Құмарова Мөлдір
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің
41 «Ә» топ студенті
Жаңартылған білім мазмұны
Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін
ең алдымен азаттық пен білім қажет.
Шоқан Уәлиханов
Қазіргі таңда еліміздің алдында бәсекеге қабілетті отыз елдің
қатарына ену мақсаты тұр. Ол мақсатқа жету жолында заман талабына
сәйкес, келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын жаңартылған
білім беру бағдарламасы енгізілді. «Ел болам десең бесігіңді түзе»
дегендей, бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу 1-сыныптан бастау алады.
Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен
қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері
мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру, оқушыларды
шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуге жетелеу. Сонымен қатар
заман талабы – үштілділік, яғни ана тілі – қазақ тілін, қарым-қатынас тілі –
орыс тілін және халықаралық тіл - ағылшын тілін жүйелі түрде қамтып
отыр.
Жаңартылған бағдарлама бойынша жұмыс жасау кезінде үш құжат:
оқу бағдарламасы, критериалды бағалауға арналған нұсқаулық, мұғалімге
арналған нұсқаулықты негізге алдық. Осы курс барысында бастауышта
оқытылатын пәндердің: математика, сауат ашу, жаратылыстану,
дүниетану, көркем еңбек бағдарламаларын қарастырдық. Жаңартылған
бағдарлама оқу үдерісіне бірқатар өзгерістер әкелді. Мысалы, оқыту
пәндерінің қатарына жаратылыстану, орыс тілі пәндері енсе, бейнелеу
өнері мен еңбекке баулу пәндері біріктіріліп, көркем еңбек пәніне айналды.
Оқушылардың оқу жүктемесі, яғни оқу күндері қысқартылды, сенбі
демалыс күніне қосылды.
Бағдарламаның ерекшелігі оқу мақсаттары спиральді түрде, яғни
оңайдан қиынға қарай жүргізіледі. Оқу үдерісі сындарлы оқытуға
негізделіп жасалған. Жаңа бағдарламаға сәйкес мұғалім тек нұсқаушы,
бағыт беруші рөлін атқарады. Ал оқушы зерттеуші рөлінде болады, әрбір
тұжырымға өзі келіп отыруы негізгі мақсаттың біріне жатады. Осы негізге
байланысты біз «Зерттеуші, бақылаушы, қадағалаушы» ойынын ойнадық.
Бұл ойын барысында: 1) Бір оқушы зерттеуші, екінші оқушы бақылаушы,
үшінші оқушы қадағалаушы болды. Бақылаушы сөзді жест, мимика
арқылы зерттеушіге түсіндіруі керек, ал зерттеуші ол сөздің қандай сөз
екенін сөзбен айтады, қадағалаушы болса, осы сөзді неше мүмкіндіктен
кейін тапқанын санайды; 2) Суретті сөзбен түсіндіру. Бұл кезде зерттеуші
болған оқушы бақылаушы, бақылаушы болған қадағалаушы, қадағалаушы
болған оқушы зерттеуші болды.
Жаратылыстану пәнінен алма, банан жемістерінің химиялық,
физикалық, биологиялық ерекшеліктерін зерттеп көрдік.
Математика пәнінде пиктограмма және гистограмманы құрып
үйрендік. Жаңа ұғымдармен таныстық: 1) Кэролл диаграммасы; 2)
Геогебра.
Сауат ашу пәнінде «Dable, Buble» стратегиясын қалай ұйымдастыру
керек екенін түсіндік.
Жаңартылған бағдарлама критериалды бағалауға негізделеді.
Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала
белгіленген критерийлердің көмегімен өлшенеді. Оқушылардың пән
бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және
жиынтық бағалау. Жиынтық бағалауды есептеуді нақты үйрендік:
Бөлімдер бойынша жинаған балл (ұпай) сандарын қостық;
Бөлімдер бойынша жинауы керек болған максималды балдарды
қостық:
Бөлімдер бойынша жинаған баллды бөлімдер бойынша максималды
балғабөлдік;
Шыққан нәтижесін 50 %-ға көбейттік;
Тоқсан бойынша жинаған балын, максималды балға бөлдік те, оны
50 %-ға көбейттік;
Шыққан нәтижелерін қостық, ол бізге пайыз түрінде көрсетіледі.
Пайызды оқу бағдарламасындағы бағаға сәйкес, пайызды бағаға
ауыстырдық.
Қорыта айтқанда, бағдарламаның мәні баланың функционалды
сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған
білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл
бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға
үлкен жауапкершілік міндеттелді. Жаңартылған білім – болашақтың
кепілі.
Мажимова Аңсаған
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің
41 «Ә» топ студенті
Жаңартылған оқу бағдарламасы
Оқу орнында өткен біліктілікті арттыру курсының басты мақсаты -
жаңартылған білім беру бағдарламасын және критериалды бағалау жүйесін
колледж түлектеірене меңгерту болатын.
Курс
барысында
білім
алушылар
жаңартылған
білім
беру
бағдарламасының құрылымын, мазмұнын және мақсаттарын біліп түсінумен
қатар, жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес педагогикалық
тәсілдердерге талдау жүргізілді. Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны
жаңа бағытқа бет бұрды. Курсқа алғаш келген күннен бастап, көп сауалдардың
жауабын алдық, жалпы білім беру мазмұнының өзгешелігімен, ерекшелігімен
таныстық. Біз курс барысында жаңартылған білім беру бағдарламасының
құрылымын, мақсат-міндеттерін түсініп, білім беру бағдарламасындағы оқу
мақсаттарына жетуде критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрендік.
Тәжірибе барысында орындап үйрендік, түрлі тапсырмалар мен жаттығулар
әзірледік. Мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде негізге алатын 3 құжатпен – оқу
бағдарламасы, оқу жоспары және қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағымен танысып, жұмыс жасадық. Білім мазмұнының өзіндік
ерекшеліктері - үштілділік білім беруді ұйымдастыру, өмірлік бағдар беру, жаңа
пәндерді енгізу, жобалау, зерттеу қызметі үшін жағдайлар жасау. Жаңа
бағдарламаны меңгеру барысында оқушы бойында қажетті 4 дағдыны
(тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) қалыптастыру, жаңартылған оқу
бағдарламасының ерекшеліктері: пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі,
оқу үдерісін ҰМЖ, ҚМЖ, ОМЖ арқылы ұйымдастыру, оқытудың тәрбиелік
әлеуетін арттыру туралы ақпарат алдым.
Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалды бағалау
жүйесіне өткенін, критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын
ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенетінін білдім.
Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы
бағалау және жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау күнделікті жүйелі
түрде өткізіледі. Оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты
қамтамасыз етеді және оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық
бағалау оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою
арқылы өткізіледі.
Жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін
талдай отырып, бағдарламаның мәнін, ұстаздарға үлкен жауапкершілік
міндеттелетін түйсіндім. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық
салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер
тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз
пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп
санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Жаңартылған білім –
болашақтың кепілі.