Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет2/51
Дата20.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#1193
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51

      21) еңбек жағдайлары - еңбекке ақы тӛлеу, нормалау, жұмыс уақыты мен 
тынығу уақытының режимі жағдайлары, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару, 
қызмет кӛрсету аймағын ұлғайту, уақытша жұмыста болмаған қызметкердің 
міндеттерін атқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі, 
техникалық, ӛндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі 
бойынша ӛзге де еңбек жағдайлары; 
      22) еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік орган - еңбек қатынастары 
саласындағы мемлекеттік саясатты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 
жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы; 
      23) еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бӛлімшелері 
- еңбек жӛніндегі уәкілетті органның тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде 
еңбек қатынастары саласындағы ӛкілеттіктерді Қазақстан Республикасының 
заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын құрылымдық бӛлімшелері; 
      24) еңбек қатынастары - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, 
еңбек шартында, ұжымдық шартта кӛзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге 
асыру үшін қызметкер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар; 
      25) еңбек қатынастарына тікелей байланысты қатынастар - осы Кодексте 
кӛзделген жағдайларда еңбекті ұйымдастыру мен басқаруға, жұмысқа 
орналастыруға, кәсіптік даярлауға, қызметкерлерді қайта даярлауға және 
олардың біліктілігін арттыруға, әлеуметтік әріптестікке, ұжымдық шарттар мен 
келісімдер жасасуға, еңбек жағдайларын белгілеуге қызметкерлердің 
(қызметкерлер ӛкілдерінің) қатысуына, еңбек дауларын шешуге және Қазақстан 
Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауға байланысты қалыптасатын 
қатынастар; 
      26) еңбек қауіпсіздігі - еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды 
және (немесе) қауіпті ӛндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар 
кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйі; 
      27) еңбек қауіпсіздігі жағдайлары - қызметкер еңбек міндеттерін 
орындаған кезде еңбек процесі мен ӛндірістік ортаның еңбек қауіпсіздігі 
талаптарына сәйкестігі; 
      28) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мониторингі - ӛндірістегі 
еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін қадағалау жүйесі, 
сондай-ақ еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін бағалау мен 
болжау; 
      29) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер - 
эргономикалық, санитарлық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің 
қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететін ӛзге де талаптар; 
      30) еңбек міндеттері - қызметкер мен жұмыс берушінің Қазақстан 
Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, жұмыс берушінің 
актілерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта келісілген міндеттемелері; 
      31) еңбек стажы - қызметкер еңбек міндеттерін жүзеге асыруға жұмсаған, 
күнтізбемен есептелген уақыт; 
      32) еңбек тәртібі - жұмыс беруші мен қызметкерлердің Қазақстан 
Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, сондай-ақ келісімдерде, 
еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде, құрылтай 
құжаттарында белгіленген міндеттемелерді тиісінше орындауы;  
      33) еңбек тәртіптемесі - қызметкерлер мен жұмыс берушінің еңбекті 
ұйымдастыру жӛніндегі қатынастарын реттеу тәртібі; 


      34) еңбек тӛрелік соты - бітімгерлік комиссиясында келісімге қол 
жетпеген кезде еңбек дауын шешу үшін ұжымдық еңбек дауының тараптары 
уәкілетті адамдарды тарта отырып құратын, уақытша жұмыс істейтін орган; 
      35) еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-
техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және ӛзге 
де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесінде 
қызметкерлердің ӛмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі; 
      36) еңбекті қорғау жӛніндегі қоғамдық инспектор - еңбек қауіпсіздігі 
және еңбекті қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлер 
ӛкілі; 
      37) еңбекті нормалау - нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларында 
қызметкерлердің жұмысты орындауға (ӛнім бірлігін дайындауға) арналған қажетті 
еңбек (уақыт) шығындарын айқындау және осының негізінде еңбек нормаларын 
белгілеу; 
      38) еңбектің қауіпсіз жағдайлары - жұмыс берушінің қызметкерге зиянды 
және (немесе) қауіпті ӛндірістік факторлардың әсері болмайтындай не олардың 
әсер ету деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтындай етіп жасаған еңбек 
жағдайлары; 
      39) еңбек шарты - қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша 
келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке 
ӛзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал 
жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы 
Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдары мен ӛзге де нормативтік құқықтық 
актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде кӛзделген еңбек 
жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақтылы және толық мӛлшерде жалақы 
тӛлеуге міндеттенеді; 
      40) ереуіл - жұмыс берушімен ұжымдық еңбек дауында ӛздерінің 
әлеуметтік-экономикалық және кәсіптік талаптарын қанағаттандыру мақсатында 
жұмысты толық немесе ішінара тоқтату; 
      41) жалақы - қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың 
күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшін 
тӛленетін сыйақы, сондай-ақ ӛтемақы және ынталандыру сипатындағы тӛлемдер; 
      42) жеке қорғану заттары - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті 
ӛндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, соның ішінде 
арнайы киім;  
      43) жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе 
заңды тұлға; 
      44) жұмыс берушілердің ӛкілдері - құрылтай құжаттары немесе сенімхат 
негізінде жұмыс берушінің немесе жұмыс берушілер тобының мүдделерін білдіруге 
уәкілетті жеке және (немесе) заңды тұлғалар; 
      45) жұмыс берушінің актілері - жұмыс беруші шығаратын бұйрықтар, 
ӛкімдер, нұсқаулықтар, ережелер, еңбек тәртіптемесінің ережелері; 
      46) жұмысқа орналастыру - халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге 
жәрдемдесуге арналған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық іс-шаралар 
кешені; 
      47) жұмыс орны - қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек 
міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны; 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау