33
§ 8. БИІКТІК БЕЛДЕУЛЕНУ ЗАҢДЫЛЫҒЫ
Cаған белгілі болғанындай, өлкеміздегі биік таулардың шыңдарындағы
аппақ қарлар жаздың ми қайнатқан аптабында да ерімейді. Оқушылар
жазғы каникулдарында сол тау баурайларындағы көрікті лагерьлерге де-
малуға барады. Қош, бұның себебі неде? Бұның себебі сол, жазықтан
тау ларға қарай биіктік жоғарылай беретіндіктен, табиғи жағдай да өзгере
береді. Яғни тау бөктерлерімен жоғарыға көтерілген сайын ауа темпера-
турасы төмендеп, ылғалдылық артады. Соған орай өсімдіктердің түрлері
де өзгереді, табиғи жағдай да шырайланып, көріктенеді, ауа кіршіксізде-
не түседі. Табиғи жағдайдың бұлайша өзгеруіне биіктік белдеулену заң-
дылығы себеп болады.
Биіктіктің белдеуленуі – таулардың етегінен суайрығына қарай та-
биғаттың заңды өзгеріп отыруы. Биіктік белдеулері жазықтардағы табиғат
зоналарына ұқсайды, бірақ нақ соның өзі емес. Олардың қалыптасуына
жоғары көтерілген сайын ауа температурасы мен қысымының төмендеуі,
күн радиациясының күшеюі, су буларының конденсациялану жағдайының
өзгеруі себеп болады. Жауындар белгілі бір биіктікке дейін көбейеді, со-
сын азаяды. Соған байланысты топырақтар, өсімдіктер мен жануарлар
әлемі, жалпы геожүйелер өзгеріп отырады.
Биікке көтерілген сайын өсімдіктердің, табиғи жағдайдың өзгере бе-
ретіні жайлы мәліметтер Захириддин Мұхаммед Бабырдың “Бабырнама”
шығармасындағы Мауароуннахр, Ауғанстан тауларының сипаттамасында
келтіріледі. Алайда биіктіктің белдеулену заңдылығын тұңғыш рет А.Гум-
больдт Альпі және Анд тауларында зерттеп, ғылыми негіздеп берген.
Жазықтағы табиғат зоналары экватордан полюстерге қарай бірінен соң
бірі ауысып отыратыны сияқты биіктік белдеулері де таулардың етегінен
суайрығына дейін ауысып келеді. Бірақ таулардағы биіктік белдеулері
жазықтағыларға қарағанда тезірек ауысады, кейбір биіктік белдеулеріне
ұқсайтын табиғат зоналары жазықтарда болмайды. Мысалы, тауларда су-
бальпі және альпі шалғындары белдеуі бар, ал жазықтарда ондай табиғат
зонасы жоқ.
Биіктік белдеулерінің саны мен түзілуі таулардың биіктігіне, қайсы
климат аймағында (сонымен қатар климат өлкесінде) орналасқандығы-
на, бағытына, ауа массаларына сәйкес орналасуына байланысты. Таулар
қаншалықты биік болса және төменгі ендіктерде (экваторға жақын) орна-
ласса, соншалықты көп биіктік белдеулері қалыптасады. Климат өлкелері