Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 1,02 Mb.
Pdf просмотр
бет12/33
Дата10.11.2018
өлшемі1,02 Mb.
#18788
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33

46
Бимария ҚҰЛМАҒАМБЕТОВА, 
Лев Толстой атындағы 
№4 гимназия-мектебінің
мұғалімі.
Ақмола облысы,
Степногорск қаласы.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ. 
«ЕГІННІң БАСТАРЫ»
(5-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –    Ахмет 
Байтұрсынұлының  өмірі  мен  шығармашылығына  шолу, 
жасау.  «Егіннің  бастары»  өлеңімен  таныстыра  отырып 
өлеңнің  негізгі  идеясы  еңбек,  тәрбие,  қарапайымдылық 
мәселесіне  тоқтау;  дамытушылық  –  мәнерлеп  оқу 
дағдыларын  арттыру,  мазмұнын  түсіну,  қысқаша  мәтін 
түрінде әңгімелеуге, өз ойларын еркін айтуға дағдыландыру; 
тәрбиелік  –  қайырымдылыққа,  еңбекке,  мейірімділікке 
тәрбиелеу, өзара бірігіп жұмыс істеуге үйрету.
Түрі:  жаңа  сабақ.  Әдіс-тәсіл:  сұрақ-  жауап,  аударма, 
іскерлік  дағдыны  қалыптастыру,  мәтінмен  жұмыс. 
Көрнекілігі:  тақырыпқа  байланысты  кәртішкелер,  Ахмет 
Байтұрсынұлының  суреті,  өлеңдер  жинағы,  оқушылардың 
алдын  ала  дайындап  келген  слайдтары  мен  рефераттары, 
мәліметтері. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру.
2. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. 
«өткенді 
топтастыру». 
Қандай 
ақындардың 
шығармаларын  оқып  таныстық?  Тақырыбы  қандай,  не 
туралы?  Кім туралы? Басты кейіпкерлері кімдер?, т.б.
3. «Қажетті стратегия».
Ахмет Байтұрсынұлы туралы не білеміз? Қандай жинағы, 


47
шығармалары бар? («Қырық мысал», «Маса» жинақтары)
Слайдтарды  қарастырамыз.  Мәліметтер  бойынша 
қысқаша әңгімелеу.
4.  «Оқу-тыңдау».  Оқулықпен  жұмыс.  Оқы,  тыңда,  өз 
ойыңды ортаға сал.
Ахмет  Байтұрсынұлы  туралы  берілген  мәліметті  оқу, 
таныс емес сөздерді сөздік дәптерге жазып талдау жасау, сөз 
тіркестерін құрастыру.
Сөздік  жұмысы:  асыл  перзенті,  рухани  мұра,  ғибрат, 
адамгершілік, жастардың парызы.
Сұрақтармен жұмыс. 
*  Оқушылар  сұрақтарды  оқып,  мәтіннен  жауаптарын 
тауып оқып береді.
* Мәтін бойынша үш-төрт сұрақты ауызша құрастырып 
оқып, жауап береді.
«Егіннің бастары» өлеңімен жұмыс.
* Рөлге бөліп, мәнерлеп оқиды.  * Жоспар құрады.
* Әр шумағын  оқып,тыңдап талдайды.
5.  «Тапсырма-сабақ  стратегиясы».  Деңгейлік  тапсыр-
малар. Оқушылар үш қатарға бөлініп отырған.
3-деңгей:
*  Өлеңді  мәнерлеп  оқып,  кейіпкерлердің  сөзін  өз 
сөздерімен айту.
* Өлеңнен туынды зат есімдерді теріп жазу.
2-деңгей:
* Бидайдан басқа қандай дәнді дақылдарды білесіңдер?
* Өлеңнен қаратпа сөздерді теріп жазыңдар.
1-деңгей:
*  «Бидайдың  кеудесін  көтергені  –  дақылы  жоқтығы, 
жігіттің  кеудесін  көтергені  –  ақылы  жоқтығы»  деген 
мақалдың мағынасы неде?
Түсіндірме  сөздікті  пайдаланып,  берілген  сөздердің 
мағынасын жазыңдар: егін, тағзым, мырза, мән, тәкәппар, 


48
данышпан, дақыл, кеуде, бидай.
6. «Мақал-мәтел». Оқулықта берілген шешендік сөздер 
мен  мақал-мәтелдерді  оқып,  қайырымдылық  туралы 
ойларды жалғастырамыз.
(Үйде  әдебиеттерді  пайдалана  отырып  қайырымдылық 
туралы мақал-мәтелдер жазып келу).
7.  «Білгім  келеді».  Ахмет  Байтұрсынұлының  «Егіннің 
бастары»  өлеңінде  кездесетін  көп  мағыналы  сөздермен 
жұмыс  жүргізу.  Сабақта  синонимдер,  омонимдер,  аударма 
және  түсіндірме  сөздіктерді  пайдалана  отырып  оқушының 
сөз  қорын  молайту  мақсатымен  талдау  жұмыстарын 
жүргіземіз.
Мысалы: тағзым ету – құрмет көрсету, бас изеу;  қайран 
қалу – таңдану; шекірейіп қарау – менсінбеу, ұнатпау;  төмен 
бүгілу – еңкею; тәкәппар – өр көкірек, т.б.
8. «Бекіту». 
- Балалар, бүгін сендер Ахмет Байтұрсынұлының бір ғана 
шығармасымен таныстыңдар.
Өлеңнің басты тақырыбы не туралы?  Баласының берген 
сұрақтарына , таң қалғанына әкесі қалай жауап берді ? Соны 
түсінуіміз керек.
9. Қорытынды-бағалау стратегиясы.
10. Үй тапсырмасы
1) Ахмет Байтұрсынұлы туралы мәліметті білу.
2) Өлеңді мәнерлеп оқу, шағын мәтін түрінде   әңгімелеу.
3)    Бес  мақал-мәтел  жаттау.  Үй  тапсырмасын  саралап 
оқыту бойынша топтарға бөліп береміз.
«Егіннің бастары» мәтіні  бойынша  тест тапсырмасы.
1. Ахмет Байтұрсынұлының туған жерін көрсетіңіз:
A) Көкшетау облысы; Ә) Ақмола облысы; 
Б) Торғай облысы.
2. Ахмет Байтұрсынұлы кім?
A) суретші;     Ә) ғалым;    Б) саяхатшы.


49
3. Егін еккен жерге кім барғанын көрсетіңіз.
A) жұмысшы;    Ә) егінші;     Б) бай.
4. Нелер тағзым етіп тұрғанын табыңыз.
A) бидайлар;    Ә) жер;    Б) егіндер.
5. Жалғыз-ақ не көкке қарап тұрды ?
A) жер;     Ә) бидай;     Б) аспан.
6. Кім қайран қалды?
A) баласы;     Ә) әкесі;     Б) егінші.
7. Әкесінің айтуынша бидайға дән берген....
A) аспан;     Ә) құдайым;    Б) егінші.
8. Бидайдың басы неге толып тұрғанын табыңыз.
A) жемге;     Ә) нанға;    Б) дәнге.
9. Бір бидай несіз қалып қойғанын көрсетіңіз.
A) жерсіз;     Ә) дәнсіз;     Б) сусыз.
10. Әкесі мен баласы нені аралап жүргенін көрсетіңіз.
A) егінді;    Ә) ауылды;    Б) жерлерді.
Айымкүл ЖОЛМАНОВА,
Ғұбайдолла Ақтаев атындағы 
№6 орта мектептің 
мұғалімі.
Ақтөбе қаласы.
МҰХТАР ӘУЕЗОВТІң 
АЛҒАШҚЫ ӘңГІМЕЛЕРІНДЕГІ 
ҚОРҒАНСЫЗДАР
(9-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  Мұхтар  Әуезовтің 
шығармашылығымен  тереңірек  таныстыру,  әңгімелерінің 


жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау