Білім беру бағдарламасы «Жаңартылған білім беру жүйесінің ерекшелігі неде?»



жүктеу 266,22 Kb.
Pdf просмотр
бет2/8
Дата30.05.2018
өлшемі266,22 Kb.
#18489
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

Ахметқали Еңлік  

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің  

41 «Ә» топ студенті  

 

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу 



 

Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, 

ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында. 

Н.Ә.Назарбаев 

 

Біз  24.04-12.05.2017  ж.  аралығында  жаңа  бағдарлама  бойынша  36 

сағат курстан өттік. Курстың басында бізге ақпараттарды қабылдау қиынға 

соқты, себебі күрделі болды. Бірақ әрбір сабақтарда белсенді қатысып, әр 

түрлі  әдіс-тәсілдер  қолданғандықтан,  біздің  қызығушылығымыз  артты. 

Курсқа келген сайын жаңа, тың дүниелерді біліп, білімімді кеңейте түсуге 

талпындым.  Болашақта  өз  қажеттілігіме  жарататынымды  түсініп,  толық 

меңгердім. Маған әр түрлі  әдіс-тәсілдерді теориялық тұрғыдан қарағанда, 

тәжірибе  жұмысын  жасап  курс  барысында  өзіміз  бірлесе  жасағанымыз 

тиімді болды. Себебі, біз тек біліп қана қоймай, ойымызда сақтап, нәтиже 

шығара алдық.                    

Курстың  бірінші  күні  12  жылдық  білім  берудің  маңызын, 

ерекшелігін, тиімділігі талданды. Спиральдық қағидаттың анықтамасымен 

танысқанда  маған  түсініксіз  болды.  Бірақ  практикалық  жұмыс  жасағанда 

бірден  түсіндім.  Ең  бастысы,  нормативтік  құжаттармен  (бағдарлама, 

стандарт,  оқу  жоспары)  жұмыс  жасап,  оларды  сипаттап,  салыстырдық 

және  топтың  алдында  постер  қорғап  бір-бірімізге  түсіндірдік.  Әрбір 

сабақта  жетекшіміз  топқа  бөлудің  әртүрлі  қызықты  әдіс-тәсілдерін 

көрсетіп  топтарға  бөлді.  Мысалы,  балмұздақтың  таяқшаларын  түрлі 

түстерге  бояп  атымызды  жазып  қойдық.  Сол  бойынша  топтың  алдына 

қорғауға  шығатын  оқушыны  белгілеп  отырды.  Бізге  бұл  топқа  бөлу  өте 

қызықты  болды.  Кубикпен  топтың  ретін  анықтады.  Ары  қарай  әр  сабақ 

сайын  өзіміз  топқа бөлудің  түрлерін  іздестіріп,  соны  орындадық.  Бағалау 

критерий бойынша оқушының білімге деген ынтасын арттыруға болатын, 

оқушыға тек ізгі қарым-қатынаспен қарап, «Қатесін тап, ойлан» сияқты сөз 

тіркестерін  қолдануды  үйрендім.  Критериалды  бағалау  арқылы  оқушы 

өзінің білімінің деңгейі қай сатыда тұрғанын біліп, жоғары деңгейге жету 

үшін қандай жұмыс жасау қажеттігін ұғынады. Ал ата-аналар критериалды 

бағалау  арқылы  өз  баласының  нақ  білім  деңгейін  біліп,  баласына  қолдау 

көрсетіп,  қадағалайды.  Критериалды  бағалау  қалыптастырушы,  жиынтық 

болып  екіге  бөлінетіндігін,  қалыптастырушы  бағалау  өз  ішінде  өзара 

бағалау,  өзін-өзі  бағалау  болып  бөлініп,  күнделікті  жүргізіліп,  баллдық 

көрсеткішпен  бағаланып,  жиынтық  бағалау  бөлім  бойынша,  тоқсан 

бойынша және жылдың соңында жүргізілетінін білдім. 




Математика пәні бағдарламасына талдау жасап, біз өзімізге ұнайтын 

жемістердің  суретін  стикерге  салып  оны  кестеге  орналастырдық.  Сол 

арқылы біз "пиктограмма" тақырыбын меңгертуді үйрендік. Ол 1-сыныпта 

жүргізіледі.  Ал  "гистограмма"  тақырыбы  2-сыныпта  жүргізіледі. 

Математика  пәнінен  оқу  жоспарын  талдағанда  2  жаңа  терминмен 

таныстық.  Ол  терминдерді  жоспардан  өзіміз  іздедік.  Олар:  "Кэролл 

диаграммасы"  және  "Геогебра".  Кэролл  диаграммасы  -  заттарды 

ұқсастығына  қарай  топтастыру.  Геогебра  -  арнайы  бағдарлама  арқылы 

әртүрлі  геометриялық  пішіндерді  салу.  Практикалық  жұмыс  кезінде 

қарапайым және анағұрлым күрделі Кэролл диаграммасымен тапсырмалар 

орындадық. "Double, bouble" әдісі арқылы стандарт пен оқу бағдарламасын 

салыстырдық.  Бұл  әдістің  "Венн"диаграммасынан  өзгеше  және  тиімді 

екенін байқадық.  

 

        



 

 

 



                                           

 

 



Біз  фотосуреттегі  бұл  тапсырманы  «Зерттеуші»,  «Бақылаушы», 

«Тыңдаушы»  рөлінде  болып  бірлесіп  орындадық.  Маған  ең  ұнағаны  "Екі 

жұлдыз, бір тілек" әдісі. Онда стикерге 2 адамға жұлдыз сыйлайсың және 

оның сыйлау себебін айтасың, 1 адамға ұсыныс жазасың. Ол бір-бірімізді 

бағалаудың тиімді түрі болды. Осы курста жаңа білім жүйесін, жаңа әдіс-

тәсілдер  туралы  аз  уақыттың  ішінде  тәжірибе  біршама  жинадық. 

Болашақта үйренгенімізді өзіміздің іс-тәжірибемізде қолданамыз.    



Бекенова Аймара 

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің  

41 «Ә» топ студенті  

 

          Бұл заман білекке сенетін емес,                                                                     



білімге сенетін заман. 

                                                                                               Н.Назарбаев 

 

12 жылдық білім берудің маңызы 

 

   


Курсқа алғаш келген күннен бастап, көптеген сұраққа жауап алдым. 

Жаңартылған  білім  беру  мазмұнының  ерекшеліктерімен  таныстым.  Осы 

курсты оқу барысында сабақты жаңа мазмұнда ұйымдастыру үшін дәрістер 

тыңдап, 


жаңартылған 

бағдарламаның 

мақсат-міндетін 

түсіндім. 

Критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрендім. 

    


Курс барысында тек 1-сынып пәндері бойынша жаңа бағдарламаның 

мазмұнымен танысып қоймай, тәжірибе жүзінде талдап, түрлі тапсырмалар 

мен  жаттығулар  орындадық.  Оқу  бағдарламасы,  оқу  жоспары  және 

қалыптастырушы бағалауға арналған нұсқаулық, тапсырмалар жинағымен 

танысып жұмыс жасадық. Мұндағы оқу бағдарламасының ерекшелігі оның 

оқушыда ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында. 

     

Жаңа бағдарламаны меңгеру барысында біз танысқан көптеген әдіс-



тәсілдер  сабақтың  тиімді  өтуіне,  оқушы  бойында  қажетті  4  дағдыны 

қалыптастыруға ықпал ететіне көзім жетті.  

Курстан  өте  көп  жаңалық,  білім  алдық.  Білімге  деген,  ұстаз  болуға 

деген құштарлығымыз артты. Алдыңғы білімді өткен біліммен салыстыра, 

ұштастыра  отырып,  түсінбегенімізді  қайта  сұрап,  кері  байланыс  жасап 

отырдық. Курс аясында әр сабақ қызықты өтті.  

       Жаңа  білім  беру  бағдарламасы  -  жеке  тұлғаның  жан-жақты  дамуына 

әкелетін бірден-бір жол деп есептеймін. 

 

 

 



 

 

 



 


жүктеу 266,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау