келісім болмаған не оны жетілдіру жӛнінде ұсыныстар болған жағдайда
жұмыс беруші: 
      1) келіскен жағдайда қызметкерлер ӛкілдерінің ұсыныстары ескеріле 
отырып ӛзгертілген акт шығарады; 
      2) келіспеген жағдайда қызметкерлер ӛкілдерімен қосымша консультациялар 
ӛткізуге не олар ұсынған редакциядағы актіні шығаруға құқылы. 
      6. Шығару үшін осы Кодекске сәйкес қызметкерлер ӛкілдерінің келісімі 
қажет болатын жұмыс беруші актілерінің жобалары бойынша келісімге келмеген 
жағдайда, туындаған келіспеушіліктер хаттамамен ресімделеді, осыдан кейін 
жұмыс беруші нормативтік актіні қабылдауға құқылы. 
      7. Жұмыс беруші ұсыныстарды толығымен не бір бӛлігін ескермей акт 
шығарған кезде қызметкерлер ӛкілдері осы Кодексте кӛзделген тәртіппен ұжымдық 
еңбек дауы рәсімін бастауға құқылы. 
      8. Егер жұмыс берушінің шығарған актісінде қызметкерлердің осы 
Кодексте, еңбек шартында, ұжымдық шартта, келісімдерде кӛзделген құқықтары 
мен кепілдіктерін бұзатын не нашарлататын ережелер болған жағдайда, 
оған еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тиісті мемлекеттік еңбек 
инспекциясына не сотқа шағым жасауға болады. 
      
13-бап. Осы Кодексте белгіленген мерзімдерді есептеу
 
      1. Осы Кодексте, еңбек шартында немесе ұжымдық шартта, келісімдерде 
белгіленген мерзім күнтізбелік күнмен, жылдармен, айлармен, апталармен немесе 
күндермен есептелетін уақыт кезеңінің аяқталуымен айқындалады. Мерзім 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау