1. Гуманистік бағыттылық принципі. Сабақтан тыс қызметті
ұйымдастыруда көп жағдайда балалардың қызығушылықтары мен мүдделері
ескеріледі, оқушылар дербестігінің қалыптасу мен көріну процестеріне және
субъектілігіне қолдау көрсетіледі, оқушыларда өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау,
өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі таныту біліктіліктері мен
дағдыларын қалыптастыру үшін жағдай тудырылады.
2. Жүйелік принципі. Оқушылардың сабақтан тыс қызметінің жүйесі
құрылады, бұл кезде өзара қарым-қатынас орнайды:
-
сабақтан тыс қызметтің барлық қатысушылары – оқушылар, педагогтер,
ата-аналар, әлеуметтік серіктестер арасында;
-
ұйымдастырылған қызметтің негізгі – мақсатты, мазмұнды-қызметтік
және бағалау-нәтижелілік және т.б. компоненттері арасында.
3. Вариативтілік принципі. Білім беру ұйымдарында балаларға таңдау
еркіндігі мен оған өз еркімен қатысудың, қызметтің әр түрінде өз күші мен
қабілетін жүзеге асырудың шынайы мүмкіндігін беретін сабақтан тыс қызметті
ұйымдастырудың көп түрі (бағыттары), формалары мен тәсілдері кең тараған.
4. Креативтілік принципі. Педагогтер сабақтан тыс қызметте балалардың
шығармашылық белсенділігін, жеке және ұжымдық шығармашылық өмірге
қатысу тілегін қолдайды.
5. Табыстылық және әлеуметтік маңыздылық принципі. Сабақтан тыс
қызметті ұйымдастырушылардың бар күші балалардың бойында табысқа қол
жеткізу тілегін қалыптастыруға бағытталады. Бала қол жеткізген нәтижелер тек
тұлғалық маңызды ғана емес, сондай-ақ оны қоршағандар үшін бағалы да
болуы қажет.
Оқушылардың сабақтан тыс қызметін жобалау, жоспарлау, ұйымдастыру
педагогикалық,
ұйымдастырушылық-әдістемелік
және
басқарушылық
міндеттер кешенін шешуді білдіреді.
Сабақтан тыс қызметті ұйымдастырудың педагогикалық міндеттері:
1. Сабақтан тыс уақытта оқушыларды ұйымдастыру үшін жағдай жасау.
2. Оқушылардың қызығушылықтарын, жас, жеке ерекшеліктерін ескере
отырып қызметтің алуан түрлеріне қатысуын қамтамасыз ету.
3. Оқушылардың шығармашылық жүзеге асуына, жетістігіне, өзін
көрсетуіне, шынайы және әлеуетті мүмкіндіктерін өзіндік ұсынуына ықпал ету.
4. Оқушылардың тұлғалық, метапәндік және пәндік құзыреттіліктерін
қалыптастыруы үшін жағдай тудыру.
5. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, қоршаған ортамен танысу,
белсенді әлеуметтену мақсатында әлеуметтік тәжірибелер ұйымдастыру.
6. Оқушылардың тұлғалық-маңызды және әлеуметтік пайдалы қызметке
араласуы арқылы зиянды әдеттердің, девиантты мінез-құлық қаупінің алдын
алуды қамтамасыз ету.
Сабақтан тыс қызметті ұйымдастырудың ұйымдастырушылық-
әдістемелік міндеттері:
1. Мектеп жағдайында сабақтан тыс қызметті ұйымдастырудың
7
ұйымдастыру-әдістемелік материалдарын дайындау.
2. Сабақтан тыс қызметтің барлық бағыттарын қамтамасыз ететін
метапәндік курстар, үйірмелер, секциялар, студиялардың бағдарламалар банкін
жасау.
3. Оқушылардың сабақтан тыс қызметін ұйымдастыру бойынша
әдістемелік бірлестік «портфолиосын» жасау.
Сабақтан
тыс
қызметті
ұйымдастырудың
басқарушылық
міндеттері:
1.
Оқушылардың сабақтан тыс қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз
ететін педагогтердің функционалдық міндеттерін бекіту.
2.
Оқушылармен сабақтан тыс қызмет аясында өткізілетін іс-шаралардың
жоспар-кестесін бекіту.
3.
Оқушылардың сабақтан тыс қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз
ететін педагогтерді ынталандыру жолын анықтау.
Педагогтер мен оқушылардың қалауына қарай оқушылардың сабақтан тыс
қызметін төмендегі жағдайларда ұйымдастыруға болады:
–
түрлі ұйымдастырушылық формаларда: факультативтер, танымдық
бағыттағы үйірмелер, пәндік үйірмелер, метапәндік үйірмелер, оқушылардың
ғылыми-зерттеу қоғамы және т.с.с.;
–
оқушылардың әртүрлі құрамында: жеке, шағын топтар, топтар,
ұжымдар,
көпшілік;
–
мәселелі-құндылықты
қарым-қатынас
формаларында:
этикалық
әңгімелер, дебаттар, тақырыптық диспуттар, проблемалы-құндылықты
дискуссиялар және т.б.;
–
төменгі сынып оқушыларының еңбек, патриоттық, экологиялық және т.б.
әлеуметтік
шығармашылық
және
әлеуметтік
тәжірибесінің
түрлі
формаларында [4].
Жалпы білім беру мектептері каникул күндерінде қосымша білім беру
мекемелері мен басқа да мекемелер базасында балалардың демалысын және
оларды сауықтыру, лагерьлік тақырыптық ауысымдар, жазғы мектептер
ұйымдастыру мүмкіндіктері пайдаланылады.
8
3 Оқушылардың сабақтан тыс кездегі бос уақытын ұйымдастыру
бойынша әдістемелік ұсыныстар
Білім беру ұйымдарында оқушылардың сабақтан тыс уақытын
ұйымдастыру бойынша сабақтан тыс қызметтің түрлі білім беру
бағдарламалары әзірленуі мүмкін:
–
кешенді білім беру бағдарламалары, сабақтан тыс қызмет түрлерінде
тәрбиелік нәтижеден келесі деңгей нәтижелеріне біртіндеп өтуді пайымдайды;
–
тақырыптық білім беру бағдарламалары, белгілі бір проблемалар
аясында тәрбиелік нәтижеге бағытталады және мұнда сабақтан тыс қызметтің
алуан түрлерінің мүмкіндіктері пайдаланылады (мысалы, патриоттық тәрбиенің
білім беру бағдарламасы, толеранттылыққа тәрбиелеудің білім беру
бағдарламасы және т.с.с.);
–
белгілі деңгейдегі жетістіктерге қол жеткізуге бағдарланған білім беру
бағдарламалары. Мұндай бағдарламалар білім алушылардың жас ерекшелігіне
байланысты болуы мүмкін, мысалы: 1-сынып үшін – қызметтің алуан
түрлерінде оқушының әлеуметтік білімдерді игеруге бағдарланған білім беру
бағдарламалары; 2-3 сыныптар үшін – әлеуметтік шындыққа құндылықты
қатынас қалыптастыратын білім беру бағдарламалары; 4-сынып үшін –
оқушыға өзіндік қоғамдық әрекет тәжірибесін беретін білім беру бағдарламасы;
–
сабақтан тыс қызметтің нақты түрлері бойынша білім беру
бағдарламалары;
–
жас ерекшелігіне қарай білім беру бағдарламалары (кіші жастағы
оқушылардың сабақтан тыс қызметінің білім беру бағдарламасы; жоғары
сынып оқушыларының сабақтан тыс қызметінің білім беру бағдарламалары);
–
оқушыларға арналған жеке білім беру бағдарламалары.
Білім беру ұйымдары оқушыларға аталмыш бағыттағы сабақтардың кең
спектрін таңдау мүмкіндігін беруі тиіс. Осылайша, сабақтан тыс қызмет
оқушылар үшін өз шығармашылығын, танымын, дене белсенділігін дамыта
алатын, өзінің ең жақсы тұлғалық қасиеттерін жүзеге асыратын кеңістікті
кеңейтеді.
1-
қосымшада «Сабақтан тыс қызметте тәрбие нәтижелеріне қол жеткізудің
айрықша формалары» әдістемелік конструкторы көрсетілген, ол сабақтан тыс
қызметтің нәтижелері мен формаларының өзара байланысына негізделген.
Педагогтер оны сабақтан тыс қызметтің білім бағдарламаларын әзірлеуде бар
ресурстарды, күтілетін нәтиежелерді, білім беру ұйымдарының ерекшелігін
ескере отырып қолдана алады [5].
1-
кестеде сабақтан тыс қызмет арқылы оқушы тұлғасын дамыту бағыттары
ұсынылған.
9