Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет17/51
Дата20.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#1193
түріКодекс
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51

қолдану туралы актісімен жеке таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда жұмыс 
беруші актіні қызметкерге хабарламалы хатпен жіберуге міндетті.  
      7. Қызметкер тәртіптік жаза жӛнінде осы Кодексте белгіленген тәртіппен 
шағым жасай алады. 
      
74-бап. Тәртіптік жазаларды белгілеу мерзімі
 
      1. Осы Кодекстің 73-бабы 5-тармағында және Қазақстан Республикасының 
басқа да заңдарында кӛзделген жағдайларды қоспағанда, тәртіптік жаза 
қызметкерге тәртіптік теріс қылық анықталғаннан кейін тікелей, бірақ ол 
анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады. 
      2. Тәртіптік жазаны - тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап алты 
айдан асқаннан кейін, ал Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген 
немесе ревизия немесе жұмыс берушінің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру 
нәтижелері бойынша тәртіптік теріс қылығы анықталған жағдайларда қызметкер 
тәртіптік теріс қылық жасаған күннен бастап бір жылдан асқаннан кейін 
қолдануға болмайды. Кӛрсетілген мерзімдерге қылмыстық іс бойынша іс жүргізу 
уақыты кірмейді.  
      3. Қызметкердің еңбекке уақытша қабілетсіздігіне, мемлекеттік немесе 
қоғамдық міндеттер орындау үшін жұмыстан босатылуына, демалыста, іссапарда 
болуына байланысты жұмыста болмаған уақытында тәртіптік жаза қолдану 
мерзімінің барысы тоқтатыла тұрады. 
      
75-бап. Тәртіптік жазаның қолданылу мерзімі
 
      1. Осы Кодекстің 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында кӛзделген 
жағдайды қоспағанда, тәртіптік жазаның қолданылу мерзімі ол қолданылған 
күннен бастап алты айдан аспауға тиіс. Егер осы мерзім ішінде қызметкер жаңа 
тәртіптік жазаға тартылмаса, оның тәртіптік жазасы жоқ деп есептеледі. 
      2. Қызметкерге тәртіптік жаза қолданған жұмыс беруші ӛзінің 
бастамасымен, қызметкердің немесе оның тікелей басшысының ӛтінуімен, 
қызметкерлер ӛкілінің ӛтініші бойынша тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып 
тастауға құқылы. 
 
7-тарау. ЖҦМЫС УАҚЫТЫ
 
      
76-бап. Жҧмыс уақыты
 
      1. Ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты 
болуы мүмкін. 
      2. Жұмыс уақытына дайындық-қорытынды жұмыстар (наряд-тапсырма, 
материалдар, құралдар алу, техникамен, құжаттамалармен танысу, жұмыс орнын 
дайындау және жинау, дайын ӛнімді тапсыру және басқалар), еңбек 
технологиясында, еңбекті ұйымдастыруда, еңбекті нормалау мен қорғау 
ережелерінде кӛзделген үзілістер, қызметкер ӛзінің уақытына еркін иелік ете 
алмайтын жұмыс орнында болу немесе жұмысты күту уақыты, мереке және демалыс 
күндеріндегі кезекшіліктер, үйдегі кезекшілік және еңбек шартында, ұжымдық 
шартта, жұмыс берушінің актілерінде не Қазақстан Республикасының нормативтік 
құқықтық актілерінде айқындалатын басқа да кезеңдер жатады. 
      
77-бап. Жҧмыс уақытының қалыпты ҧзақтығы
 
      1. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. 
      2. Еңбек шартында, ұжымдық шартта жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы үшін 
тӛленетіндей тӛлемақымен ұзақтығы аз жұмыс уақыты кӛзделуі мүмкін. 
      
78-бап. Қызметкерлердің жекелеген санаттары ҥшін жҧмыс
 
              уақытының қысқартылған ҧзақтығы
 


      1. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер үшін жұмыс уақытының 
қысқартылған ұзақтығы осы Кодекстің 181-бабына сәйкес белгіленеді. 
      2. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және 
(немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін жұмыс уақытының 
қысқартылған ұзақтығы осы Кодекстің 202-бабына сәйкес белгіленеді. 
      3. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектер үшін жұмыс уақытының 
қысқартылған ұзақтығы осы Кодекстің 224-бабына сәйкес белгіленеді. 
      4. Еңбек шартында, ұжымдық шартта осы баптың 1 - 3-тармақтарында 
кӛрсетілгеннен кем жұмыс уақытының ұзақтығы кӛзделуі мүмкін. 
      5. Қызметкерлерге жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленген 
кезде еңбекке ақы тӛлеу осы Кодекске сәйкес жүргізіледі.  
      
79-бап. Толық емес жҧмыс уақыты
 
      Осы Кодексте белгіленген қалыпты ұзақтықтан аз уақыт, оның ішінде: 
      толық емес жұмыс күні, яғни күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) 
ұзақтығының нормасын азайту; 
      толық емес жұмыс аптасы, яғни жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын 
қысқарту; 
      бір мезгілде күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын 
азайту және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту толық емес 
жұмыс уақыты болып есептеледі. 
      
80-бап. Толық емес жҧмыс уақытындағы жҧмыс жағдайлары
 
      1. Еңбек шартында тараптардың келісімімен қызметкер үшін толық емес 
жұмыс уақыты белгіленуі мүмкін. 
      2. Толық емес жұмыс уақыты белгілі немесе белгісіз мерзімге 
белгіленеді.  
      3. Толық емес жұмыс уақыты жағдайларында жұмыс істеу қызметкер үшін осы 
Кодексте, еңбек шартында, ұжымдық шартта, келісімдерден белгіленген жыл 
сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын қандай да бір шектеуге әкеп 
соқтырмайды. 
      
81-бап. Жҧмыс аптасының тҥрлері
 
      1. Қызметкерлер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы 
белгіленеді. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (ауысымның) 
ұзақтығы жұмыстың ерекшелігі ескеріле және жұмыс аптасының белгіленген 
ұзақтығы сақтала отырып, жұмыс берушінің актісімен айқындалады.  
      2. Ӛндіріс сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндік жұмыс аптасын 
енгізу қисынсыз болатын ұйымдарда бір демалыс күні бар алты күндік жұмыс 
аптасы белгіленеді.  
      3. Жұмыс беруші еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың 
талаптарына сәйкес бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын белгілейді. 
      
82-бап. Кҥнделікті жҧмыстың (жҧмыс ауысымының) ҧзақтығы
 
      1. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс 
ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 8 сағаттан, апталық 
норма 36 сағат болғанда - 7 сағат 12 минуттан және апталық норма 24 сағат 
болғанда 5 сағаттан аспауға тиіс. 
      2. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс 
ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 7 сағаттан, апталық 
норма 36 сағат болғанда - 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда 4 
сағаттан аспауға тиіс.  
      3. Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, күнделікті жұмыстың 
(жұмыс ауысымының) басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзілістер уақыты 
жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығы сақтала отырып, ұйымның еңбек 
тәртіптемесі ережелерімен, еңбек шартымен, ұжымдық шартпен белгіленеді.  
      4. Ӛнер және мәдени демалыс кәсіптік ұйымдарының шығармашылық 
қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, спортшылар, 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау