12
жетістіктерін бағалау процедурасының кезеңдері. Кəсіптік колледж
оқушыларының жетістіктерінің сапасын бағалау жəне өлшеу жүйесі.
Көрсеткіштер (индикаторлар) жүйесін құру мақсаты. Индикаторлар
қызметтері мен құрылымы. Индикатор жүйесін жүзеге асыру шарттары.
Білім беру салалары мен индикаторлар мазмұны. Индикаторлар жүйесімен
жұмыс логикасы. Білім беру саласы бойынша кəсіптік колледж
оқушыларының жетістіктерінің өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлері.
11. Оқушылар жетістіктерін бағалау құралдары. Портфолио
оқушылардың жетістіктерін бағалау құралы ретінде
«Портфолио» ұғымына анықтама. Оқушылар портфолиосының міндеті
мен мазмұны. Портфолионың қызметтері: диагностикалық, мотивациялық,
мазмұндық, дамытушылық, рейтингтік. Портфолионы құру мақсаты
бойынша
жіктеу.
Портфолионы
құру
бойынша
жұмыс
кезеңдері.
Оқушылардың портфолиосын бағалау. Портфолионы периодты бағалау.
Портфолионы бағалау формасы. Оқушылардың портфолиосын бағалау
өлшемдері: ішкі бағалау (өзіндік бағалау), сыртқы бағалау. Қорытынды
бағалауды қалыптастыру.
Семинар (практикалық) сабақтардың үлгі тақырыптары
1. Тарихи ретороспективтегі бағалау жүйесінің дамуы.
2. Білім алушылардың жетістіктерін диагностикалаудың əдістері мен
құралдарының қазіргі жай-күйі.
3. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мəні, рөлі, қызметтері.
4. Критериалды бағалау технологиясының моделі.
5.
Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау педагогикалық
технология ретінде
6. Бағалаудың кезеңдері мен инструменттері.
7. Таксономия оқыту нəтижесін бағалау құралы ретінде.
8. Оқу жетістіктерін критериальды бағалау жүйесін оқушылардың дара
психологиялық ерекшеліктеріне бейімдеу мəселесі.
9. Кəсіптік колледж оқушыларының критериальды бағалауын
ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері.
10. Критериалды деңгейлік мақсаттылық негізінде педагогикалық
үрдісті жобалау технологиясы.
11. 5-8 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің
негізгі тəсілдері.
12. Оқу бағдарламаларының материалын меңгерудегі оқушылардың
ипологиялық жəне дара психологиялық ерекшеліктері.
13. Жоғары сынып оқушыларының оқу пəндері бойынша оқу
əрекетінің нəтижесін критериалды бағалау процедурасына қойылатын
талаптар.
14. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жетістіктерін бағалау
өлшемдері мен процедурасы.
13
15. Портфолио оқушылар жетістіктерін бағалау құралы ретінде.
СОӨЖ үлгі тақырыптары
1. Бағалаудың білім беру үрдісіндегі орны.
2. Оқушылар жетістіктерін шетелдік бағалау жүйесі бойынша
əдебиеттерді талдау. Əрқайсысына қысқаша сипаттама беру.
3. Критериалды бағалау міндеттерінің, қызметтерінің, қағидаларының
тізімін құрастыру жəне өзінің нұсқасын графикалық тұрғыдан ұсыну. Тізімді
толықтыру жəне таңдауды негіздеу.
4. Мектепке дейінгі білім беруді бағалау жүйесін дамыту мəселесіне
мультимедиялық презентация дайындау.
5.
Əр
түрлі
авторлардың
педагогикалық
педагогикалық
технологиясының жіктемесін талдау жəне оны критериальды бағалау
технологиясымен салыстыру.
6. Отандық жəне шетелдік педагогикадағы өлшем ұғымына аналогия
(ұқсастары) келтіру.
7. «Өлшем» ұғымының сандық жəне сапалық мазмұнын ашып көрсету.
Мысал келтіру.
8. «Дескриптор» ұғымының мазмұнын ашып көрсету. Дескриптордың
міндеттерін нақты мысалдармен көрсету.
9. Оқытылатын пəн бойынша глоссарий құрастыру, ұғымдардың
мазмұнын ашу: қалыптастырушы бағалау, анықтаушы бағалау, өлшем,
рубрика, дескрипторлар.
10. Орта буын оқушыларын критериальды бағалау технологиясын
ендіру үрдісіндегі қиыншылықтарға талдау жасау. Оларды шешудің
жолдарын дəлелдеу.
11. Əр түрлі жастағы топта оқушылардың оқу-танымдық іс-əрекет
компоненттерін диагностикалық зерттеудің əр түрлі нұсқаларын дайындау
немесе таңдау.
12. Бағдарламаның таңдап алынған бөлімі бойынша жоғары сынып
оқушыларының
жетістіктерін
бағалау
үшін
критериальды
кестелер
(рубрикаторлар) дайындау.
13. Критериалды бағалау жүйесін тиімді ұйымдастыру үшін ескеруге
қажетті кəсіптік колледж оқушыларының психологиялық-педагогикалық
ерекшеліктерін талқылау.
14. Оқушылардың жетістіктерінің деңгейінің толық сипаттамасымен
əрбір өлшем мен оған сəйкес баллдар саны бойынша критериальды кесте
дайындау.
15. Индикаторлар кестесін қолдана отырып, таңдап алынған білім
саласы бойынша («Денсаулық», «Социум», «Таным», «Коммуникация»,
«Шығармашылық») мектепке дейінгі жастағы балалар жетістіктеріне
педагогикалық диагностика жасау.
14
СӨЖ үлгі тақырыптары
1. Білім сапасы ұғымына сипаттама беріңіз.
2. Еліміздегі жəне шетелдегі рейтингтік бақылау жүйесін қолдану
практикасын талқылау.
3. Білім беру саласының бірінде (таңдау бойынша) мектепке дейінгі
жастағы балалардың жетістіктерін бағалау үшін өлшемдер мен көрсеткіштер
дайындау.
4. Бағдарламаның бір бөлімі бойынша оқушылардың жетістіктер
деңгейіне сапалы сипаттама беру жəне педагогикалық диагностика өткізу
(таңдау бойынша).
5. Оқушылардың оқу жетістіктерін педагогикалық бақылау жəне
бағалау өткізу үшін диагностикалық (бақылау) материалдарын таңдау жəне
дайындау талаптарын тұжырымдау.
6. Таңдап алынған тақырып, бөлім бойынша диагностикалық (бақылау)
материалдарын деңгейлік мақсатқа сəйкес (білу, тану, есте сақтау, қолдану)
таңдау.
7. Бағдарламаның таңдап алынған тақырыбы, бөлімі бойынша
оқушылар жетістіктерінің картасын толтыру.
8. Белгіленген уақыт кезеңіне оқушылардың оқу жетістіктері туралы
есеп дайындау.
9.Оқу жетістіктерін есепке алу құжаттарын дайындау.
10. Оқыту нəтижесін бағаалудың қазіргі құралдарын пайдалан отырып,
жаңа материалды түсіндіру бойынша сабақ жоспарын дайындаңыз.
11. Педагогиканы оқытудағы критериалды бағалау жүйесінің
практикасы.
12. Гонконг, Сингапур, Калифорния штатында т.б. білім сапасын
жетілдіру жүйесі
13. Блімі беру таксономиясының мақсатын қалай түсінесіз?
14. Білім беру таксономиясының құрылымын сипаттаңыз.
15. Педагогикалық практикадағы бағалау мəселесі.
1-ші аралық бақылауға арналған сұрақтар
1. «Білім сапасы» жəне «білім жетістіктері» ұғымының мазмұнын
түсіндіріңіз.
2. Білім сапасын бағалаумен байланысты қазіргі мəселелерді атаңыз.
3. Оқыту диагностикасының компоненттерін бөліп көрсетіңіз.
4. Бағалау мен белгілеудің айырмашылығы неде екенін түсіндіріңіз.
5. Бағалау қызметтеріне сипаттама беріңіз.
6.Бақылау түрлері, формалары мен əдістерін атаңыз.
7. Дəстүрлі бағалау жүйесінің кемшіліктерін атаңыз жəне олардың
шығу көздерін түсіндіріңіз.
8. Оқушылардың ауызша жауаптарын бағалау мəселесі немен
байланысты екенін сипаттаңыз.
9. Білім беру мен білім нəтижесі мақсатының байланысын түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |