Оқулық Бірінші басылуы Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 4,01 Kb.
Pdf просмотр
бет5/53
Дата30.05.2018
өлшемі4,01 Kb.
#18517
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53

14
матта  өзгеріс  байқалады. Бұлардың  барлығы  Жер  бетіндегі табиғи  жағдай-
лар  мен  ресурстардың    қалпына,  өз  кезегінде  адамның  шаруашылық  қыз-
метіне  әсерін  тигізеді.
Жер  –  Күн  жүйесіндегі  ғаламшарлардың  бірі,  оның  пішіні,  өлшем-
дері,  тығыздығы,  заттар  құрамы,  түзілісі  мен  қозғалыстары    ғарышта 
орналасқан  орнына  байланысты.  Сен  төменгі  сыныптарда  оның  пішіні 
шартәрізді  деп  оқығансың.  Бұл  дұрыс,  әрине.  Дегенмен,  түптеп  келген-
де,  оның  пішіні  геоид.  Жер  ешқандай  геометриялық  пішінге  яки  денеге 
ұқсамайды.  Жер  бетінде  геодезиялық-картографиялық  жұмыстар  бары-
сында  геоидті  өлшеу  және  есептеу  қиын  болғандықтан,  өлшеу,  есептеу 
және  бейнелеу  оңай  болып  саналатын  шар  немесе  эллипс  тәрізді  деп 
қабылданады  (1-сурет).
Төмендегі  1-кестеде  келтірілген  мәліметтерден  Жердің  пішіні  мен  өл-
шемдері  туралы  анық  түсінік  алуға  болады.   
1-кесте
Жердің  кейбір  өлшемдері 
Орташа экваторлық радиусы                                                                       6378,14 км
Экватордың ұзындығы
40 075,7 км
Орташа полюстік радиусы
6356,78 км
Көлемі
1,083 × 10
12 
км
 3
Полюстік қысыңқылығы
21,36 км
Орташа тығыздығы
5,52 g/см
3
Экваторлық қысыңқылығы
213 м
Массасы
5,976 × 10
24 
кг
Меридиан ұзындығы 
40 008,5 км
Жер бетінің алаңы
510 млн км
 2
Жердің  пішіні  мен  өлшемдерінің  географиялық  маңызы  төмендегілерден 
көрінеді:
–  Жердің  шартәрізді  пішіні  Күн  нұрының  түсу  бұрышының  экватордан 
полюске  қарай  заңдылығының  өзгеруіне  себеп  болады.  Ал  бұл  географи-
ялық  зоналылық  заңдылығын  туындатқан; 
–  Жердің  шартәрізді  пішіні  заттарды  бір  орынға  шоғырландырады  және 
қойылтады.  Соның  нәтижесінде  заттар  қысылып,  тығыздалады,  ішкі  бөлі-
гінде  тығыздығы  әр  түрлі  қабаттар  пайда  болады.  Жердің  қабатты  түзілісі 
оның  басты  ерекшелігі  болып  табылады; 
–  Жердің  беті,  соның  ішінде,  географиялық  қабаттың  домалақ  (шартәрізді) 
пішінде  болуы  мекеннің  біртұтастығын  жəне  шексіздігін  қамтамасыз  етеді; 
–  Жердің  шынайы  пішіні  –  геоидтің  шардан  ауытқуы  Жер  ішіндегі  ма-
териялардың  тепе-теңдікке  ұмтылысы  себепті  жер  астында  көтерілулер  мен 


15
шөгулердің,  жер  жарықтарының  пайда  болуына,  соның  салдарынан  жер  бе-
дерінің  өзгеруіне  себеп  болады.  Бедер  мен  тектоникалық  қозғалыстар  ге-
ографиялық  қабықта  азоналдық  заңдылықты  туғызатын  себепшарт  болып 
табылады.  Зоналылық  пен  азоналдық  заңдылықтарының  бір  жерде  және 
бір  мезгілде  көрініс  табуы    Жер  жүзі  табиғатының  алуан  түрлі  болуына 
алғышарт  жасаған; 
–  Жердің  тығыздығы  мен  массасының  үлкендігі  оның  тарту  күші  үлкен 
болуын,  ал  бұл  өз  айналасында  ауа  мен  суды  ұстап  тұруын  қамтамасыз  ет-
кен.  Жер  бетіндегі  атмосфералық  қысым  судың  сұйық  күйде  болуына  мүм-
кіндік  туғызған,  әйтпесе  су  буланып  кеткен  болар  еді.  Жерде  белгілі  бір 
тұрақты  жылуды  сақтап  тұруда  атмосфера  мен  гидросфераның  маңызы  ора-
сан  зор.  Атмосфера  Күннен  келетін  зиянды  электромагнитті  сәулені  ұстап 
қалады.  Ал  Дүниежүзілік  мұхит  өте  үлкен  жылу  қайнары  болып  табылады.
–  Жер  ғаламшары  бір  уақыттың  өзінде  бірнеше  қозғалыстарды  жүзеге 
асырады.  Атап  айтсақ,  Жердің  табиғаты  мен  адамдардың  өміріне  ең  көп 
әсер  ететіні  –  Жердің  Күнді,  өз  білігін  және  Жер  –  Ай  жалпы  ауырлық 
орталығы  төңірегін  айналуы.
Жер  Күнді  сағат  тіліне  кері  бағыт  бойынша  орташа  29,8  км/сек  жылдам-
дықпен  934  млн.  км-лік  орбитаны  365  тәулік  6  сағатта  толық  бір  рет  айна-
лып  шығады.  Жер  орбитасы    (Күн  төңірегін  айналу  жолы)  эллипс  пішінде 
болады.  Сондықтан  Күн  мен  Жер  ортасындағы  қашықтық  әрқашан  өзгеріп 
отырады.  Жер  орбитасының  Күнге  ең  жақын  нүктесі  –  перигелий    деп  ата-
лады.  Бұл  нүктеде  Жер  мен  Күн  арасындағы  қашықтық  147  млн  км-ге  тең. 
Ал  Жер  орбитасының    Күннен  ең  алыс  нүктесі  –  афелийде  Жер  мен  Күн 
ортасындағы  қашықтық  152  млн  км  болады.  Сондықтан  да  Жер  орбита 
бойымен  əр  түрлі  жылдамдықпен,  яғни  перигелийде  ең  жылдам  (30,3  км/
сек),  афелийде  ең  баяу  (29,3  км/сек)    жылдамдықпен  айналады.  Осының 
салдарынан  Күн  Солтүстік  жартышарға  186  күн,  ал  Оңтүстік  жартышарға 
179  күн  ғана  нұрын  төгеді.  Дегенмен  бұл  Жерге  келетін  жылудың  мөлшері-
не  тіпті  де  әсер  етпейді.  Жер  орбитасының  шеңберге  жақын  келуі  себепті 
Жерге  келетін  жылудың  мөлшері  өзгермейді,  яғни  тұрақты  болады.  Сол  се-
бепті  Жер  бетінде  тұрақты  ыстық  жағдай  қалыптасқан. 
Жердің  Күн  төңірегінде  айналуының  географиялық  салдарлары:    жыл 
мезгілдері пайда болады, күн мен түннің ұзақтығы өзгереді, Күннің ұзақтық 
және  қысқалық  нүктелері  (22  маусым,  22  желтоқсан)  және  көктемгі,  күзгі 
теңелулер  (21  наурыз,  23  қыркүйек)  болады,  Күн  Солтүстік  жартышарға    
1 апта көбірек нұр шашады, жарық нүктелері пайда болады, тұрақты ыстық 


16
жағдай  орнығады,  муссон  желдері  еседі,  жалпы  алғанда,  географиялық  қа-
бықта  жылдық  ырғақтылық  заңы  қалыптасады.
Жер  өз  білігінде  айналғанда    айналу  білігі  орбита  жазықтығына  сәйкес 
66,5º  бұрыш  жасайды.  Жер  айналуының  бұрыштық  жылдамдығы  1  сағат-
та  15º,  яғни  Жер  бетіндегі  кез  келген  нүкте    (полюстерден  тыс)  1  сағатта 
15º-қа  бұрылады.  Бірақ  секундқа  шаққанда  қашықтық  есебіндегі  жылдам-
дық  әр  ендікте  әр  түрлі  болып,  экватордан  полюске  қарай  төмендей  береді. 
Мысалы,  бұл  жылдамдық  экваторда  ең  үлкен,  яғни  секундына  455  м  болса, 
полюстерде  0  м-ге  тең  болады.
Жердің өз білігінде айналуының географиялық салдарлары: тәулік тұрақта-
нады,  күн  мен  түн  ауысады,  географиялық  қабықта  тәуліктік  ырғақтылық 
пайда  болады,  Кориолис  күші  туындайды,  географиялық  полюстер  қалып-
тасады,  түрлі  меридиандарда  жергілікті  уақыт  әр  түрлі  болады.
Кориолис  күші  Жер  айналасының  бұрушы  күші  болып  саналады,  оның 
әсерімен  горизонталь  қозғалып  бара  жатқан  барлық  денелер  өз  бағытынан 
Солтүстік  жартышарда  оңға  қарай,  ал  Оңтүстік  жартышарда  солға  қарай 
ауытқиды.  Оның  әсерімен  ауа  массалары,  циклондар  мен  антициклондар, 
желдер,  теңіз  ағыстары  өз  бағытын  өзгертеді,  өзен  сулары  Солтүстік  жарты-
шарда оң жағалауды, ал Оңтүстік жартышарда сол жағалауды көбірек шаяды.
Жер  Аймен  бірге  жалпы  ауырлық  орталығы  төңірегінде  айналады.  Жер-
Ай  жалпы  ауырлық  орталығы  Жердің  ішкі  бөлігінде,  оның  орталығынан 
радиусының  ¾  бөлігіндей  қашықтықта  орналасқан.  Жердің  Жер-Ай  жал-
пы  ауырлық  орталығы  төңірегінде  айналуы,  Айдың  тарту  күші  салдарынан 
қалқу  құбылысы,  яғни  Жердегі  барлық  денелердің  Айға  қарай  тартылуы 
болады.  Бұл  әсіресе  Дүниежүзілік  мұхитта  айқын  сезіледі.  Сондай-ақ  Ай-
дың  тарту  күші  әсерінен  Жердің  өз  білігінде  айналуы  баяулайды.  Қалқу 
құбылысы  мен  Жер  айналысының  баяулауы  Жердің  табиғатына  әсер  ететіні 
жөнінде  жоғарыда  айтылған  болатын.
Ғарыш, галактика, Күн жүйесі, геоид, Жердің өлшемдері, Жердің қозғалыстары, айналу 
жылдамдығы,  тектоникалық  цикл,  орбита,  жыл  мезгілдері,  Кориолис  күші,  қалқу  құ-
былысы.  
1. Күн жүйесі нелерден түзілген?
2. Күн Жердің табиғатына қандай әсерін тигізеді?
3. Күннің Жер табиғатына әсерлерін айта аласың ба?
4. Жердің өз білігін айналуы салдарынан орын алатын құбылыстарды тұрғылықты ме-
кенің мысалында бақыла және дәптеріңе жаз.


жүктеу 4,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау