29
Маусымдық ырғақтылықтың себептері түрлі ендіктерде әр түрлі: ол
төменгі ендіктерде ылғалдылықпен, қоңыржай ендіктерде күн радиациясы
белсенділігінің өзгеруімен, ал полярлық ендіктерде жарықпен сипатталады.
Тəуліктік ырғақтылық Жердің өз білігі төңірегінде айналуы нәтижесінде
пайда болатын түн мен күннің алмасуына байланысты. Тәуліктік ырғақтылық
барлық метеоэлементтердің тәулік барысында өзгеруінен көрінеді: фотосин-
тез тек күндіз, яғни жарықта ғана жүреді. Адам да “күн сағаты” бойынша
өмір сүреді: ағзаның белсенділігі сағат 2-ден 5-ке де йінгі және 12-ден 14-ке
дейінгі аралықта төмен болады; бұл кезде жүректің соғу жиілігі баяулайды,
есте сақтау қабілеті мен дене температурасы төмендейді.
Ырғақтылық географиялық қабық дамуының маңызды заңдылықтары-
ның бірі болып саналады, оларды зерттеу табиғи құбылыстар мен үдеріс-
терді болжауда маңызды рөл атқарады.
Географиялық қабық, географиялық қабықтың құрамдық түзіліс дәрежелері, геогра-
фиялық қабықтың ерекшеліктері, біртұтастық, ырғақтылық, зат және энергия алмасу.
1. Географиялық қабықтың құрылысы қандай?
2. Географиялық қабықтың өзіне тән ерекшеліктерін айт.
3. Географиялық қабықтың біртұтастығы дегенде нені түсінесің?
4. Тәуліктік ырғақтылық құбылыстарын бақыла және дәптеріңе жаз.
§ 7. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
ҚАБЫҚТЫҢ
ЕНДІК
ЗОНАЛЫЛЫҒЫ
ЖӘНЕ
СЕКТОРЛЫҒЫ
Қымбатты оқушы, төменгі сыныптарда географиялық қабықтың жал-
пы заңдылықтары жөнінде алған білімдеріңді есіңе түсір. Бұл тақырыпта
бұрынғы білімдеріңді одан әрі байытасың.
Географиялық қабықтағы зоналылық заңдылығы географиядағы ал-
ғашқы заңдылықтардың бірі болып табылады. Климат аймақтары мен
зоналылықтың бар екенін ежелгі грек және рим ғалымдары анықтаған.
Олар Жер бетін бірнеше климат аймақтарына бөлген. Зоналылық заң-
дылығының дамуына А.Гумбольдтың (ХVІІІ ғасыр) қосқан үлесі ерекше.
Ол климаттық және ботаникалық-географиялық зоналылықты анықтады.
Бертін келе бұл жұмыстарды В.В.Докучаев дамытып, географиялық зона-
лылық заңдылығын ашты және оны негіздеп берді. Бүгінгі таңда геогра-
фиялық зоналылық туралы білімдер В.В.Докучаев іліміне негізделеді.
А
30
Географиялық қабықтағы зоналылық заңдылығы Жердің шартәрізділігі
және оған байланысты түрде Күн радиациясының Жер бетіне ретсіз тара-
луы, теңіз бойы аумақтарындағы жылы және суық ағыстар, мұхиттан ма-
териктің ішіне бойлап кірген сайын ылғалдылық пен температураның өз-
геруі салдарынан туындайды. Осының нәтижесінде температура, булану,
жауындар, үгілу үдерістері, топырақтар, өсімдіктер, жануарлар және басқа-
лар Жер бетіне зоналар құрап тараған. Географиялық зоналылық тек Жер
(су) бетінде, яғни атмосфера, литосфера және гидросфера тұтасқан орында
ғана айқын көрінеді. Атмосферада жоғарыға көтерілген сайын, ал литос-
фера мен гидросферада терең түскен сайын зоналылық жойыла береді. Ге-
ографиялық зоналылық экватордан полюске қарай және мұхиттардан құр-
лықтың ішкерісіне қарай геожүйелердің алмасуынан байқалады. Сондықтан
да ендіктер зоналылығы мен секторлық ұғымдары енгізілген.
Ендіктер зоналылығы – күн нұрының түсу бұрышы өзгеруі есебінен
табиғат компоненттері мен геожүйелердің экватордан полюстерге қарай
заңды өзгеріп отыруы.
Географиялық қабықтың ең ірі зоналылық бірліктері – климат (геогра-
фиялық) аймақтары болып табылады. Олардың арасынан жылу мен ылғал-
дылықтың қатынасына байланысты табиғат (географиялық) зоналары бөлініп
шығады. Табиғат зоналары – географиялық қабықтың климат аймақтары шең-
берінде, негізінен, жылу мен ылғалдың мөлшеріне және қатынасына қарай
белгілі бір ретпен заңды ауысып отыратын геожүйелер. Əрбір табиғат зона-
сында өзіне тән топырақтар, өсімдіктер мен жануарлар таралады. Сондай-ақ
Жердің сыртқы күштерімен байланысты табиғи үдерістер – үгілу, эрозия, деф-
лазия, экзарация және т. б. да табиғат зоналары бойынша ерекшеленіп тұрады.
Зоналылық халықтың орналасуы мен шаруашылық қызметіне де өзінің
ықпалын тигізеді. Егер дүниежүзінің табиғат зоналары картасы мен дүние-
жүзі халқының тығыздығы картасын салыстырса, табиғи жағдайы қолай-
лы, аралас және жалпақ жапырақты ормандар, муссонды ормандар мен
қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар (Жерорта теңізі) иелеген табиғат
зоналарында халықтың тығыз қоныстанғаны байқалады. Əлемдік өркени-
етке үлкен үлес қосқан ежелгі Үндістан, Қытай, Греция, Рим мемлекет-
тері де нақ осы табиғат зоналарына орын тепкен.
Əрбір табиғат зонасында өзіне тән климат, топырақ, өсімдіктер және
жануарлар әлемі, тіпті табиғи географиялық үдерістер де қалыптасқан,
олар адамның шаруашылық қызметіне, әсіресе ауыл шаруашылығы мен
құрылысына елеулі әсерін тигізеді. Ыстық өлкелерде мақта мен жүзім;
31
жылы әрі ылғалды өлкелерде – кофе, цитрус жемістері, шай, күріш;
салқын өлкелерде – бидай мен арпа; ал суық өлкелерде тек жылыжайлар-
да ғана көкөніс пен аскөк, гүлдер өсіріледі.
Секторлық – құрлықтың ішкерісіне қарай мұхиттан алыстаған сайын
климат ерекшеліктерінің өзгеруі есебінен табиғат компоненттері мен ге-
ожүйелердің де өзгеріп отыруы.
Секторлық құрлықтардағы климат аймақтарының ішінде климат тип-
терінің бөлінуінен айқын көрінеді. Мысалы, қоңыржай климат аймағында
құрлықтағы теңіздік, қоңыржай континенттік, шұғыл континенттік және
муссондық климат өлкелері қалыптасқан. Ал бұл топырақ-өсімдік жа-
мылғысы мен жалпы табиғат зоналарында да байқалады. Климат өлке-
леріне байланысты түрде аралас және жалпақ жапырақты ормандар, ор-
манды-дала және дала, шөлдер мен шөлейттер, муссонды орман табиғат
зоналары қалыптасқан.
Азоналылық заңдылығының зоналылық заңдылығынан ерекшелігі
сол, ол Жердің ішкі үдерістері мен жергілікті себепшарттардың себебінен
табиғат компоненттері мен геожүйелердің өзгеруі болып табылады. Азо-
налылықтың себепшарттары – Жер бетін жауып жатқан тау жыныстары
мен бедер түзілісіндегі айырмашылықтар, сызат сулары деңгейінің жер
бедері мен тау жыныстарының су өткізгіштік қасиеттеріне қарап өзгеруі,
адамның шаруашылық қызметі және т.б. Бұл себепшарттар ендіктердің
зоналылық заңдылығына мойынсұнбайды. Əсіресе геологиялық-геомор-
фологиялық себепшарттар Жердің ішкі күштерімен байланысты болған-
дықтан, басқаларына қарағанда кең ауқымды. Геологиялық себепшарттар
ішінде неотектоникалық (қазіргі заман тектоникалық) қозғалыстар, олар-
дың Жер бетінің түрлі нүктелерінде әр түрлі күш пен қарқында бой көр-
сетуі – ең маңызды себепшарт болып табылады. Тау жыныстарының хи-
миялық және физикалық қасиеттері де белсенді әсер көрсетеді. Мысалы,
құрамында тұздары көп тау жыныстары тараған орындарда сортаңдар, ал
суда тез еритін тау жыныстары тараған орындарда карсттар көбейіп, то-
пырақ-өсімдік жамылғысы мен ландшафттардын зоналылық ерекшеліктері
өзгеруіне себеп болады.
Жер бетінің тығыздығы төмендеу орындарында сызат суларының дең-
гейі жоғары болады. Бұндай жағдайда атмосфералық жауындар мен ай-
наладан келіп жатқан ағын сулар есебінен артықша ылғал шоғырланып,
батпақтар пайда болады. Мысалы, Шығыс Сібір, Конго ойысы, Ла-Плата,
Ориноко ойпаттарында батпақтар кең тараған. Батпақ – артық ылғал-
Достарыңызбен бөлісу: |