55-бап. Жҧмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын
бҧзу мҥмкіндіктерін шектеу
Осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында кӛзделген жағдайды
қоспағанда, қызметкердің уақытша еңбекке қабілетсіздік кезеңінде және жыл
сайынғы ақылы еңбек демалысында жүрген кезеңінде еңбек шартын жұмыс берушінің
бастамасы бойынша бұзуға жол берілмейді.
56-бап. Жҧмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын
бҧзу тәртібі
1. Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта ескертудің анағұрлым ұзақ
мерзімі белгіленбесе, жұмыс беруші осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1) және
2) тармақшаларында кӛзделген негіздер бойынша
еңбек шартын бұзатыны туралы
қызметкерге бір ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті. Қызметкердің жазбаша
келісімімен еңбек шартын бұзу ескерту мерзімі аяқталғанға дейін жүргізілуі
мүмкін.
2. Кәсіптік одақтың мүшесі болып табылатын қызметкерлермен осы
Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында кӛзделген негіздер
бойынша еңбек шартын бұзу, сондай-ақ осы Кодекстің 59-бабы 1-тармағының 2)
тармақшасына сәйкес еңбек шартын тоқтату ұжымдық шартта кӛзделген тәртіппен,
осы ұйымның кәсіптік одағы органының дәлелді пікірін ескере отырып
жүргізіледі.
3. Осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес еңбек
шартын бұзу үшін қызметкердің осы жұмысты жалғастыруына
кедергі келтіретін
денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына
сәйкес келмеуі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысымен расталған болуға тиіс.
4. Еңбек шартын осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 6) - 13) және 16)
тармақшаларында кӛзделген негіздер бойынша бұзу осы Кодекстің 73-бабында
кӛзделген тәртіптік жазалар қолдану тәртібі және 74-бабының талаптары сақтала
отырып жүргізіледі.
5. Еңбек шарты осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 2) - 4)
тармақшаларында кӛзделген негіздер бойынша бұзылған кезде, қызметкер келіскен
жағдайда жұмыс беруші оны басқа жұмысқа ауыстыру шараларын қабылдауға тиіс.
6. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында ӛзгеше белгіленбесе,
қызметкер біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан атқаратын лауазымына
немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмегендіктен,
жұмыс берушінің бастамасы
бойынша еңбек шартын бұзу аттестациялық комиссияның шешіміне негізделуге
тиіс, оның құрамына қызметкерлер ӛкілі қатысуға тиіс.
Қызметкерлерді аттестаттау тәртібі, талаптары мен кезеңділігі ұжымдық
шартта, ал ол жоқ болған жағдайда жұмыс берушінің актісінде айқындалады.
57-бап. Қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бҧзу
1. Осы баптың 4-тармағында кӛзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкер
жұмыс берушіге кемінде бір ай бұрын
жазбаша ескерте отырып, еңбек шартын
ӛзінің бастамасы бойынша бұзуға құқылы.
2. Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің
арасындағы келісім бойынша
осы баптың 1-тармағында кӛзделген ескерту мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы
мүмкін.
3. Еңбек шартын бұзу жұмысты жалғастыру мүмкіндігінің болмауына
байланысты жағдайларда, қызметкер еңбек шартын ӛтініште кӛрсетілген мерзімде
бұзу туралы жұмыс берушіге жазбаша ескертеді.
4. Қызметкер жұмыс берушінің еңбек шарты талаптарын орындамағаны туралы
оған жазбаша хабарлауға құқылы. Егер жеті күн мерзім ӛткен соң жұмыс
берушінің еңбек шарты талаптарын орындамауы жалғасқан жағдайда, қызметкер үш
жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс берушіге жазбаша ескерте отырып, еңбек шартын
бұзуға құқылы.
5. Қызметкер осы бапта кӛзделген ескерту мерзімі ішінде еңбек шартын
бұзу туралы ӛтінішін жазбаша нысанда қайтарып алуға құқылы.
6. Осы бапта кӛрсетілген ескерту мерзімі ӛткен соң қызметкер жұмысты
тоқтатуға құқылы, ал жұмыс беруші қызметкерге еңбек қызметіне байланысты
құжаттар мен оған тиесілі ақшалай тӛлемдерді беруге міндетті.
7. Осы Кодексте қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін еңбек шартын
қызметкердің бастамасы бойынша бұзудың ерекше тәртібі кӛзделеді.
58-бап. Тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша
еңбек шартын тоқтату
1. Еңбек шарты тараптардың еркінен тыс мына мән-жайлар бойынша:
1) қызметкер әскери қызметке шақырылған (кірген)
кезде қызметкер тиісті
құжатты ұсынған күннен бастап үш күн мерзімнен кешіктірілмей;
2) қызметкер не жұмыс беруші-жеке тұлға еңбек қатынастарын жалғастыру
мүмкіндігін болғызбайтын жазамен сотталған сот үкімі заңды күшіне енген
кезде;
3) қызметкер не жұмыс беруші-жеке тұлға қайтыс болған жағдайда, сондай-
ақ сот қызметкерді не жұмыс беруші - жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялаған
немесе хабарсыз кетті деп таныған жағдайда;
4) сот қызметкерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті
шектеулі
деп таныған, соның салдарынан қызметкердің бұрынғы жұмысын
жалғастыруға мүмкіндігі болмайтын жағдайда;
5) бұрын осы жұмысты атқарған қызметкер жұмысына қайта алынған жағдайда
тоқтатылуға тиіс.
2. Сот үкімінің, шешімінің заңды күшіне енген күні немесе қызметкердің
қайтыс болған күні осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында
кӛрсетілген негіздер бойынша еңбек шартының тоқтатылған күні болып табылады.
59-бап. Қызметкер еңбек қатынастарын жалғастырудан бас
тартқан кезде еңбек шартын тоқтату
1. Қызметкер еңбек қатынастарын жалғастырудан
бас тартқан кезде
қызметкермен еңбек шарты:
1) қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа ауысудан бас
тартқан;
2) еңбек жағдайларының ӛзгеруіне байланысты қызметкер жұмысты
жалғастырудан бас тартқан;
3) жұмыс беруші - заңды тұлға қайта құрылған кезде қызметкер жұмысты
жалғастырудан бас тартқан;
4) еңбек міндеттерін атқаруға байланысты ӛндірістік жарақат алған,
кәсіптік ауруға шалдыққан немесе денсаулығына ӛндіріске байланысты емес ӛзге