Білім беру бағдарламасы «Жаңартылған білім беру жүйесінің ерекшелігі неде?»



жүктеу 266,22 Kb.
Pdf просмотр
бет5/8
Дата30.05.2018
өлшемі266,22 Kb.
#18489
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

Жұмабекова Алтынай Бақытбекқызы 

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің  

41 «Ә» топ студенті  

 

Жаман ұстаз ақиқатты өзі айтып береді, 



 ал жақсы ұстаз  баланың  өзін  ізденуге жетелейді. 

                                          А.Дистербег 

 

Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері мен тиімділігі 

 

Мен 36 сағаттық курста көп  мағлұмат ала білдім. Жаңартылған оқу 



бағдарламаларының  ерекшеліктері  мен  тиімді  жақтарын  түсіндім.  Пән 

мазмұнының спиральді қағидатпен берілуін,  блум таксономиясы бойынша 

оқу  мақсаттарының  жүйелілігі  жайлы,  білім  беру  аясындағы  және 

пәнаралық 

байланыстарды 

жүзеге 


асыру 

мақсатында 

ортақ 

тақырыптардың  берілуі,  оқу  үдерісі  ұзақ  мерзімді,  орта  мерзімді  және 



қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастырылатынын ұғындым.  

XXI  ғасырдың  дағдылары  жайлы  мағлұмат  ала  отырып,  зерттеу, 

проблемалық,  сын  тұрғысы,  өз  бетінше  оқу,  ынтымақтастық,  деректерді 

өңдеу,  жасау  және  жобалау,  тәжірибелік  дағдылардың  бір-бірінен 

айырмашылығы мен ерекшеліктерін түсіндім. Қалыптастырушы, жиынтық 

бағалауды,  модерация  не  екенін,  оның  ерекшеліктерін,  кері  байланыс 

жасай  алуды  білдім.  Өйткені,  ол  оқушының  ойлауын,  елестету  мен  есте 

сақтау белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. 

Сауат  ашу,  дүниетану,  математика,  жаратылыстану  сабақтарының  оқу 

бағдарламаларымен  таныстым.  Сабақ  барысында  әр  өткен  бағдарламаны 

талдап,  түсініп  оқып  терминмен  жұмыс  жасай  білдім.  Бағдарламаны  әр 

түрлі  әдіс-тәсілдер  арқылы  постерге  түсіріп,  критерий  бойынша  қорғай 

білуді  үйрендім.  Әр  сабақта  оқушыларға  тапсырма  беру  арқылы 

критерийді оқушыларға ұсына білуді, сабақ барысында ойнатылатын ойын 

түрлерін, мысалы «Кубик» әдісі, «Домино» ойыны, «Қашқын сандар», «10 

аяқтың  ізі»,  «Пиктограмма»  тағы  да  басқа  түрлерін  үйрендім.  Ойын 

элементі  арқылы  оқушылардың  сабаққа  деген  қызығушылықтары 

артатынын, сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолдануда 

нәтижелілігін көруге болатынын ұғындым. Пікірталастар, өзін-өзі бағалау, 

бірін-бірі  тексеру,  бір-бірлеріне  сұрақтар  қою  тиімді  әдістер  қaтaрына 

жататынын  түсіндім.  Осы  курс  өзіме  өте  ұнады,  әрбір  сабақта  мол 

тәжірибе  ала  білдім,  болашақта  алған  білімімді  іс-тәжірибе  барысында 

қолданып,  жекелеген  стратегиялар  мен  тәсілдерді  өзара  байланыстыра 

отырып, білім беруде үлкен жетістіктерге жетуге болады деп ойлаймын. 

 

 

 




Жұмашева Шырын 

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің  

41 «Ә» топ студенті  

 

12 жылдық білім беру - бүкіл әлемдік білім кеңестігіне ену бағдары 

 

Мектептегі  басты  тұлға  ұстаз  десек,  білім  саясаты  ең  алдымен 



ұстаздар арқылы жүзеге асырылады. Ал біздің келешектегі мақсатымыз  – 

рухани  жан  дүниесі  бай,  жан-жақты  жарасымды  дамыған  жеке  тұлғаны 

қалыптастыру. Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңестігіне ену 

табалдырығында.  Заман  талабына  сай  жаңа  мазмұнда  білі  беруді 

ұйымдастыру  12  жылдық  оқытуға  көшумен  тікелей  байланысты.  Елбасы 

Н.Ә.  Назарбаев  «Болашақта  еңбек  етіп,  өмір  сүретіндер  –  бүгінгі  мектеп 

оқушылары.  Мұғалім  оларды  қалай  тәрбиелесе,  Қазақстан  сол  деңгейде 

болады.  Сондықтан    жүктелетін  міндет  өте  ауыр»  деген  болатын.  Ел 

тағдыры  оның  келешекте  кемелді  ел  болуы  мектептің  қандай  негізде 

құрылуына байланысты болмақ.  

Мұғалімге артылатын сенім жүгі соншалық ауыр. Жаңа көзқарастағы 

мұғалім  -  рухани  байлығы  мол,  өз  ісінің  шеберіне  айналу  және 

жаңашылдыққа  талпынатын  шығармашыл  тұлға  болуы  керек.  Менің 

ойымша  білім  беруді  тәрбиеге  негіздеудің  екі  қанаты  бар.  Олар  білімді 

ұлттық  құндылықтар  мен  өркениетке  негіздеу.  Шәкіртті  өз  күш-жігерін 

пайдалануға  баулу.  Мұғалім  бұл  жаңа  жүйенің  қыр-сырын  түгел 

меңгермей,  бала  дамуының  мәселелерін  түгелімен  меңгере  алмайды. 

Сондықтан да, білімнің жаңа үлгісі өзіне  сәйкес жаңа  мұғалімдерді  талап 

етеді.  Мұғалімдер  алдында  тұрған  негізгі  мәселелер  «Баланы  оқуға  қалай 

үйрету  керек?»  «Ойлауға  қалай  үйрету  керек?»  «Қалай  өз  өмірінің 

менеджері болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім 

нәрін беруге бағытталып отыр. 12 жылдық білім жүйесіне көшуде мектеп 

алдында  негізігі  үш  бағытты  басшылыққа  алады.  Олар:  бірінші  бағыты  - 

оқушының жеке қабілетін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту, 

екінші  бағыты  -  оқушының  потенциалдық  мүмкіндіктерін  есепке  ала 

отырып  жеке  даралық  бағытта  оқыту,  үшінші  бағыты  -  ішкі 

қажеттіліктерді  есепке  ала  отырып  жеке  даралық  бағытта  оқыту.  12 

жылдық білім жүйесі бойынша бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім 

негізгі үш компонентпен таныс болуы тиіс. Олар: инварианттық компонент 

профильдік компонент,  тұлғалық компонент.  

Мұғалім  үшін  кәсіби  шеберлікке  жету  бір  күнде  пайда  болатын 

дүние емес, өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап етеді 

 

 

 



 

 



Қажыбекова Назгүл 

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің  

41 «Ә» топ студенті  

  

Менің курста үйренгенім 

 

Курста қызық мәліметтер мен қажетті ақпараттар берілді. Күн сайын жаңа, 



тың  дүниелерді  біліп,  білімімді  кеңейте  түсуге  талпындым.  Болашақта  өз 

қажеттілігіме  жарататынымды  түсініп,  толық  меңгердім.  Маған  әр  түрлі  әдіс-

тәсілдерді  теориялық  тұрғыдан  қарағанда,  тәжірибе  жұмысын  жасап  курс 

барысында бірлесе жасағанымыз тиімді болды. Себебі, біз тек біліп қана қоймай, 

ойымызда сақтап, нәтиже шығара алдық.  

Курс  барысында  бүкіл  сыныппен  талқылау  және  шағын  топтармен 

талқылау  түрлерін  меңгердім.  Талқылау  барысында  қандай  стратегияларды 

пайдалануды  қажеттігін  білдім.  Маған  «миға  шабуыл»  стратегиясы  тиімді  әрі 

пайдалы  көрінді.  Мен  оны  өз  іс  тәжірибемде  міндетті  түрде  қолданамын.  Сын 

тұрғысынан  ойлауға  берілген  анықтамалармен  танысып,  негізгі  қажетті  деген 

мәліметтерді  түртіп  алдым.  Сонымен  қатар  сыныптағы  түрлі  әңгімелерді 

ұйымдастыру  туралы  толық  мағлұмат  алдым.  Әңгімені  оқушылардың  түсіну 

дәрежесін, өз ойынша ауызша баяндауын, жазбаша кері байланыс жасауын және 

соған  бағыттауын  түсіндім.  Менің  есімді  ерекше  қалғандардың  бірі  - 

мұғалімдердің жауап алудағы кейбір жиі кездесетін қателіктерін толық талқылау 

жасауымыз  болды.  Талдау  барысында  кеткен  қателіктерді  жібермеуді  қатаң 

түрде ескердік.  

Бүгінгі  таңда  оқыту  үрдісі  жаңа  әдіс-тәсілдерді,  жаңаша  идеяларды 

қолдануды  талап  етеді.  Ол  заман  көшіне  ілесу  үшін  өз  білімімді  жетілдіру 

жолдарын қарастырудамын. Оқушылар өз пікірлерін, көзқарастарын еркін және 

ерікті  түрде  білдірсе  екен  деп  ойлаймын.  Тек  білдіру  емес,  сонымен  бірге    өз 

пікірлерін  дәлелдей  алатын  және  оны  іс  жүзіне  асыра  алатын  тұлға  болып 

қалыптаса  алса,  онда  мұғалімнің  биік  мақсатқа  қол  жеткізгені.  Жаңа 

бағдарламаны  меңгеру  барысында  ерекше  есте  қалған  мына  әдіс-тәсілдер 

сабақтың  тиімді  өтуіне,  оқушы  бойында  қажетті  4  дағдыны  (тыңдалым, 

айтылым,  жазылым,  оқылым)  қалыптастыруға  ықпал  ететіні  сөзсіз.  «Ыстық 

орындық»,  «5  қадам»,  «Джигсо  әдісі»,  «Кері  байланыс»  және  сабақ  үстінде 

оқушыларды  әртүрлі  тәсілмен  топқа  бөлу  түрлерін  білдік.  Жаңартылған 

бағдарламалармен танысып, әрбіреуіне тоқталып, жүйелей зерттеу жасап, жұмыс 

жасадық.  45  минуттың  ішінде  бірнеше  әдіс-тәсілдерді,  стратегияларды 

пайдаланып,  сабақ    өткізу  мұғалім  мен  оқушы  үшін  де  тиімді.  Оқушылар  бір 

жағынан  ізденеді,  оқуға  талпынады,  өзін-өзі  көрсетуге  мүмкіндік  алады,  сөздік 

қорларын байытады және шығармашылық жағынан да  көрінеді.  

 

Курс  аясында  білімімізді  одан  әрі  шыңдай  түстік,  әр  сабақ  тартымды, 



қызықты  өтті.  Өте  көп  жаңалық,  білім  алдық.  Надан  жұрттың    күні  -  қараң, 

келешегі  -  тұман»  деген  сөздерімен  аяқтағым  келеді.  ХХІ  ғасыр  –  білім  мен 

ғылым  ғасыры.  Мақсатты  білім  беру  –  тұлға  дамуын  жүзеге  асыратын

  мәселе. 

Ал  жаңа  стандартқа  сай  жаңа  білім  беру  –  жеке  тұлғаның  жан-жақты  дамуына 

әкелетін бірден-бір жол! 

 



жүктеу 266,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау