10
ІІ
буынның
транзисторлық
машиналары ЭЕМ алды.
Компьютерлердің ІІІ буыны.
1959 жылы Техаs Instruments
фирмасының
инженерлері
бірнеше транзисторлар мен басқа
элементтерді бір негізге (немесе
төсемге) орналастыру тәсілі мен
осы
транзисторларды
өткізгіштерді
пайдаланусыз
байланыстыруды әзірледі.
1.8-сурет.
БЭСМ-6
Осылай интегралды сұлба (ИС, немесе чип) туындады. Бірінші
интегралды сұлбада тек алты транзистор болды. Бұдан былай
компьютерлер біріктірудің шағын деңгейінің интегралды сұлбалары
негізінде жобаланды. Өзіне жадыны, енгізу-шығару құрылғылары мен
басқа қорларды басқару тапсырмаларын алатын операциялық жүйелер
пайда болды.
IBM 1964 жылы сәуірде System 360 — әмбебап бағдарламалық-
бірлескен компьютерлер мен перифериялық құрылғылардың бірінші
отбасын анонстады. System 360 тобының элементтік қоры ретінде
гибридті микросұлбалар таңдалған болатын, олардың арқасында жаңа
үлгілерді ІІІ буынның машиналары деп есептей бастады (1.9-сурет).
System 360 отбасын құру кезінде IBM өзіне соңғы рет алдыңғысымен
үйлеспейтін компьютерлерді шығаруға мүмкіндік берді. Осы буын
компьютерлерінің үнемділігі, әмбебаптығы және шағын габариттері –
оларды қолдану саласын тез кеңейтті – басқару, деректерді жіберу,
ғылыми тәжірибелерді автоматтандыру және басқалар. Осы буынның
аясында 1971 жылы Intel фирмасының микрокалкуляторларды құру
жұмысының күтпеген нәтижесі ретінде бірінші микропроцессор
әзірленген болатын. (Айтпақшы,
микрокалькуляторлар
біздің
ортамызда
өздерінің
«қандас
бауырлары»
-
дербес
компьютерлермен жақсы үйлесіп
жатқандығын ескереміз).
Компьютерлердің ІV буыны.
Есептеуіш техникаларын дамытуда
бұл кезең үлкен және өте үлкен
интегралды
микросұлбаларды
әзірлеумен байланысты. IV буынның
360
компьютерлерінде
бірнеше
мегабайт сыйымдылығы бар
1.9-сурет. ЭЕМ III буынның
IBM 360
1.9-сурет.
IBM 360 буындағы
ЭЕМ III
11
интегралды сұлбаларда жадының тез әрекетті
жүйелері пайдаланыла бастады.
Intel 8004 төрт разрядты
микропроцессор 1971 жылы
әзірленген
болатын.
Келесі
жылы сегіз разрядты процессор
шығарылған болатын, ал 1973
жылы Intel фирмасы 8008
қарағанда 10 есе тезірек және 64
Кбайт жадыны жібере алатын
8080 процессорын шығарды.
Бұл
заманауи
дербес
компьютерлерді
құруға
қойылатын жолдағы маңызды
қадамның бірі болды. IBM
фирмасы өзінің бірінші дербес
компьютерін
1975
жылы
шығарды.
5100 үлгісінде 16 Кбайт жады, кіріктірілген BASIC тілін түсіндіруші
және алмастырушы құрылғы ретінде пайдаланылған кіріктірілген
кассеталы таспа тартқыш тетігі бар. IBM PC дебюті 1981 жылы болды.
Осы күні жаңа стандарт компьютерлік индустрияда өзінің орынын
алды. Осы отбасы үшін әртүрлі бағдарламалардың үлкен саны жазылған
болатын. Жаңа түрленім «кеңейтілген» (IBM PC-XT) атауын алды (1.10-
сурет).
Өндірушілер ақпаратты жинақтаушы ретінде магнитофонды
пайдаланудан бас тартты, иілгіш дисктер үшін екінші жетек қосты, ал
деректер мен бағдарламаларды сақтау үшін негізгі құрылғы ретінде 20
МБ сыйымдылығы бар қатты диск пайдаланылды. Үлгі Intel 8088 –
микропроцессорын
пайдалануға
негізделді.
Микропроцессорлы
техниканы әзірлеу мен өндіру саласында табиғи прогресс салдарынан
IBM тұрақты серіктесі – Intel фирмасы – Intel 80286 процессорларының
жаңа сериясының өнімін меңгерді. Сәйкесінше, IBM PC жаңа үлгісі
пайда болды. Ол IBM PC-AT атауын алды. Келесі кезең – әлі біздің
кезімізде кездестіруге болатын Intel 80386 және Intel 80486
микропроцессорларын әзірлеу. Содан кейін бүгінгі таңда ең атақты
процессорлар болып табылатын Pentium процессорлары әзірленген
болатын.
Компьютерлердің V буыны. ХХ ғасырдың 90-жылдары
компьютерлердің техникалық сипаттамаларын арттыруға емес, олардың
«зияткерлігін», ашық сәулетіне және желіде біріктіру мүмкіндігіне
үлкен назар аударыла бастады. Назар деректер қорын, әзірлеуге,
пайдаланушымен жақын интерфейсті, ақпаратты ұсынудың графикалық
құралдарын әзірлеуге және макробағдарламалау құралдарын әзірлеуге
ерекшеленді.
1.10-сурет. ІВМ РС-ХТ дербес ЭЕМ
12
ЕТ құралдарын дамытудың осы кезеңінің нақты анықтамалары жоқ, себебі
осы сыныптама негізделетін элементтік қор бұрынғы қалпында қалды –
қазіргі уақытта шығарылатын компьютерлердің барлығын V буынға
жатқызуға болатыны түсінікті.
1.2.
КОМПЬЮТЕРЛЕРДІҢ СЫНЫПТАМАСЫ
Компьютерлер бірқатар көріністері бойынша, оның ішінде әрекет
қағидаты, тағайындалуы, есептеу үрдісін ұйымдастыру тәсілі,
мөлшерлері және есептеу қуаттылығы, функционалдық қызметтері
және т.б. бойынша жіктеле алады.
Әрекет қағидаты бойынша компьютерлерді екі үлкен санатқа
бөлуге болады: аналогтық және цифрлық.
А н а л о г т ы қ
к о м п ь ю т е р л е р
(аналогтық
есептеу
машиналары – АЕМ) – үздіксіз әрекеттің есептеу машиналары (1.11-
сурет). Олар аналогтық түрде ұсынылған ақпаратпен, яғни қандай-да
бір физикалық шаманың үздіксіз бірқатар мәндері түрінде жұмыс
істейді. Есептеу операциялары гидравликалық және пневматикалық
элементтер көмегімен орындалатын құрылғылар бар. Дегенмен
машиналық айнымалылары ретінде электр кернеулері мен тоқтары
қызмет ететін электрондық АЕМ анағұрлым кеңінен таралды.
АЕМ жұмысы әртүрлі табиғаттың үрдістерін сипаттайтын
заңдардың ортақтығына негізделген. Мысалы, тілшіктің тербелісі
тербелмелі контурдағы электрлік жолдар кедергісінің өзгеретін
заңдарға бағынады. Нақты тілшікті меңгерудің орынына, аналогтық
есептеу машинасында жүзеге асырылған үлгідегі оның тәртібін
меңгеруге болады. Бұдан басқа, бұл үлгіде сол заңдарға бағынатын
кейбір биологиялық және химиялық үрдістерді меңгеруге болады.
Осындай машиналардың негізгі элементтері осы немесе басқа
тапсырманың шарттарын бейнелейтін, араларында байланыстар
орнатыла алатын күшейткіштер,
кедергілер,
конденсаторлар
және индуктивтіліктің орауышы
болып
табылады.
Тапсырмаларды бағдарламалау
терім жолында элементтерді
теру
жолымен
жүзеге
асырылады. АЕМ логиканы
талап
етпейтін,
дифференциалды
теңдіктерді
қамтитын анағұрлым тиімді
математикалық
тапсырмалар
шешіледі.
..
1.11-сурет. Аналогтық есептеу
машинасы
Достарыңызбен бөлісу: |