Бағдарламасын іске асыратын білім беру мекемелерінің оқыту үрдісінде оқу құралы ретінде қолдануға ұсынылады



жүктеу 2,59 Kb.
Pdf просмотр
бет7/110
Дата29.05.2018
өлшемі2,59 Kb.
#18395
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   110

19 
 
 
1.16-сурет. Электрондық хатшы 
 
1.17-сурет. Смартфон 
PDA  компьютері  деп  тек  үлкен  ескертумен  атауға  болады:  кейде  бұл 
құрылғыларды  жоғары  портативті  компьютерлер  санатына,  кейде 
«зияткерлі»  калькуляторлар  санатына  жатқызады,  басқалары  бұл 
кеңейтілген мүмкіндіктеріді органайзер деп санайды.  
Электрондық  қойын  дәптерлер  (ағылшын  тілінен  organizer  — 
«ұйымдастырушы»)  —  портативті  компьютерлердің  «ең  жеңіл  санатына» 
жатады  (олардың  салмағы  200  г  аспайды).  Органайзерлердің  қажетті 
ақпаратты  жазуға  және  оны  кіріктірілген  мәтіндік  редактор  көмегімен 
түзетуге  болатын  сыйымды  жады  бар;  жадында  іскерлік  хаттарды, 
келісімдердің,  келісімшарттардың  мәтіндерін,  күн  тәртібі  мен  іскерлік 
кездесулерді  сақтауға  болады.  Органайзерге  маңызды  оқиғалар  туралы 
еске  салып  отыратын  ішкі  таймер  кіріктірілген.  Ақпаратқа  қойылатын 
қолжетімділік  құпия  сөзбен  қорғалған  бола  алады.  Органайзерлерді 
бірнеше 
сөздіктері 
бар 
кіріктірілген 
аудармашымен 
жиі 
жабдықтандырады.  
Ақпаратты  шығару  шағын  монохромдық  сұйықкристалды  дисплейге 
шығарылады. Қуатты аз тұтынудың арқасында аккумулятордан алынатын 
қорек бес жылға дейін ақпаратты қайта зарядтаусыз қамтамасыз етеді.  
Смартфон  (ағылшын  тілінен  smartphone)  —  өзінде  ұялы  телефон, 
электрондық қойын дәптер және Интернетке мобильдік қолжетімділігі бар 
цифрлық  фотокинокамераларды  қамтитын  жинақы  құрылғы  (1.17-сурет). 
Смартфонның  жедел  жады,  тұрақты  есте  сақтайтын  құрылғысы  бар; 
Интернетке шығу ұялы байланыс каналдары бойынша жүзеге асырылады. 
Интернетке шығыс қызметін қамтитын жинақы құрылғы. Фотосуреттердің 
сапалары жоғары емес, бірақ та Интернетте пайдалану және электрондық  


пошта  бойынша  фотосуреттер  және  электрондық  пошта  бойынша  жіберу  
үшін жеткілікті. Видеожазбаның уақыты  – шамамен 15 с. Смарт-карталар 
үшін  кіріктірілген  жинақтауышы  бар.  Батареясының  қуаты  100  сағаттық 
жұмыс үшін жетеді. Салмағы 150 г. Өте қолайлы және пайдалы құрылғы, 
дегенмен оның құны жақсы үстел компьютерінің құнымен өлшемді. 
 
Бақылау сұрақтар 
1. Электрондық  есептеу  машинасының  пайда  болуына  әсер  еткен 
құрылғыларды  хронологиялық  тәртіппен  атап  өтіңіз  және  құрылғыларға 
қысқаша сипаттама беріңіз.  
2. Қандай  ғылымдардың  аттары  есептеуіш  техникалардың  тарихымен 
үздіксіз байланыста.  
3. Қандай  құрылғы  электромеханикалық  машиналарды  құруға  қор 
болып табылды? 
4.  Бірінші электрондық-есептеуіш машинасы қалай аталды? 
5. Бірінші 
есептеу  машиналарын  қолдану  саласының  негізгі 
аумақтарын атаңыз. 
6. Электрондық-есептеуіш  техникаларды  дамыту  кезеңдерін  қысқаша 
сипатта.  
7. ЭЕМ I, II, III және IV буындарының элементтік қоры;  
8. Қандай негіздермен ЭЕМ жіктеуін жүргізуге болады?  
9. Мобильдік  компьютердің  негізгі  сипаттамаларын  атаңыз.  Сізге 
басқа қандай мобильдік құрылғылар белгілі? 
10.  Ноутбук санатының ДК тән ерекшеліктерін атаңыз. 


21 
 
2 -
Т А Р А У  
АППАРАТТЫҚ ҚҰРАЛДАР 
IBM-үйлесімді  компьютер  құрамында  төрт  негізгі  компонентті  бөлуге 
болады:  жүйелік  блок,  монитор,  пернетақта  және  тінтуір  (2.1-сурет). 
Жүйелік  блокта  барлық  негізгі  құрылғылар  мен  компьютердің  түйіндері 
орналасады:  қорек  блогы,  аналық  (жүйелік)  тақта,  магниттік  және 
оптикалық  дисктердегі  жинақтағыштар.  Монитор  (немесе  дисплей) 
видеоақпаратты  бейнелеу  арналған  және  ақпаратты  енгізудің  стандартты 
құрылғыларына  жатады.  Пернетақта  компьютерге  әріптік-цифрлық 
ақпаратты  енгізуге,  ағымдағы  терезенің  күйін  басқаруға  немесе  арнайы 
басқарушы  дыбыстарды  енгізуге  мүмкіндік  беретін  ақпаратты  енгізудің 
стандартты құрылғысы болып табылады. Тінтуір олардың мәзірінен сәйкес 
тармақтарды  таңдау  жолымен  бағдарламаларды  басқару  арналған. 
Тінтуірмен  экрандық  объектілермен  жұмыс  жасауға  –  олардың  пішінін, 
орналасуын өзгертуге және т.б. болады. Қазіргі уақытта 
 
2.1-сурет. Дербес компьютер 


22 
 
тінтуірдің  қызметтері  анағұрлым  кеңейтіліп  жатыр:  егер  бұрын  ол  тек 
қосымша құрылғы болса, онда қазір өзіне барлық басқарушы қызметтерді 
алды.  
Аталған құрылғылар дербес компьютердің негізгі жинақтауына кіреді. 
Олардан  басқа  ДК  аппараттық  қамсыздандыру  құрамына  әдетте  принтер 
және сканер сияқты осындай құрылғылар қосылады. 
2.1. 
ЖҮЙЕЛІК БЛОК 
Жүйелік  блок  келесі  негізгі  компоненттерден:  қорек  блогы  бар 
корпустан, аналық (жүйелік) тақташадан, дискілі жинақтауыштар, жүйелік 
блок  және  басқару  органының  құрылғыларын  байланыстыруға  арналған 
кабельдерден тұрады. 
2.1.1. 
Корпус 
Құрылымдық  ДК  корпусы  бұранданың  түбінде  алдыңғы,  бүйір  және 
артқы  панельдер  тіркелген,  бөлшектенбейтін  тікбұрышты  қатты  металл 
жақтауды  (шассиді)  түрінде  болады.  ДК  алдыңғы  панелін  пластмассалы 
сәндік фальшпанель жабады. Жақтауда 3,5 дюймдік және 5,25 дюймдік — 
екі  типті  мөлшерлердің  дискілі  жинақтауыштары  үшін  бокстар 
орнатылған. Олардың саны компьютердің тағайындалуы мен корпусының 
түріне  байланысты  түрленуі  мүмкін.  Көп  жағдайда  жалпы  мақсаттағы 
компьютерлер  иілгіш  магниттік  дисктердегі  жинақтауыштарды,  ZIP 
дискжетектері  немесе  осы  өлшемі  бар  басқа  құрылғыларды  орнатуға 
арналған  3,5  дюймдік  жинақтауыш  өлшемдері  үшін  екі  бокстармен 
жабдықталған.  Бұдан  басқа,  әрбір  ДК  қатты  магнитті  дискіде 
жинақтауыштарды  орналастыру  үшін  3,5  дюйм  бойынша  бір-екі  ішкі 
бокстары  бар.  5,25  дюймдік  типті  мөлшерінің  бокстары  оптикалық 
дисктерде  (CD,  DVD)  жинақтауыштарды  орнату  үшін  қызмет  етеді, 
сондай-ақ  3,5  дюймдік  қосымша  алмалы  құрылғылар  үшін  де  қызмет  ете 
алады  (Mobile  Rack  типті).  Корпусты  үстінен  және  бүйірінен  әдетте 
бірнеше  бұрандалармен  бекітілетін  металл  немесе  пластмассалы 
қаптамалар  жабады,  ол  оны  шешу  мен  орнатуын  жеңілдетеді.  Жақтауда 
сондай-ақ  аналық  тақшаны  бекітуге  арналған  орнатқыш  орындар 
орналасады.  
Корпустың  әртүрлі  типтері  мен  мөлшерлерінің  жүйелік  тақталарымен 
үйлесімдігі,  қорек  блогының  орналасуы,  аналық  тақшадағы  кеңейту 
слоттары  және  ДК  корпусының  басқа  ерекшеліктерін  форм-фактор 
анықтайды. Кеңселік және  үй компьютерлеріне ерекшеліктерге  АТ форм-
факторы, әсіресе оның babe-AT бүр түрі жатады. 


жүктеу 2,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   110




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау