7
• Барлық оқушыларды оқу мәтiнiн диалогтық қарым-
қатынас арқылы, яғни, сөйлеу жолымен меңгеруге
қатыстырады.
Диалогтық қарым-қатынас ұстанымдарын қолдану қазақ
әдебиетi пәнi үшiн тиiмдi. Бұл сатыда оқу материалын, оның
көркемдiк-мазмұндық компоненттерiн меңгеру оқушылардың
диалогқа түсуi арқылы, коммуникативтiк дағдыларының
дамуы арқылы жүзеге асады. Ол «кез келген коммуникативтiк
үрдiске iс-әрекет, қарым-қатынас, таным үшеуi бiрге кiредi»
дейтiн Т.Андреева тұжырымымен сәйкес келедi. Мұнда оқушы
дискурсивтiк сөйлеу әрекетiне (берiлген тiлдiк бөлiктердiң
үлгiлерiн пайдалана отырып өз пiкiрлерiн айту, мәтiн құра
бiлу, хабарлау, баяндау, суреттеу, диалог, монолог) түседi, ойлауға
үйренедi, сөздiң түрлi көркем қолданыстарын пайымдайды,
түсiндiредi, өз ойын айта алуға дағдыланады, ақыл-ойы
мен шығармашылық (креативтiк) қабiлеттерi дамиды, оқу
мақсатына (нәтижеге) жетуге бағдар ұстауға үйренедi.
Күләш ШАЙДАЗЫМҚЫЗЫ,
Астана қаласындағы
№ 36 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
ҚАЗАҚ ТІЛІН КөПДЕҢГЕЙЛІ
ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ
Бүгінгі күні мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту
– мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналып
отыр. Осыған орай бүгінгі таңда жалпы білім беретін
8
мектептерде мемлекеттік тілді жаңаша әдіс-тәсілдермен,
технологиялармен оқыту жолдары қарастырылуда.
Қазақ тілін оқытуға қойылатын жаңа талаптар қазақ тілін
оқыту жүйесін жаңа типті оқу-әдістемелік кешендермен,
жаңа тұрпатты оқу құралдарымен, оқушының өз бетімен
білім іздену әдістерін бір арнаға тоғыстыра алатын
әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету, оқытудың
жаңа технологияларын оқу үдерісіне енгізу қажеттігін
айқындайды.
Осындай жаңа бағдарлардың бірі – мектепте қазақ тілін
көпдеңгейлік жүйеде, коммуникативтік бағытта оқыту.
Мемлекеттік тілді көпдеңгейлік жүйеде оқытудың мақсаты –
мемлекеттік тілді оқытып-үйретуді дүниежүзілік еуропалық
стандарттық үлгілерге жақындастыру.
Деңгейлік жүйеде тіл үйретудің бастау көздеріне қысқаша
тоқтала кететін болсақ, Еуропа Кеңесінің жанындағы
мәдени ынтымақтастық Кеңесі қызметінің аясында 1970
жылы екінші тілді меңгеру деңгейлері мен басқа тілдік
коммуникативтік құзырет пен оны қалыптастыратын
деңгейлік жүйенің моделін негіздеу белсенділікпен қолға
алынған болатын. Осындай іргелі жұмыстың үлкен нәтижесі
1996 жылы Страсбургте «Қазіргі заман тілдері: үйрену,
оқыту, бағалау. Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық
құзыреттері» атты құжаттың қабылдануы арқылы танылды.
Деңгейлік тіл үйрету мәселесі содан бергі уақытта
көптеген өзгерістерге ұшырап, соңғы нәтижесі төменде
берілген кестедегідей болып белгіленді.
Тіл меңгерудің басқыштық деңгейлері
А деңгейі
(қарапайым)
В деңгейі
(еркін)
С деңгейі
(жетік)
А-1 тілдік кедер-
гіден шығу деңгейі
(Breackthrough)
В-1 басқыштық
деңгей (Threshold)
С-1 жоғары деңгей
(Profienciency)
А-2 басқыштарға
дейінгі деңгей
(Waystage)
В-2 ілгерілеген
басқыштық деңгей
(Vantage)
С-2 тілді жетік білу
деңгейі (Mastery)
9
ХІХ ғасырдың аяғында Ұлыбританияның Кембридж
университетінде коммуникативтік білікті қалыптастырудың
бес деңгейлік жүйесі енгізілді.
ХХ ғасырдың 70-жылдары Еуропалық Кеңес еуропалық
тіл үйретудің алты деңгейлік жүйесін бекіткен болатын.
Қытай Халық Республикасында тіл үйретудің 19
деңгейлік жүйесі, Венгрия мен Польшада тіл үйретудің 11
деңгейі, АҚШ-та 5,6, 9 деңгейлік, ал Италияда тіл үйретудің
19 деңгейлік жүйелері қалыптасты.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
09.07.2010 жылғы № 367 бұйрығымен бекітілген жаңа
стандартқа сәйкес құрастырылған «Қазақ тілі» оқу
бағдарламасы бойынша өзге тілде жалпы білім беретін
орта мектептерде қазақ тілін меңгертудің бес деңгейі іске
асырылады: қарапайым, бастапқы, негізгі, орта және ортадан
жоғары деңгейлер. Оны кесте түрінде былай белгілеуге
болады:
Қарапайым
деңгей.
Бастапқы қарапайым игерім -
А1.
А1 – 1 -сынып.
Бастапқы
деңгей.
Бастапқы орта игерім - А1.1.
Бастапқы толық игерім - А1.2.
Бастапқы жетік игерім - А1+.
А1.1 – 2-сынып.
А1.2 – 3-сынып.
А1+ – 4-сынып.
Негізгі
деңгей.
Қалыптасу қарсаңындағы
бастапқы игерім - А2.1.
Қалыптасу қарсаңындағы
толық игерім - А2.1.1.
Қалыптасқан игерім - А2.1.2.
А2.1 – 5-сынып.
А2.1.1– 6-сынып.
А2.1.2 – 7-сынып.
Орта деңгей.
Қалыптасқан орта игерім -А2.2.
Қалыптасқан толық игерім -
А2.+.
А2.2 – 8-сынып.
А2+ – 9-сынып.
Ортадан
жоғары
деңгей.
Тереңдетіле қалыптасқан орта
игерім - В1.1.
В1.1 – 10-сынып.
Тереңдетіле қалыптасқан толық
игерім - В1.2.
В1.2 – 11-сынып.
Қазақ тілі сабағында деңгейлік жүйеге негізделген
оқытудың кешенді әдістері (тыңдалым, сөйлесім, оқылым
және жазылым) өзара бірлікте қолданылады. Екі оқушы бір-
бірімен қарым-қатынасқа түсу кезеңінде біреуі сөйлейді,
Достарыңызбен бөлісу: |