30
Socket A, немесе Socket-462, AMD фирмасы процессорларының
көптеген үлгілері арналған. Сырттай Socket-370 ұқсас, бірақ онымен мүлде
үйлеспейді;
Socket-478 жалғағышы Pentium IV класының Intel процессорларын
орнату арналған.
Чипсет (ағылшын тілінен chipset). Бұл ОП өзара әрекеттесуіне жауап
беретін тақтаның компоненті (2.8-сурет). Ол әдетте солтүстік және
оңтүстік көпірлері деп аталатын екі микросұлбалардан тұрады (2.9-сурет).
Солтүстік көпір мөлшері бойынша үлкенірек және ОП қасында
орналасады. Ол процессордың жадымен өзара әрекеттесуіне, графикалық
Орталық
процессор
2.9-сурет. Чипсеттің солтүстік және оңтүстік көпірлері
31
шиналарды қолдау және т.б. Солтүстік көпір айтарлықтай көп жылу бөлуі
мүмкін, сондықтан оны салқындату үшін кейде радиатор орнатылады.
Оңтүстік көпірде әдетте перифериялық құрылғылардың, жергілікті
желілердің, USB шиналардың контроллерлері орналасады. Чипсеттің
үлгісіне тақтаның негізгі сипаттамалары тәуелді: қолдайтын процессорлар
және жады, жүйелік шинаның типі, сыртқы және ішкі құрылғыларды
қосуға арналған порттар, әртүрлі қосымша мүмкіндіктер, мысалы,
біріктірілген дыбыс немесе видеоадаптер. Бұл кеңейтудің қосымша
тақталарсыз қарауға мүмкіндік береді. Шынында, чипсетке біріктірілген
дыбыстық және графикалық ядролар әрдайым бай мүмкіндіктерімен
ерекшеленбейді, дегенмен кеңселік компьютерлер үшін бұл әбден
жеткілікті.
BIOS микросұлбасы (Basic Input Output System — енгізу-шығарудың
негізгі жүйесі). Қорегі арнайы аккумулятордан жүзеге асырылатын,
сонымен қатар жүйелік тақтада орналасатын энергияға тәуелсіз жады
болып табылады. Бұл микросұлба ДҚ қосылғаннан кейін оның басты
құрылғыларына тестілеу жүргізетін арнайы бағдарламаларды қамтиды. Ол
кескіндеу параметрлері мен жүйенің баптауларын сақтайды (CMOS Setup).
Бұл баптауларды қажет болған жағдайда өзгертуге болады, ол сауатты
пайдаланушыға өзінің жүйесінің кескіндемесін оңтайландыруға және оны
нақты тапсырмалар үшін күйге келтіруге мүмкіндік береді. Қажет болған
жағдайда сонымен қатар BIOS баптауларының құрамын анықтайтын
(BIOS қайта жасау деп аталатын) бағдарламаның өзін де өзгертуге болады.
Жадының модульдерін орнатуға арналған слоттар. Қазіргі уақытта
жады модулінің үш түрін кездестіруге болады: ескірген, бірақ та әлі де
айтарлықтай танымал SDRAM, Intel фирмасының заманауи RDRAM және
өте үмітті жады DDR SDRAM. Оларды тақтаға орнату үшін слоттардың
құрылымы ерекшеленеді, сондықтан олардың барлығы бір-бірімен
үйлеспейді. Жүйелік тақталарда әдетте жады модулін орнату үшін екі-үш
слоттар болады (2.10-сурет). Слоттағы, сондай-ақ модульдегі сияқты
байланыстар
олардың
қышқылдануын
төмендету
үшін
алтын
жалатылғандай жасайды. Слоттың құрылымы модульді ұяшықта ұстап
тұратын арнайы ысырманың болуын қарастырады. Модульді слоттан
шығарып алу үшін осы ысырмаларды шетке қарай жылжыту қажет.
К е ң е й т у т а қ т а л а р ы н о р н а т у ғ а а р н а л ғ а н с л о т т а р
(видеокарталар, ішкі модем, желілік карта және т.б.). Заманауи аналық
тақшаларда әдетте әртүрлі типтердің шиналарын орнатады: ISA, PCI және
AGP. Слоты әдетте қара түске боялған ISA шинасы ескірген, дегенмен
кейде аса жаңа емес компьютерлерде кездеседі, ал кейде ескірген, бірақ әлі
де айтарлықтай танымал кеңейту тақтасын пайдалану мүмкіндігін
қамтамасыз ету үшін тіпті жаңа жүйелік тақталарда да орнатылады. PCI
шинасының слоттары дыбыстық карта, видеоадаптер, желілік карта, ішкі
факс-модель және басқалар – кеңейту тақтасын орнату үшін
пайдаланылады.
32
2.10-сурет. Жадының слоттары
Әдетте
кеңселік
және
үй
компьютерлерінің
жүйелік
тақтасында бір AGP слоты, бес-алты
PCI слоттары және бір ISA болады.
Аналық тақтадағы барлық слоттар
әртүрлі түстерге боялған, ол оларда
әртүрлі құрылғыларды орнатуды
айтарлықтай жеңілдетеді.
Д и с к і л і
ж и н а қ т а у ы ш т а р д ы қ о с у ғ а
а р н а л ғ а н с л о т т а р
— FDD, HDD, CD-ROM (CD-R/W, DWD R/W). Дискілі жинақтауыштарды
жүйелік тақтаға қосу үшін бір басымен кеңейтудің сәйкес слотына
қойылатын , ал басқасымен жинақтауышпен байланысатын арнайы тегіс
кабель (шлейф) бар. Бұдан басқа, дискілі жинақтауыш пен шинаны
түйіндестіретін «контроллер» деп аталатын қосымша құрылғы қажет.
Контроллер әдетте жинақтауыштың электроникасына кіріктірілген болады
(мысалы, қатты диск) және құрылғының IDE интерфейсі бойынша
жергілікті желімен өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді (ATA — AT
Attachment). Кейде перифериялық құрылғылардың контроллерлері тікелей
микросұлбаның чипсетіне кіріктіріледі (біріктіріледі). Ол сондай-ақ
жүйелік тақтада жеке микросұлба ретінде орналаса алады.
Шина. Ақпарат (деректер) жүйелік тақтаның бір құрылғысынан
басқасына берілетін өткізгіштердің жинағы. Оны бір құрылғыдан
басқасына берілетін деректер бойынша жедел магистраль ретінде ұсынуға
болады.
1
2
3
4
5
6
11
10
9
8
7
2.11-сурет. Перифериялық құрылғылардың порттары:
1 — тінтуірді қосуға арналған PS/2 порты; 2 — 25-pin параллель порты; 3 — RJ-45
порты; 4 — сызықтық кірістің ұяшығы; 5 — сызықтық шығыстың ұяшығы; 6 — 5.1
акустикалық жүйелерді қосуға арналған ұяшық; 7 — микрофонды қосуға арналған
ұяшық; 8 — порты USB2; 9 — 9-pin жүйелі порты; 10 — сыртқы дыбыстық
құрылғыларды қосуға арналған ұяшық; 11 — пернетақтаны қосуға арналған PS/2
порты
Достарыңызбен бөлісу: |