Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 / 2015



жүктеу 2,17 Mb.
Pdf просмотр
бет5/68
Дата10.11.2018
өлшемі2,17 Mb.
#18800
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68

     
 
 
11 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
дидактикасында»  айтып  талдап  берген.  Содан  кейін  орыс  ғалымдары  К.  Д. 
Ушинский,  Л.  С.  Выготский  еңбектерінде  қарастырылып,  1969  жылдары  Ресей 
ғалымдары Л. ВЗанков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов көтерді. Д. Б. Эльконин мен 
В. В. Давыдовтың зерттеулері оқушыны «тұлға» ретінде тануға бағытталды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің 
барлық  сатысына,  барлық  пәндерге  еніп,  оқу  үрдісін  жандандыруға  үлкен  үлес 
қосып келеді. [2] 
 
Профессор  Ж.  Қараевтың  деңгейлеп  -  саралап  оқыту  технологиясы  жаңаша 
өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс - әрекеттерін меңгертуді 
талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім 
алудағы 
белсенділігіне 
баса 
назар 
аударылды.Деңгейлеп-саралап 
оқыту 
технологиясы: 
 
 
оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне; 
 
оқушының ынталандыруға; 
 
оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым - қатынас достығына; 
 
оқушының өз білімін өз бағалай білуіне 
 
білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді 
Физика сабағында деңгейлеп оқытудың тиімді жақтары мыналар: 
 
әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады 
 
оқушының жеке қабілеті айқындалады 
 
іштей бір - бірінен қалмауға тырысады; 
 
әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады; 
 
тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті 
артады; 
1-деңгей–«3»,2-деңгей–«4»,3–деңгей-«5» 
- даму мониторингін құрып, оқушының дамуын қадағалауға және       ата - анасымен 
байланыс жасауға жеңілдік туғызады; 
 
бір ғана сабақта тапсырманың бірнеше түрін орындайды;  
 
 
 
Сабақ  –  шығармашылық  еңбектің  жүзеге  асырылатын  басты  орын 
болғандықтан,  шешуге  міндетті  жүзеге  асыру  -  ұстаздың  шеберлігіне  тәуелді.  Оқу 
материалын  қызықты  ету  үшін  ойлана,  жан  -  жақты  даярланудың  өзі  ішкі 
шығармашылық  күйді  туындатып,  оқушыларға  берік  те,  терең  білім  беруге 
мүмкіндік береді. [3] 
 
 
 
 
 
Әрбір 
мұғалімнің 
негізгі мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген 
қызығушылығын  арттыру,  олардың  ізденуін,  танымын  қалыптастыру.  Сондықтан 
физика сабағында оқу - тәрбие үрдісінің дұрыс жүргізілуі үшін әртүрлі оқыту әдіс - 
тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше таңдап алуға  тырысамын. 
 
Оқушыларға оқу материалын түсінікті және қызықты етіп беру үшін сыныпты 
көз  алдыма  елестетіп,  әрбір  оқушының  даярлығы  мен  мүмкіндігіне,  қабілеті  мен 
біліміне  сүйеніп,  сабақтың  құрылымына  талдай  жасай  отырып,  алдыма  мақсат 
қоямын. Заман талабына сай білімді, білікті, шығармашылық қабілеті дамыған жеке 
тұлға қалыптастыру. 
 
Мақсатыма байланысты міндеттер қоямын; 
 
Жас ұрпақтың қабілетін ашу. 
 
Мақсатты жүзеге асыру. 
 
 
 
 
 
 
Шығармашылық,логикалық  ойлау  қабілетін  жетілдіру.  Оқу  материалын 
баяндау  барысында  тәжірибелер  көрсетіп,  жаттығулар  орындатып,  дидактикалық 


     
 
 
12 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
материалдар  мен  техникалық  құралдарды  жүйелі  пайдалану  арқылы  әсер  алуға 
жетелеймін.   
 
 
1.Жалпы  мәдениеттік  мәні  бар  ұлттық,  аймақтық,  жергілікті  материалдарды 
өз сабақтарымда кеңінен пайдалану. 
 
 
 
 
 
2.Оқушылардың тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.  
 
 
3.Оқушылардың  физика  сабақтарындағы  белсенді  іс  -  әрекеттерін 
ұйымдастыру үшін барынша көп мүмкіндіктер жасау.   
 
 
 
4.Оқытудың  әр  кезеңінде  оқушылардың  пәнді  оқыту  қызығушылығын 
қалыптастырып, дамытып оқыту.   
 
 
5.Пән аралық байланысты сабақта тиімді пайдалану.   
 
 
6.  Деңгейлік  және  саралап  оқыту  жағдайында  барлық  оқушылардың 
бағдарламалық білімді меңгеруін жүзеге асыру.  
 
 
Жаңа  сабақты  түсіндіру  барысындағы  басты  мақсатым  -  әрбір  оқушының 
білім алуының сапалық деңгейіне жетуге  мүмкіндік беретін оқу жоспарын  ғылыми 
негізде  ұйымдастыру.  Оқушының  білімді  игеруін  үш  сатыдан  тұратындай  етіп  
құрамын: 
 
 
 1.Жаңа 
білімді 
игеру 
және 
оны 
пайдалана 
білу. 
             2.  Игерген  білімді  өңдеп,  оны  таныс  емес  жағдайда  пайдалана  білу. 
             3. Жалпы білімді өз бетімен игеру. 
 
 
 
 
 
 
Аталған  сатының  әрқайсысында  оқушының  пәндік  білімді  игеруі  төрт 
деңгейде өтеді: 
1.Білу. 
2.Түсіну. 
3.Қолдану. 
4.Біліктену.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мысалы,  «Гармониялық  тербелістер.  Тербеліс  амплитудасы,  периоды  және 
жиелігі»  тақырыбында  оқушы  тербелістер  жайлы  9  сыныпта  өткен  түсінігін  еске 
түсіре  отырып,  жаңа  фактілерді,  сондай  -  ақ  толқын  түрлеріне  жататын 
электромагниттік  толқындардың  қасиеттерін  қабылдайды.  Бұл  білімді  қабылдау 
деңгейіне жатады. 
2  -  деңгей  –  Түсіну,  яғни  қабылдаған  жаңа  мәліметті  пысықтап  бекіту,  өз  сөзімен 
естігенін айтып беру. Мысалы: Тербелістердің өмірде алатын орны.   
 
 
3-деңгей–Қолдану.Қабылдаған  білімді  формула  бойынша  тұжырымдау,  есепшығара 
білу, ұқсасмы салдар келтіру. 
 
 
 
 
 
 
 
4  -  деңгей  –  Біліктену.  Оқушы  алған  білімін,  сабақтың  мәнін  түсіндіре  білу,  басқа 
фактілермен  салыстыра  отырып,  қорытынды  жасай  білу.  Қарапайым  түрде 
гармониялық тербелісті шығарып ала білу. 
Әрбір  сабақта,  мүмкіндігіне  қарай,  жергілікті  жер  материалдарын  пайдалана 
отырып,  оқушының  білімділігін  арттыруға  көңіл  бөлемін.  Мысалы,  «Импульс» 
тақырыбын  өту  кезінде  әсерлесуші  денелер  ретінде  асықты  пайдаланамын. 
Тыныштықта  тұрған  асықты  екінші  асықпен  атқанда  екінші  асық  неге  қозғалады? 
Әсердің  берілуі  денеге  жылдамдық  туғызды  деген  мысал  арқылы  импульстің 
формуласы  жазылып  түсіндіріледі.  Сол  сияқты  үйге  мынадай  тапсырма  беруге 
болады:  стаканға  су  құйып,  оны  бір  парақ  қағаздың  үстіне  қойыңдар  да  қағазды 
жайлап  тартып  көріңдер,  сосын  оны  лезде  тартып  алып  қараңдар,  «Қолдың  тарту 
әсерінің  уақытқа  тәуелділігі  қандай?»-деген  сауалды  талдап,  оған  жауап  беріңдер. 
«Реактивті қозғалыс» тақырыбын өткенде картон қағаздан балық пішінін қиып, оның 
саңылауына  пипетка  арқылы  май  тамызып,  біраз  бақылаймыз.  Май  балықтағы 
саңылау арқылы аққанда балық ілгері жылжиды. Бұл тәжірибе реактивті қозғалысты 
түсіндіруде  оқушының  білімділік  деңгейін  арттыруға  көмектеседі.  11  -  сыныпта 


жүктеу 2,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау